Энергетикалық деңгейлер. Лабораториялық жұмыс №1. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Энергетикалық деңгейлер. Лабораториялық жұмыс №1. | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 8 | Қатысқандар саны: | қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.1.3.2 әр энергетикалық деңгейдегі электрондардың саны белгілі бір ең үлкен мәннен аспайтынын түсіну; 8.1.3.3 s және p-орбитальдарының пішінін білу; 8.1.3.4 алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясы мен электронды-графикалық формулаларын жаза білу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | - атом құрылысын және элементтің энергетикалық деңгейлерін біледі - электрондардың деңгейлерде орналасуын сипаттайды; - атомның электрондық қабаттарының үлгісін жасайды және электронды бұлттардың суретін салады; | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері: | Оқушымақсатқа жетеді, егер: - әр энергетикалық деңгейдегі электрондардың санын білсе; - s және p-орбитальдарының пішінін ажырата алса; - алғашқы 20 элементтің электрондық-графикалық формулаларын жаза алса; - s және p элементтерін ажырата алса. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар электрондардың энергетикалық деңгейлерде орналасуын ауызша сипаттайды және электрондық формулаларын дұрыс жазады. Тақырып бойынша арнайы лексика және терминология: атом, электрондық бұлт, энергетикалық деңгей, деңгейше, s ;2yt p орбиталь, ядро, топ, арақашықтық, ең жақын, ең алыс, ішкі, сыртқы, Тақырыптық сөздік:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 минут 3-4 минут |
Бүгінгі сабақта электрондардың атомдағы таралуын, s және p орбитальдардың электрондық және электронды-графикалық формулаларының түрлерін қарастырылады. Өткенді қайталау: Химиялық элемент дегеніміз не? Оқушылар атом элементтің қасиеттерін сақтайтын ең кішкентай бөлшегі екенін, олардан молекулалардың түзетіндігін еске түсіреді. - Атомның құрылысы қандай? Оқушылар атомның бөлшектерін еске түсіріп, оларға сипаттама береді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-10 минут 11-20 минут 20-30 минут \ 30-37 минут | Жаңа сабақ: Оқушылармен келесі сұрақтар талқыланады және әрбір жағдай түсіндіріледі. Атомдағы электрондардың орналасуы. Химиялық реакциялар кезінде атомдарда қандай өзгерістер орын алады деп ойлайсыңдар? Химиялық реакцияларда атомдардың ядроларында өзгерістер болмайды, атомдардың химиялық қасиеттері ең алдымен атомдардың электрондық қабаттарының құрылымына байланысты. Сондықтан атомдағы электрондардың таралуын егжей-тегжейлі қарастырамыз. Электрондар энергетикалық деңгейлерде қалай орналасады? Оқушылар осы сәтте өткен сабақтан белгілі атомдардағы электрондардың жай-күйін сипаттайды. Атомдағы электрондардың олар жұтатын немесе белгілі бір мөлшерде шағылыстыратын, кванттар деп аталатын әртүрлі энергия қоры бар екендігін атайды. Электрондық энергияның мәні тек бүтін мәндерді қабылдай алатын негізгі кванттық санымен берілетінін, осы энергетикалық деңгейлердегі максималды электрон сандарын анықтайтын формуланы атайды. Сосын әрбір қабаттағы сиятын электрондар санын атайды. Электрондық бұлт дегеніміз не? Электрондық бұлттың түрлері қандай? Бұл сұрақтың жауабын оқушылар білмейді. Сондықтан бұл сұрақтың жауабы оқушыларға түсіндіріледі. Яғни әр энергетикалық деңгей деңгейшеден тұратыны s, p, d, f орбитальдарының сипаттамасы айтылады. s – деңгейшедегі электрондар ядро айналасында қозғалғанда пішіні дөңгелек, нүкте секілді сфералық электрондық бұлт түзеді. p – деңгейшедегі электрондар көлденеңінен жатқан 8 саны секілді немесе гантель тәрізді электрондық бұлт түзеді. d – деңгейшедегі электрондар х және у осьтерінде орналасқан пішіні күрделі 5 электрондық бұлт түзеді. f – деңгейшедегі электрондар пішіні күрделі 7 электрондық бұлт түзеді. Бұл кезеңде тек қана s, p орбитальдарын ғана білу керек екендігі маңызды. Басқа электрон бұлттарының сипаттамасы жоғары сыныпта қарастырылады. Оқушылардың тақырыпты жақсы түсінуі үшін міндетті түрде атомдардың орбитальдарының суреті көрсетіледі. Содан соң оқушыларға электрондық және графикалық формуланы жазудың айырмашылығын түсіндіріледі. Түсіндіру барысында мысал ретінде тек сутек, гелий, литий және оттек элементтерінің атомдарындағы электрондардың орналасуы, электрондық конфигурациясы мысал ретінде көрсетіледі. Топтық жұмыс. Сынып бірнеше шағын топтарға бөлінеді. Сосын оқушылар шағын топтарда реттік нөмірі 4-18 болып келетін элементтердің электрондық конфигурациясын жазады. Әрбір топ дербес түрде элементтердің электронды-графикалық формулаларын ұсынады. Бұл деңгейде оқушылар өте көп қателесуі мүмкін, дегенмен келесі сабақта бұл қателіктер машықтану нәтижесінде жойылады
Бағалау: Оқушылар тақтаға осы тақырып бойынша жазған тапсырмаларын ілінеді. Оқушылар түсініктемелер береді және бір-бірінің жауаптарын сағат тілі бойынша белгілеп әр дұрыс конфигурация мен графикалық формулаға 1 балл береді. Бұл кезде мұғалімнің қолдауы жеткілікті, нақты бағалау келесі сабақта жеке жұмыс жасағанда берілетін болады. Лабораториялық жұмыс: Сынып 6 топқа бөлінеді. Әр топ зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін материалдар мен жабдықтарды өздері берілген заттардың ішінен таңдап алады.. Әрбір топ үшін элементтер: 1-топ – литий, натрий; 2-топ – берилий, магний; 3-топ – бор, алюминий; 4-топ – көміртек, кремний; 5-топ – азот, фосфор; 6-топ – оттек, күкірт. . гейлерді электрондардың орналасу моделін жасайды. Орындалған тапсырманы тексерген соңәрбір топ дайындалған атомдардың үлгілерін сыныпқа ұсынады. Оқушылардың жасаған жұмысы негізіндеқорытынды жасалады. Модел үлгісі келесідей болуы мүмкін: v Талқылау Сосын оқушлардантопқа берілген элементтердің қандай ұқсастықтарының бар екендігі сұралады. Оқушылар дұрыс жауап бергенше бағыттаушы сұрақтар беріледі. Оқушылар бұл элементтердің сыртқы электрон қабатындағы электрондардың бірдей екендігіне көңіл аударып, олардың бір топта орналасқандықтарын анықтаулары керек. Сонымен қатар электрондық қабаттар саны да анықталып, период нөміріне шығуы қадағаланады. Жасалған жұмыстарды мұғалім жинап алады және келесі сабақта олардың дұрыс орындалуы туралы кері байланыс береді. Үлгермеген жағдайда жұмыс үйге беріледі. | Орбиталдардың алдын-ала басылған толтыру үлгілері. Реагенттері бар ыдыс: Тәжірибелік жұмыс парағы түсті қағаздар, картон, маркер, түрлі-түсті қарындаштар, желім, моншақтар, сым, жіп, ине және қайшы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 минут | Сабақ қорытындысы сұрақтар қою арқылы жасалады.
Үй жұмысы: 1. Сабақтағы жазбаларды қайталау. 2. 19, 20 элементтердің электронды конфигурацияларын, электронды-графикалық формулаларын жазу. Рефлексия «Табыс баспалдағы»: Оқушылар өзінің қай баспалдақта тұрғанын анықтайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланысДенсаулық және қауіпсіздікАКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (оқу элементі) | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: Электрон бұлттарының формасын біледі; 1-20 элементтердің электрондық конфигурацияларын жаза алады; Оқушылардың көбісі: Электрондық-графикалық формулаларды жаза алады; Кейбір оқушылар: Электрондық онфигурациясының негізінде элементтердің периодтық жүйедегі орнын сипаттай алады. | Бұл сабақтағы бағалау үдерісі оқушылардың бірін-бірі бағалау негізінде және мұғалімнің қолдауы түрінде жүзеге асырылады. | Оқушылар зертханалық жұмысты жүргізу барысында қауіпсіздік шаралары аса қадағалануы керек. Себебі оқушылар инемен және қайшымен жұмыс жасайды. Топтық жұмысты жүргізу барысында оқушылардың бірін-бірі сыйлау құндылықтары дамиды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?