Энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелер. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Энергетикалық деңгейлер мен деңгейшелер. | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.1.3.2 электрон орбитальдарын толтыру үшін минимальді энергия принципі, Паули принципі, Хунд ережесін қолдану 10.1.3.3 s, p, d, f орбитальдарының пішінін ажырату 10.1.3.4 алғашқы 36 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын жазу | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||
Жетістік критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз - кәсіби ғылыми ұғымдарды сәйкес химиялық терминологияларды қолданып талқылау. Пәнге тән лексика мен терминология: деңгей, деңгейше, орбиталь, электронның айналуы, квант саны, электрондық конфигурация Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Мен алған нәтижелерімді … салыстырдым және олар … расталды / расталмады Менің өлшеулерімде ....туындаған қателіктер бар деп ойлаймын | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Адами қасиеті жоғары, досына қол ұшын беретін білімді азамат қалыптастыру. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика, геометрия, физика | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||||||||||
Бастапқы білім | 7.2А Атом құрылысы 8.1А Атомдардағы электрондар қозғалысы. 7.4С Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула. 8.3В Химиялық реакция энергетикасына кіріспе | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы | Оқушылармен сәлемдесу Оқушыларды түгендеу Оқушылармен ынтымақтастың атмосферасын құру. Шаттық шеңберін құру. Бір-біріне сәттілік тілеу. Сабақтың стартері: Реттік нөмірлері мынадай элементтердің атомдарындағы электрон, протон, нейтрон сандарын анықтаңдар:а) Z=12, магний Mgә) Z=16, күкірт Sб) Z=20, кальций Caв) Z=24, хром Cr. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы
| Өткен сабақты естеріне түсіру. Оқушыларға таратпа карточкалар таратылады немесе бір химиялық элементті таңдап алады. Периодтық жүйені қолдана отырып, таңдаған элементтерін сипаттайтын квант сандарын жазады. Бағалау критерийі:
(әр топ бірін-бірі бағалайды ) Жаңа сабаққа дайындық Элементті электрондық конфигурациясы немесе керісінше анықтауға болатын тапсырмаларды оқушыларға ұсынылады. Тапсырма:
___________________________________________ Оқушылар электрондардың, деңгей, деңгейше, орбитальдар бойынша орналасу реттілігін олардың толтыру заңдылықтарын түсіндіру Паули принципі бойынша әрбір орбитальда қарама қарсы спинді екі электрон ғана болуы мүмкін. Егер орбитальда бір электрон болса,онда ол жұптаспаған,, егер екеу болса, онда жұптасқан электрондар деп аталады. В.М. Клечковский ережесі бойынш электрондық деңгейшелердің толуы (n + l) қосындысының өсу реті бойынша, ал (n + l) қосындысы тең болғанда, n санының өсу реті бойынша жүзеге асады. Орбитальдарды электрондармен толтыру Гунд ережесіне бағынады: орбитальдағы электрондардың спин сандарының қосындысы максимал болуы шарт. Слайд және Видео (Ж) (Б) Оқушылардан кейбір элементтердің (алғашқы 36 элементтің) электронды-құрылымдық формуласын, ермексаздың көмегімен s-, p-, d-, f- орбитальдарды модельдерін, электрондардың орбитальдарда орналастыруы керек. Топтық жұмыс: Әр топ қарсы бір топқа химиялық элемент береді, химиялық элементтер қайталанбауы керек. Сол берілген химиялық элементтің электрон орбитальдарын толтыру үшін минимальді энергия принципі, Паули принципі, Хунд ережесін қолдануы жүзеге асқанын бақыланады және сол бойынша оқушылар тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. (әр топ өзара бағалайды) (Ж) Сергіту ретінде оқушыларға «Мен кіммін?» ойынын ойнауды ұсыну (Ж) Алғашқы 36 элементтің кез келгені үшін атомдардың электрондық конфигурациясы және олардың электронды-графикалық формулаларын жазуды оқушылардан сұрау. (Т) «Химиялық домино» ойынын қолдануға болады. (Кеспе қағаз дайындалады, кеспе қағаздың бір жартысына элементтің таңбасы, екінші жартысына басқа элементтің электрондық конфигурациясы жазылады). Кеспе қағаздар бірінші кеспе қағаздағы элемент таңбасымен соңғы кеспе қағаздағы элементтің электрондық конфигурациясымен сәйкес келетіндей дайындау қажет. Домино ойынының принципі қолдану | Орбитальдардың пішіндері диаграммалары бойынша пайдалы ресурстар: http://winter.group.shef.ac.uk/orbitron/AOs/3d/index.html http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/133a5ccb-734d-9fe6-5026-ffe680109d3d/1011313A.htm | |||||||||||
Сабақтың соңы | Үй тапсырмасы: 36 элементтің ішінен алты элемент Паули принципі мен Хунд ережесін пайдаланып толтыру Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||
С–бүкіл сыныпты оқыту әдісі
Т–топтық жұмыс
Жж–жұптық жұмыс
Ж–жеке жұмыс
Э–оқушы эксперименті
К–мұғалімнің көрсетілімі
М–мұғалімнің түсіндіруі
Б–бағалау
ҚТ–қауіпсіздік техникасы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру