Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсері. Биология, 11 сынып, презентация.


Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсері

О.М: 11.4.4.1 электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін түсіндіру

Бағалау критерийі:

электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін сипаттайды;

адам ағзасына зиян әсер ететін толқындарға мысал келтіреді;

электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасы үшін қолданысын біледі және түсіндіреді.

Дыбыс дегеніміз не?

Дене тербелгенде, айналасындағы ауаға тартылып, қайтадан кері шегінетіндіктен, ауаны сығу және босату арқылы тепе-теңдіктен шығарады. Бұл бірнеше рет қайталанатындықтан, толқынның ауада таралуына алып келеді. Ауа қысымының өзгерісінен пайда болған бұл толқындарды, қысым өзгерісі айтарлықтай үлкен болған жағдайда адам құлағы ести алады. Біз мұны дыбыс толқындары деп атаймыз. Олар сұйықтарда, қатты денелерде және газдарда тарала алады. Басқа толқындар секілді оларды да толқын ұзындығы және жиілігі бойынша сипаттаймыз. Әрбір жоғары қысым аймақтарының арасындағы қашықтық толқын ұзындығы, ал бір секунд ішінде нүктеден өткен толқын саны жиілік деп аталады. Бұл екеуінің көбейтіндісі толқынның бір секундта таралған қашықтығы: толқын жылдамдығына тең.

https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/waves-sound/202

Адамның есту диапазоны қандай?

Адам 20 герцтен (Гц) шамамен 20 000 Гц-ке дейінгі дыбыстарды ести алады. Жасымыз ұлғайған сайын, біздің жоғарғы жиілікті дыбыстарды есту қабілетіміз төмендейді. Иттер мен мысықтар жоғарғы жиілікті дыбыстарды ести алады; иттер 40 000 Гц-тен жоғары дыбыстарды ести алады, сондықтан иттерге естілетін, ал адамдарға естілмейін ысқырғыштарды қолдануға болады.

Ультрадыбыс 20000 гц-тен жоғары болады

Ультрадыбыс адамның жұмсақ ұлпасынан жақсы таралатынболғандықтан, рентген сәулелерңне қарағанда сиянсыз болғандықтан, магнитті-резонансты томографияға қарағанда қолданылуы қарапайым болғандықтан адамның ішкі мүшелерінің, әсіресе құрсақ бөлімдерін көруге кеңінен пайдаланылады.

Инфрадыбыс 20 гц-тен төмен болатын дыбыс.

британ зерттеушілері анықтағандай, инфрадыбыс

Аудиторияға әртүрлі және жағымсыз-қайғы,

тоңу сезімін, мазасыздық омыртқада діріл сезімін тудырады.

Электромагниттік спектр

Электромагниттік толқындар дегеніміз не?

Электрондар секілді зарядталған бөлшектер электр өрісімен қоршалады. Егер зарядталған бөлшектер жылдамдығын арттырса, электр өрісі өзгереді. Электр өрісінің бұл өзгерісі магнит өрісінің өзгерісіне алып келеді. Ал магнит өрісінің өзгерісі электр өрісін өзгертеді. Бұл процесс қайталанып, жоғары жылдамдықта қозғалатын толқындардың пайда болуына алып келеді. Олар электромагниттік толқындар деп аталады. Электромагниттік толқындар электрондардың тербеліс қозғалысы нәтижесінде пайда бола алады. Электронның әр секундтағы тербеліс саны әрбір секундта пайда болатын толқын санын анықтайды, бұл толқын жиілігі деп аталады. Толқындардың биіктіктерінің арасындағы қашықтық толқын ұзындығы деп аталады, ол толқын жиілігімен тығыз байланысты. Жоғары жиілікті толқындардың толқын ұзындығы қысқа. Кейбір толқындарды өзіміздің көзімізбен байқауға болады. Мұны біз көзге көрінетін жарық деп атаймыз. Біз көре алмайтын басқа да электромагниттік толқындар бар. Оларға радиотолқындар, микротолқындар, инфрақызыл, ультракүлгін, рентген және гамма сәулелер жатады.

https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/waves-em-spectrum/211

Радиотолқындар дегенеміз не?

Толқын энергиясы төмен болған сайын, жиілік төмен болады. Радиотолқындарда толқын энергиясы ең төмен. Олардың толқын ұзындығы ең үлкен, шамамен 30 см-ден жоғары. Егер электр тогы өткізгіш бойымен әрі-бері қозғалса, электрондар тербеліп, радиотолқындар пайда болады. Егер бұл толқындар басқа өткізгішке жетсе, онда олар сол өткізгіштегі электрондардың тербелісіне алыр келеді, нәтижесінде кішігірім электр тогы пайда болады. Бұл байланыста қолданылуы мүмкін.

https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/waves-em-spectrum/212

Егер электрондар радиотолқын түзуге қажетті жиіліктен жоғары жиілікте тербелсе, шамамен секундына 2 миллиард рет, онда мұндай тербеліс кезінде түзілетін толқындарды қысқа толқындар деп атайды. Дегенмен, электромагниттік спектрдің әр бөлігі секілді бұл екі толқын арасындағы нақты шекараны анықтау мүмкін емес. Микротолқындардың толқын ұзындығы 30 см-ден төмен және бірнеше миллиметрден жоғары. Радиотолқындар секілді микротолқындар да байланыста қолданылуы мүмкін. Микротолқындардың жиілігі радиотолқындардың жиілігіне қарағанда жоғарырақ болғандықтан, олар көп ақпарат тасымалдай алады, алайда оларды үлкен арақашықтықта қолдану қиын

Микротолқындар дегеніміз не?

https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/waves-em-spectrum/213

Инфрақызыл сәулелер дегеніміз не?

Толқын ұзындығы 0,3 мм-ден төмен және шамамен 0,007 мм-ден жоғары (7 мкм) толқындар инфрақызыл деп аталады. Көбіне қызған денелер көп мөлшерде инфрақызыл сәулелер бөледі. Күннен Жерге түсетін энергияның шамамен жартысы инфрақызыл сәуле түрінде болады. Молекулалардағы тербелетін атомның көбісі инфрақызыл сәулелер диапазонында орналасқан. Бұл жиіліктегі жарықты молекулалар жұтатындықтан, инфрақызыл сәулелерді үлгіде қандай молекулалардың бар екендігін анықтау үшін қолдануға болады. Бұл инфрақызыл спектроскопия деп аталады, және ол үлгінің инфрақызыл сәулелер диапазонындағы қай жиілікті жұтатындығына байланысты үлгіні анықтауға болатындығына негізделген.

https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/waves-em-spectrum/214

Ультракүлгін сәулелер дегеніміз не?

Толқын ұзындығы 0,4 мкм-ден қысқа және 0,01-ден ұзын электромагниттік толқындар ультракүлгін деп аталады. Олар еркін электрондардың атомдармен бірігуі арқылы алынады. Толқын ұзындықтары 0,4 мкм-ден 0,01-ге дейінгі толқын ұзындығына байланысты УК-A, УК-B және УК-C деп бөлінеді және олардың үшеуі де тері зақымына алып келуі мүмкін. Олардың ішіндегі УК-A-ның толқын ұзындығы ең жоғары және УК-B-мен салыстырғанда шыныдан өте алады. УК-В және УК-C УК-A-ға қарағанда өте қауіпті, олар ДНҚ-ны зақымдап, тері обырына алып келеді. Бұл сәулелерге жауап ретінде тері меланин пигментін түзеді: бұл пигмент терінің қараюына себепші. Ультракүлгін сәулелерінің шектен тыс мөлшерінің әсерінен жасушалар зақымдалып, тері күйеді. УК-C ең қауіпті болғанымен, оны Жер атмосферасында озон қабаты толығымен оқшаулайды.

https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/waves-em-spectrum/216

Рентген сәулелері дегенміз не?

Толқын ұзындығы 0,01-ден 10 нанометр (нм) аралығындағы толқындар ренген сәулелері деп аталады. Бұл толқындар төменгі энергетикалық деңгейдегі электрондардың бөлінуінен (үлкен жылдамдықтағы еркін электрон) түзіледі. Бұл аралық жоғарғы энергетикалық деңгейдегі жоғары энергиялы электронмен толтырылады. Бұл толқындардың жиілігі өте жоғары, эксагерцпен (1000 миллиард, миллиард Герц) өлшенеді. Жиілігі осындай жоғары электромагниттік толқындар электрондарды атомдардан ажыратып, оң зарядты ионға айналдыратын үлкен энергияға ие. Сол себепті рентген сәулелерін иондаушы сәулелердің бір формасы деп айта аламыз.

.

https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/waves-em-spectrum/217

Гамма сәулелер дегеніміз не?

Толқын ұзындықтары 0,01 нм-ден төмен электромагниттік толқындар гамма сәулелер деп аталады. Шындығында, гамма сәулелер мен рентген сәулелерінің арасындағы шекараны айқындау қиын, сондықтан кейде бірдей толқынды ұзындығы қысқа рентген сәулесі немесе толқын ұзындығы үлкен гамма сәулесі деп санауға болады. Сондықтан, толқындар шығу тегіне байланысты жіктеледі. Рентген сәулелері атомдағы электрондар арқылы шығарылғанымен, гамма сәулелері атом ядросынан бөлінеді, немесе материя мен антиматерия жойылғанда бөлінеді. Гамма сәулелерін оқшаулау өте қиын, көбіне оның әсерінен сақтану үшін қалың бетон немесе қорғасын қолданылады. Гамма сәулелер иондалған сәулелердің бір түрі болып табылады және ол ұлпаны зақымдай алады. Оның басқа түрлерге қарағанда, зияны аз, себебі оның кез келген заттан өту қабілеті оның адам денесінен де жұтылмай толық өтетіндігін білдіреді.

https://twig-bilim.kz/kz/learning-materials/waves-em-spectrum/218

Гамма сәулелер медицинада қалай қолданылады?

Гамма сәулелер адамға зиянды болғанымен және қатерлі ісікке шалдығуға ықпал еткенімен, қатерлі ісік жасушаларын жоятын сәулелік терапияда қолданылады. Гамма сәулелердің адам денесінен өтуі гамма сәлелерін шығаратын заттар детектор ретінде қолданылу мүмкін екендігін білдіреді. Гамма сәулелер шығаратын заттар іштей қабылданады. Гамма сәулелер ағза сыртынан анықталады және олардың таралымы айқын көрінеді, сол себепті олар зерттеу мақсатында түсірілімдер жасау үшін және диагностика үшін қолданылады.

https://www.youtube.com/watch?v=rRepnhXq33s

Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін зерттеу

І топ: дыбыс толқындарының адам ағзасына (жүйке, гуморальды, иммундық және жүрек-қан тамырлар жүйесіне) әсерін зерттеу.

ІІ топ: электромагниттік толқындардың адам ағзасына (жүйке, гуморальды, иммундық және жүрек-қан тамырлар жүйесіне) әсерін зерттеу.

ІІІ топ: дыбыс толқындарын(инфра-, ультрадыбыс) медицинада қолдануын зерттеу.

ІV топ: электромагниттік толқындарын(ультракүлгін, рентген, гамма сәулелері) медицинада қолдануын зерттеу.

Пайдаланылған ресурстар

https://twig-bilim.kz/kz/film/the-electromagnetic-spectrum

https://twig-bilim.kz/kz/film/beyond-human-hearing

https://www.youtube.com/watch?v=rRepnhXq33s

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D0%BD%D1%84%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%B2%D1%83%D0%BA



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу