Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсері. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биомедицина және биоинформатика

Мектеп: ФМБ

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 11

(Жаратылыстану-математика бағытында)

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

12.4.5.3 - электромагниттік және дыбыс толқындарының адам ағзасына әсерін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

  • адамның есту мүшелері арқылы өтетін дыбыс толқындарын сипаттау;
  • электромагнитті толқындардың адам ағзасына әсерін түсіндіру;
  • жүйке жүйесіне, гуморалды жүйеге, иммунды жүйеге және қанайналым жүйесіне толқындардың әсерін зерттеу

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • құлақтың негізгі бөлімдерін анықтайды;
  • дыбыс толқындарының құлақ арқылы қалай өтетінін анықтайды;
  • электромагниттік толқындардың адам ағзасына қалай әсер ететіндігін түсіндіреді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар: құлақтың әртүрлі бөліктерін белгілеп, әр бөліктің қызметін сипаттайды;

Құлақ қалай жұмыс істейтіндігін сипаттайды.

Лексика және терминология, пәндік терминдер: есту, сыртқы, орта, ішкі құлақ, құрылым, есту жүйкесі, есту жолы, ұлулы дене, құлақ сүйекшелері, құлақ қалқаны, жинау, дыбыс, қоршаған орта, бөлек, діріл, хабарлама, үлкейту, беру, анықтау, бағыттау, ретінде түсіндіру

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Электромагниттік толқындардың ұзақ мерзімді әсер етуі .......... себеп болуы мүмкін.

Ультрадыбыс …………………… диагноз қою үшін қолданылады.

Акустикалық ластану ………. антигенге әсер етуі мүмкін.

Құндылықтарды дарыту

Академиялық адалдық, ынтымақтастық мәдениеті, өмір бойы білім алу, өзін-өзі тану

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі: ғылыми терминдерді қолдану.

Электромагниттік, дыбыстық, жарық толқындары сияқты толқындардың түрлері туралы физикадан алынған білімі

Бастапқы білім

Биотехнология: 10 сынып

Жүйке жүйесі: 7-10 сыныптар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ақпарат көзі

Сабақтың басы

0-2

3-5

  • Сәлемдесу, сабақты ұйымдастыру сәті. Сабаққа қатыспаған оқушыларды тексеру.

Оқу мақсаты және сабақ мақсаттарымен таныстыру.

2. Сабақты сергіту сәтінен бастау.

«Толқын жаттығуы»

Оқушылардан иықпен кезек-кезек тұруды сұраңыз. Аяқтарының ұшын еденге сызылған сызыққа қою керек. Оқушыларға нақты нұсқаулар беріңіз:

Сол иығыңызға жақын тұрған адам қозғалғаннан кейін ғана қозғала алсыз..

Аяғынызды орнынан қозғалтуға болмайды. Олар жабысып қалуы керек. Оқушылар ортада бөлшектерді алып жүреді. Оқушылар саяхаттамайды, бірақ энергия олар арқылы қозғалады.

Мұғалім “толқынды” бастайды. Әрбір толқынға энергия көзі қажет. Мұғалім -энергия беруші.

Тапсырма: кысқа толқын амплитудасын жасаңыз. Үлкен толқын амплитудасын жасаңыз.

3. Жаттығудан кейін оқушылардан келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:

Толқынның анықтамасы қандай?

Толқында не өзгереді?

Дыбыс толқынында амплитуда қандай сипаттама береді?

Power Point presentation

Slide

пайдалы сілтеме

сергіту сәтіне арналған

https://www.youtube.com/watch?v=kOkv8ynpppk

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

6-15

4. Кластерлік жұмыс

Алдыңғы тақырыпты қайталау үшін оқушыларға басқалармен жұмыс істеуге кеңес беріңіз:

.

  • Акустикалық мүшенің құрылымы және дыбысты қалай қабылдайтынымыз туралы белгілі бір мәлімет жазылған карта әр оқушыға таратылады. Ең дұрысы, әр оқушыға берілген картадағы ақпарат басқа оқушыларға берілген карталарда қайталанбауы керек.
  • Оқушылар өз карталарындағы мәліметтерді оқып шығып, оның мағынасын түсінетіндігіне көз жеткізеді.
  • Оқушылар қозғалады және сөйлемдерін басқа оқушылардың карточкаларымен салыстырады.
  • Егер екі оқушы мәлімдемелер арасында байланыс бар деп шешсе, олар кластер құрады.
  • Кластерге басқа оқушылар да қосыла алады, егер олардың мәліметтері кластердегі басқа мәлімдемелермен байланысты болса.
  • Олар кластерге атау беруі мүмкін. Мысалы: сыртқы құлақ, ортаңғы құлақ, ішкі құлақ.
  • Оқушылар кластерін таныстырып, олар не үшін топ құрғанын түсіндіре алады.
  • Оқушылар өз тұжырымдарын көрсетіп жатқанда негізгі нәтижелерді мұғалім тақтаға немесе флипчартқа жазуына болады.
  • Мұғалім қорытынды жасайды

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы

39-40

Бізге айтыныз. Активити

Оқушылар сабақтың негізгі идеясын түсіндіретін дыбыс (jingle) жазады

Үй жұмысы:

Оқушыларға «ЭМ толқындарының пайда болуы және оның зияны» тақырыбында қысқаша эссе жазу тапсырмасын беріңіз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация тапсырма бойынша, нәтиже бойынша, жеке қолдау арқылы, оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып оқу материалдары мен ресурстарын таңдау арқылы болуы мүмкін (Гарднердің бірнеше интеллект теориясы).

Неғұрлым қабілетті оқушылар қосымша жұмысты өткен емтихан жұмыстарынан немесе оқулықтардан алады.

Сабақ барысында қолданылатын ақпараттың парақшалар

Денсаулыққа ықпал ететін әдістер

Үзіліс және физикалық жаттығулар.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережелері.

АКТ: ойын ойнау үшін Интернетті пайдалану (ресурстардағы Нобель сыйлығы)

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу