Түрлердің алуантүрлілігі мен экожүйенің тұрақтылығы. Биология, 11 сынып, презентация.


Бөлім 11.4А Биосфера, экожүйе, популяция

Оқыту мақсаты

11.3.1.3 түрлердің алуантүрлілігі мен экожүйенің тұрақтылығы арасында байланысты орнату

Бағалау критерийлері

Терминдер мағынасын сипаттама бере алады;

қауымдастықтарды бір-бірімен салыстырып Симпсон индексінің негізінде, экожүйе тұрақтылығы туралы тұжырым жасайды;

түрлердің алуантүрлілігі мен экожүйенің тұрақтылығы арасында байланысты орната алады.

Терминдер

түр - биологиялық немесе экологиялық популяциялар түзетін, табиғи жағдайда бір-бірімен будандасуға қабілетті, морфофизиологиялық белгілері ұқсас және жалпы тұтас немесе жартылай таралу аймағын мекендейтін дарақтар жиынтығы.

популяция – белгілі бір аумақта тіршілік ететін және өзара шағылысып ұрпақ беретін бір түр дараларының жиынтығы

қауымдастық - белгілі бір аймақта кездесетін өсімдіктер мен жануарлар тобы, олардың бәрі бір-бірімен өзара әрекеттесуі.

экожүйе – абиотикалық факторлар мен тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.

биосфера – Жер бетіндегі тіршілік кабаты болып саналады, ең үлкен экожүйе болып табылады.

Түрлердің биоалуантүрлілік параметрлері

1) альфа-алуантүрлілік – бір қауымдастық ішіндегі түрлер алуантүрлілігі; нақты бір қуымдастықтағы, түрлердің санын санаумен анықталады, Симпсон индексімен басым түрлер мен біркелкілігін анықтайды;

2) бета - алуантүрлілік – екі қауымдастық арасындағы алуантүрлілік; биоалуантүрлілік индексін қолдануымен анықталады. (Симпсон индексі мысалында биоалуантүрлілік индексін салыстырады);

3) гамма - алуантүрлілік – аймақтық биом, континент, арал көлеміндегі алуантүрлілік.

1топ:

«биоалуантүрлілік» терминінің мағынасы;

су/жерүсті экожүйелерінің биоалуантүрлілігіне төнетін қауіп түрлері;

2-топ:

биоалуантүрлілікті сақтап қалудың негізгі себептері;

жойылу алдында тұрған түрлерді қорғау (қорықтар, кіші қорықтар, резерваттар, табиғи аймақтар мен тұқым қорлары);

3-топ:

- сырттан әкелінетін түрлердің санын бақылаудың себептерін түсіндіру ( мысалдар пайдалану);

- үкіметтік емес ұйымдардфң ролі, мысалы Бүкіләлемдік табиғат қоры (WWF), сондай-ақ жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенция (CITES), аймақтық және жаһандық деңгейлерде биоәртүрлілікті сақтау.

Топтық тапсырма:

Кері байланыс

Мен сабақта ......................................білдім

Мен әлі де түсінбедім ......................................

Менің ұсыныстарым........................................

 

Үйге тапсырма:

Биоалуантүрлілік және Экожүйе тақырыбына сөздік глоссарий құру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу