Түрлердің алуантүрлілігі мен экожүйенің тұрақтылығы. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


Бөлім: 11.4.A Биосфера, экожүйе, популяция

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

  • түрлердің алуантүрлілігі мен экожүйенің тұрақтылығы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаттары

11.3.1.3 түрлердің алуантүрлілігі мен экожүйенің тұрақтылығы арасында байланысты орнату

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

түрлердің алуантүрлілігі мен экожүйенің тұрақтылығы арасында байланысты орната алады.

Бағалау критерийлері

  • Терминдер мағынасына сипаттама бере алады;
  • түрлердің алуантүрлілігі мен экожүйенің тұрақтылығы арасында байланысты орната алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

экожүйе тұрақтылығы мен түрлердің алуан түрлілігі арасындағы байланысты ауызша түсіндіре алады.

Пайдалы лексика және терминология:

түр, экожүйе тұрақтылығы, эндемиктер, биоалуантүрлілік индексі, түрдің көптүрлілігі, қауымдастық, генетикалық алуантүрлілік, түрдің алуантүрлілігі, биоалуантүрлілік.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Түрдің көптүрлілігі …экожүйенің маңызды көрсеткіші болып табылады.

Қауымдастықтағы түрлердің біркелкі таралуы түрдің ... деп аталады.

Биоалуантүрлілік индексі биоалуантүрлілікті анықтау үшін қолданылады

Құндылықтарды

 дарыту

 

Тапсырмаларды орындау кезінде оқушыларды академиялық шынайылыққа үйрету.

Тірі ағзаларды зерттеуде экожүйелік индекстің маңызын түсіндіру.

Оқу процесінде ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Пәнаралық байланыстар

География, математика, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану: түсіндіру, видео материалдарды көрсету.

Интернеттен ақпарат зерттеу кезінде пайдалану үшін планшет/ноутбуктер пайдаланылады.

Бастапқы білім

Биосфера және экожүйе: 7, 9 сынып.

Қоректік тізбек: 7 сынып.

Биосфера, экожүйе, популяция: 8 сынып.

Эволюциялық даму және селекция негіздері: 10 сынып.

Ағзалардың алуан түрлілігі: 9-10 сынып.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Сабақтың ортасы

5-15 мин

15-25 мин

25-38 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру, сәлемдесу.

(Т) Оқушыларға терминдер жазылған таратпа материал жиынтығн беріңіз. Әр терминге анықтама беруін сұрау.

Оқытудың бұл тәсілі өтілген материалдарды қайталау мақсатында жүргізіледі. Оқушылар «түр», «популяция», «қауымдастық», «экожүйе», «биосфера» терминдеріне анықтама береді.

(Т) (ҚБ) Оқушыларға биоалуантүрлілік туралы бейнеролик қарауды және биоалуантүрлілікке әсер ететін факторлар мен олардың Жер бетінде сақталып қалуы жөнінде постер әзірлеуді тапсыру. Топтарға өзара бағалау жүргізуді ұсыну.

Әр топ мұғалімнің ұсынған тапсырманың 2 пунктімен жұмыс жасайды.

Топтарға арналған тапсырманың түрлері:

1-топ:

а) «биоалуантүрлілік» терминінің мағынасы;

б) су/жерүсті экожүйелерінің биоалуантүрлілігіне төнетін қауіп түрлері;

2-топ:

в) биоалуантүрлілікті сақтап қалудың негізгі себептері;

г) жойылу алдында тұрған түрлерді қорғау (қорықтар, кіші қорықтар, резерваттар, табиғи аймақтар мен тұқым қорлары);

3-топ:

д) сырттан әкелінетін түрлердің санын бақылаудың себептерін түсіндіру ( мысалдар пайдалану);

ж) үкіметтік емес ұйымдардфң ролі, мысалы Бүкіләлемдік табиғат қоры (WWF), сондай-ақ жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенция (CITES), аймақтық және жаһандық деңгейлерде биоәртүрлілікті сақтау.

(Т) (Жж) Оқушыларға бір қауымдастық ішіндегі түрлердің әртүрлілігін (альфа-алуантүрлілік) және екі қауымдастық арасындағы түрлердің әртүрлілігін анықтау бойынша (бета-алуантүрлілік) тапсырма орындауды ұсыну.

(ҚБ) Қалыптастырушы бағалау жұмысын орындау.

Өзара бағалау арқылы тексеру жүргізіп, оқушылар бір-біріне кері байланыс береді.

Биоалауантүрліліктің типтері:

http://www.biodiversity.ru/coastlearn/bio-rus/introduction.html

3 минуттық ролик

«Биоалуантүрлілік дегеніміз не»: https://www.youtube.com/watch?v=IkIEUqCj3XE

Түрлердің алуантүрлік типтері туралы ақпарат: http://koebcu.ru/id-3/id-8/id-6.pdf

Қажетті материалдар: А4, А3 қағазы, маркерлер.

Сабақтың

Соңы

38-40

Кері байланыс

Мен сабақта ......................................білдім

Мен әлі де түсінбедім ......................................

Менің ұсыныстарым........................................

Үйге тапсырма: Симпсон индексіне тапсырма орындау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың барлығы: Терминдер мағынасына сипаттама бере алады

Оқушылардың көпшілігі: түрлердің алуантүрлілігі мен экожүйенің тұрақтылығы арасында байланысты орната алады

Оқушылардың кейбірі:

қауымдастықтарды бір-бірімен салыстырып Симпсон индексінің негізінде, экожүйе тұрақтылығы туралы тұжырым жасап, қорытындылай алады.

  • Өзара бағалау арқылы
  • Қалыптастырушы бағалау тасырмасы арқылы
  • Топтық жұмыстардағы модель негізінде бағалау критерийлері арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы, оқу туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу