Рекомбинатты ДНҚ алу тәсілдері. Биология, 11 сынып, презентация.


Тақырыбы: Рекомбинантты ДНҚ-ын алу тәсілдері

Оқу мақсаты: 11.4.3.2 - рекомбинантты дезоксирибонуклеинқышқылын алу тәсілдерін түсіндіру

ДНҚ ға тән қандай қасиеттер бар?

ДНҚ ның екі еселенуі қалай жүзеге асатын еді?

Рекомбинантты ДНҚ алу жолы

Бөгде ДНҚ

Рекомбинатты ДНҚ дегеніміз in vitro жағдайында шығу көзі бойынша әр түрлі екі немесе бірнеше ДНҚ фрагменттерін біріктіру арқылы түзілген құрастырмалы ген.

Рекомбинантты ДНҚ-ның қарапайым құрамы бөтен ДНҚ мен вектордан тұрады.

Гендердің көптеген бірдей көшірмелерін алу клондау деп аталады.

Көшірмеге негіз болатын генді векторлы ген деп атайды және оларды плазмидалардан немесе бактериофагтардан алады.

Плазмидалар – прокариоттарға тән сақина тәрізді ДНҚ бөлігі және ол ДНҚ-дан тыс репликацияланады.

Бактериофагтар (немесе фагтар) – бұлар бактерия жасушасына өз ДНҚ-ын енгізіп репликациялайтын вирустар. Клондауға арналған ДНҚ фрагменттерін фаг немесе плазмида денесіне енгізеді. Алынған «қоспаны» рекомбинантты ДНҚ деп айтады.

Вектор

Дербес еселенуге және бөгде ДНҚ енуге қабілетті ДНҚ молекуласы; жасушаға генетикалық ақпаратты жеткізуді және оның клониалдануын қамтамасыз ететін - гендік инженерияның құралы болып есептелінеді.

ВЕКТОР

ГЕНДІК ИНЖЕНЕНРИЯ

Генетикалық және биохимиялық әдістердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ, тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу.

Трансформация

(көне лат. transformatіo – айналу), генетикадаоқшауланған дезоксирибонуклеин қышқылының көмегімен генетикалық ақпаратты қандай да бір жасушаға ендіру процесі.

Жабысқақ ұштар әдісі

Рекомбинантты ДНҚ құрастырудың ең кең таралған әдісі рестриктазаларды қолдануға сүйенеді. Ол жабысқақ ұштар әдісі деп аталады.Бұл әдісте рекомбинантты ДНҚ құрастыру Коэн-Бойер үлгісі бойынша іске асады.

Ген де және векторда бір рестрикциялық ферменттің көмегімен үзіледі, нәтижесінде олардың ұштары бір-біріне комплементарлы, яғни жабысқақ болғандықтан гибридтік (немесе химерлі) ДНҚ молекуласына ДНҚ лигаза ферментінің көмегімен оңай бірігеді.

Рекомбинантты ДНҚ-ны жабысқақ ұштар әдісі бойынша

ЖАҚСЫ ЖАҚТАРЫ

КЕМШІЛІКТЕРІ

Алынған гибридтік ДНҚ тізбегінде рестриктаза тани алатын бөліктердің қалпына келуі әдістің жақсы жағын сипаттайды.Бұл бөтен ДНҚ фрагментін осы рестриктазаның әсерімен салыстырмалы оңай бөліп алуға мүмкіндік береді.

Рестриктаза арқылы алынған барлық тізбектердіңжабысқақ ұштардың бір-бірімен (гомологты тізбектер) реассоцияланып (қайтадан бірігуі) кетуі әдістің кемшілігін көрсетеді.

Гомополимерлі ұштар әдісі

Гомополимерлі ұштардан құралған ДНҚ фрагменттерін бір ортаға қосса, олар комплементарлы жұп негіздерін түзеп, оңай бір молекулаға бірігеді.

Доғал ұштарды жалғау (тігу)

Рекомбинантты ДНҚ молекуласын құрастырудың ыңғайлы әдісідоғал ұштарды жалғау (тігу). Бұл әдістің артықшылығы оның кез келген соңғы нуклеотидтер тізбегін жалғай алатындығынан тұрады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Рекомбинантты ДНҚ құрастырудың қаралған үш әдісінің бірнеше модификациялары (өзгешеліктері) бар және дегенмен векторлық молекуланың ерекшелігіне байланысты методологиясы әртүрлі болуы мүмкін. Көпшілік жағдайда линкер технологиясы қолданылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу