Рекомбинатты ДНҚ алу тәсілдері. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ:

Жалпы білім беретін мектептер

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11 ЖМБ

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Рекомбинатты ДНҚ алу тәсілдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқушылар орындай алады:

11.4.3.2- рекомбинантты ДНҚ алу тәсілдерін түсіндіру

 Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Рекомбинатты ДНҚ ұғымымен танысады

Рекомбинантты ДНҚ –ын алу тәсілін біледі

Сызбалармен жұмыс жасай алады

Рекомбинатты ДНҚ –ны алу тәсілдерін түсіндіре алады

 Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Бағалау критерийлері

Оқушылар орындай алады:

  • Рекомбинантты ДНК түсінігін ұғынады.
  • Рекомбинантты ДНК тәсілін қолданудың кем дегенде үш әдісін суреттеп және түсіндіреді.
  • Рекомбинантты ДНК-ны алудың жолдарын біледі.

 Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: келесі терминдерге анықтама бере алады: Рекомбинатты ДНҚ, синтезделу, ферменттердің қасиеттері, ДНҚ комбинациясын өзгерту, вектор, рестиктаза, лигаза

Пәндік лексика мен терминология:

нуклеин қышқылы, ДНҚ көшірмелену,ДНҚ-полимераза

дезоксирибоза, рестиктиаза, лигаза

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

  • Рекомбинантты ДНҚ ................................ деп аталады
  • Гендерді пробиркадан биологиялық зерзатына тасымалдау жəне оларда қалыпты қызмет етулерін қамтамасыздандыруға қажетті генетикалық құрылым............................. .
  • Рекомбинантты ДНҚ құрастырудың ең кең таралған әдісі рестриктазаларды қолдануға сүйенеді. Ол .......................... әдісі деп аталады.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың бойында келесі құндылықтарды академиялық адалдығын, жауапкершлігі мен көшбасшылығын, ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталады.

Пәнаралық байланыстар

Биотехнология, гендік инженерия

Алдыңғы білімдер:

Микробиология және биотехнология: 9, 11

Жасушалық цикл: 9, 10, 11.

Жасушалық биология: 8, 10

Молекулалық биология: 8,10, 11

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

5-10 мин

Ой-қозғау:

ДНҚ ға тән қандай қасиеттер бар?

ДНҚ ның екі еселенуі қалай жүзеге асатын еді?

Мұғалімнің түсіндірмесі: Слайд № 3

Тақтаға Рекамбинантты ДНҚ алу жолы туралы сызба көрсетіледі.

Гендердің көптеген бірдей көшірмелерін алу клондау деп аталады. Көшірмеге негіз болатын генді векторлы ген деп атайды және оларды плазмидалардан немесе бактериофагтардан алады. Плазмидалар – прокариоттарға тән сақина тәрізді ДНҚ бөлігі және ол ДНҚ-дан тыс репликацияланады.

Бактериофагтар (немесе фагтар) – бұлар бактерия жасушасына өз ДНҚ-ын енгізіп репликациялайтын вирустар. Клондауға арналған ДНҚ фрагменттерін фаг немесе плазмида денесіне енгізеді. Алынған «қоспаны» рекомбинантты ДНҚ деп айтады.

.

Мұғалімнің түсіндірмесі толығымен

Қосымша №1

Дарынды оқушылар үшін қосымша ақпарат Қосымша №2

Анимация

https://www.dnalc.org/content/c15/15929/insulin_yeast.swf

http://www.glynwalton.co.uk/SWFs_files/biotech_medicines_1-4.swf

http://highered.mheducation.com/sites/dl/free/0072421975/196644/cloning_gene.swf

Сабақтың ортасы

10-30 мин

30-35 мин

35-38 мин

Мағынаны тану:

Оқушыларды шағын 3 топқа бөлу. «Мозайка» әдісі арқылы топтарға бөлінеді

Топтарға тапсырма:

Әр топ рекомбинантты ДНҚ –ның бір тәсіліне зерттеу жүргізеді

Бағалау критерийі:

  • Рекомбинантты ДНҚ алу тәсілін сипаттайды
  • Рекомбинантты ДНҚ алу жолын сызба ретінде анық көрсетеді
  • Әдістің қайда қолданылатынын атайды
  • Тәсілдің артықшылығы мен кемшілігіне тоқталады

1 топ – жабысқақ ұштар әдісі

2 топ – гомополимерлі ұштар әдісі

3 топ – доғал ұштарды жалғау(тігу) әдісі

Мақсатты тұжырымдау: Түрлі терминдер мен суреттер берілген карточкалар беріледі. Оқушылар толық рекомбинантты ДНҚ ның жасалу тәсілінің стандартты сызбасын құрастырады. Әр кезеңге қажетті терминдер мен суреттер бір топ болады.

Топтар жасалу реттілігі бойынша орналасады.

Әр топ келесі топқа осы тақырып бойынша негізгі деп тапқан екі термин сөздің анықтамасын және оның қызметін немесе қасиетін айтуларын сұрайды.

Бекіту тапсырмасы: «Мұғалімнен 3 минуттық 3 сұрақ» Оқушыларға жеке жұмыс беріледі

Мұғалім ауызша жауабын айтады, «Карусель» әдісі арқылы оқушылар өздерін тексереді.

Интернет ресурстар, тапсырмалармен карточкалар

Топтық жұмыс үшін оқу материалы

Қосымша №1,2

Қажетті сызбалар мен суреттер

Қосымша №3

Сабақтың соңы

38-40 мин

Рефлексия мұғалімнің сұрақ қоюы негізінде жүзеге асады:

  • Жұмыстың қай түрін орындау сізге қиыншылықтар келтірді?
  • Келесі сабақта сізге мұғалім тарапынан қандай көмек болғанын қалайсыз?

Үй тапсырмасы: карточкаларда берілген тапсырмалар мен түсініктерді қайталау.

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақтың ой-қозғау бөлімінде әр түрлі деңгейде жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне сәйкес жақын арадағы даму аймағы анықталады. Оқушылардың алған білімдерін тексеру барысында оқушылардың қабілеттері ескеріле отырып әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қойылады.

Сабақтың ой қозғау бөлімінде «Блум түймедағы» әдісі қолданылады. Оқушылар мұғалімнің нұсқау картасын негізге алып, сыныптастарын бағалайды. Мағынаны тану кезеңінде карточкалардағы тапсырмаларды орындау арқылы жақын арадағы даму аймағы айқындалады.

Сыныпта қозғалу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу