Температура/көмірқышқыл газының концентрациясы/ глюкоза деңгейін мысалындағы теріс кері байланыс принципі. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


 РЕТТЕУДІҢ ЖАЛПЫ СЫЗБАСЫ ЖӘНЕ КЕРІ БАЙЛАНЫСТАР

 

 Барлық реттеуші жүйелердің жұмысы жалпы сызба бойынша құрылады (сурет 1). Реттеуші қандай да бір эффекторға басқарушы әсер етеді, ал осы эффектордың күштік әсер етуі арқасында қандай да бір көрсеткіш – реттелетін параметр өзгереді. Адам ағзасында реттеуші қызметін жүйке, эндокриндік және иммундық жүйелердің мүшелері атқарады, ал эффекторлар барлық дерлік мүшелер болады. Ағзаны тиімді басқару үшін реттеушілер үнемі өз іс-әрекеттері туралы ақпаратты алып отыру керек. Осындай ақпараттың берілуі кері байланыс деп аталады.

 Кері байланыстың 2 түрін бөліп қарастырады: теріс және оң. Теріс кері байланыс кезінде реттелетін параметрдің кез-келген өзгеруіне реттеуші оны бұрыңғы өлшемге қайтаруға талпынады. Мысалы, егер қанға глюкозаның көп мөлшері түсетін болса, онда қандағы глюкозаның жасушаларға өтуін қадағалайтын гормон – инсулин секрециясы күшейеді. Нәтижесінде қандағы глюкоза мөлшері азаяды. Керісінше, қандағы глюкоза концентрациясының азаюы инсулин секрециясының азаюына әкеліп, глюкоза мөлшері қанда тағы да артады. Осы мысалдан көріп отырғандай теріс кері байланыс қандай да бір параметрлердің белгілі бір деңгейде сақталуы үшін қолданылады. Оң кері байланыс жағдайында реттелетін параметрдің бастапқы деңгейден аздаған ауытқуы реттеушінің осы ауытқуды одан да күшейту әрекетін (белгілі бір шегіне дейін) тудырады. Нәтижесінде өзінен өзі күшейетін секірмелі процесс дамиды. Оң кері байланыс ағзада тез әрі күшті өзгеріске қол жеткізу қажет болған кезінде іске қосылады. Мысалы, қауіп төнген уақытта жүйке жүйесінің бұйрығы бойынша адреналин гормонының секрециясы күшейеді, бұл «күйзеліс гормоны» ағзаны не қашуға, не күресуге дайындайды. Адреналин, басқа да әсерлерінен бұрын жүйке жүйесінің белсенділігін арттырады, бұл өз кезегінде осы гормонның одан да көп секрециясына әкеледі. Осылай оң кері байланыстың шеңбері тұйықталып, нәтижесінде қандағы адреналин мөлшері күрт артады.

 

 Пайдаланған әдебиет:

  • С.В. Барабанов «Биология. Адам»., Мәскеу қ., «Просвещение» баспасы, 2007.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу