Экологиялық пирамидалар. Биология, 11 сынып, дидактикалық материал.


Энергия пирамидасы

1. Пирамиданың бірінші жағына "автотрофтар, гетеротрофтар" деп жазыңыз. Терминдерді олардың орналасу реті бойынша жазыңыз: автотрофтылар, гетеротрофтылар, редуценттер.

Ал келесі жағына осыны жазыңыз:

*Автотрофты организмдер синтездейтін органикалық молекулалар гетеротрофты жануарлар үшін қоректің көзі болып келеді. Бұл жануарлармен өз кезегінде басқа жануарлар қоректенеді, соның арқасында бірнеше организмдер арқылы энергия ағымы өтеді.

2. Пирамиданың екінші жағына, астыңғы жаққа " трофикалық деңгей” деп жазыңыз

а. Пирамиданың әр деңгейін өндірушілер, тұтынушылар, ыдыратушылар деп орналастырыңыз.

 1. Продуценттер (өндірушілер): органикалық затты бейорганикалық заттардан синтездейді. Өсімдіктер мен фото- және хемосинтездеуші бактериялар.

 2. Консументтер (тұтынушылар): дайын органикалық заттармен қоректенеді.

 3. Редуценттер (ыдыратушылар) және детритофагтар – органикалық заттарды бейорганикалық заттарға дейін бұзып, ыдыратады.

Б. Үшбұрыштың келесі жағына осыны жазыңыз.

 * Алдыңғы ағза келесі ағзаның қорегі болып табылатын қатынасты көрсететін сызықтық тізбек қоректік тізбек деп аталады. Қоректік тізбектің деңгейлері трофикалық деңгейлер түзеді. Ол энергия көзінен (жарық) ағзаға жеткенге дейін неше рет тасымалданатынын көрсетеді. Қоректік тізбекте зат пен энергия продуценттерден бастап келесі трофикалық деңгейлерге өтеді.

3. Пирамиданың үшінші жағына Линдеманның 10% ережесі деп жазыңыз.

а) Әр деңгейде осындай нәтижені жазыңыз: 10 000 Дж энергии, 1000 Дж энергии, 100 Дж энергии, 10 Дж энергии

Б. Келесі жаққа:

 * Қоректік тізбек 5-6 буыннан артық құрылмайды, себебі әрбір буынға өткен энергияның 90% жоғалады (10% экологиялық пирамида ережесі). Мысалы, сиыр 100 кг шөппен қоректенді, бірақ 10 кг ғана семірді.

 а) шөптің бір бөлігі қорытылмай, нәжіспен бірге сыртқа шығып кетті.

 б) шөптің бір бөлігі көмірқышқыл газы мен суға дейін энергияны алу үшін тотықтырылды.

4. Төртінші жаққа ағзалардың мысалдарын жазыңыз

а)

* 1-деңгей: продуценттерге мысал.

* 2-деңгей: 1-ші реттік консументтер

* 3-деңгей: 2-ші реттік консументтер

* 4-деңгей: 3-ші реттік консументтер

Б. Артқы жағына осыны жазыңыз:

• Редуценттер және детритофагтар – организмдер тіршілігін жойғанда детритофагтар үшін энергия және биогенді элементтер қоры болып келетін қорекке айналады. Өлі және соңғы өнімдермен қоректенетін организмдерді – редуценттер және детритофагтар деп атайды. Соңғы және өлген қалдықтар экожүйеде «реутилизацияға ұшырайды». Редуценттерге жататын организмдер – саңырауқұлақтар мен бактериялар. Детритофагтар – шұбалшаң, ессекқұрт, сауытты кенелер және т.б. жатады. Детритті қоректік тізбекті құрайды. Мысалы:

Түрлі түсті қарындашты қолдану

5.1-ші деңгейлерді жасыл түспен.

6. 2-ші деңгейлерді сары түспен.

7. 3-ші деңгейлерді көк түспен.

4-ші деңгейді үстіңгі жағын қызыл түспен бояңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу