Адам гемоглобині мен миоглобинінің құрылысы мен қызметі. Эмбрион мен ересек ағзадағы миоглобин және гемоглобиннің оттектік диссоциациясының қисық сызығы. Бор эффектісі. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Оттегінің тасымалдануы эритроцит жасушалардағы гемоглобин арқылы жүзеге асады. Гемоглобиннің әрбір молекуласы төрт полипептидтік тізбектен тұрады. Әрбір тізбек өзінің пигментті гем тобымен байланысқан. Әрбір гем тобы екі валентті темірдің бір атомынан тұрады. Темір атомы оттегіні өзіне қосып алып, тұрақсыз оксигемоглобин деген қосылыс түзуге бейім. Оксигемоглобин оттегі концентрациясы жоғары ортада, мысалы өкпенің альвеолды қылтамырларында түзіледі. Оттегі концентрациясы төмендеген сайын гемоглобин өзінен оттекті босатып, жасушаларға жібереді. Гемоглобиннің оттекті босатуы диссоциация деп аталады. Гемоглобинмен қосылыс түзуге қабілетті оттегінің мөлшері оның концентрациясымен немесе парциалды қысыммен анықталады. Ауадағы оттегінің мөлшері артқан сайын парциалды қысым да жоғарылайды. Әртүрлі парциалды қысымдағы гемоглобиннің оттегімен қанығу дәрежесін график түрінде көрсетіп, оны өлшеуге болады. (1957 – 60 жылдары)

Гемоглобин (грекше – haimahaimatos – қан және латынша globus -шар) – адамныңомыртқалы және кейбір омыртқасыз жануарлырдың қанының қызыл пигменті.Тыныс мүшелерінен оттекті ұлпаларға,ал көмірқышқыл газын ұлпадан тыныс мүшелеріне тасымалдайды. Гемоглобин жетіспесе анемия ауруы пайда болады.Гемоглобиннің қалыпты жағдайдағы нормасы әйелдерде 120-150г/л,ер адамдарда 130-160 г/л.Егер гемоглобин мөлшері шектен тыс көп болса,қан қоюланып жүрек қан тамыр ауруына шалдығады. Құрамында гемоглобин бар азық-түліктер:бауыр,ет т.б. Гемоглобин қанның қызыл жасушалары эритроциттердің құрамында болады.Эритроцит оттегіні өкпеден бұлшықет тарамдарынан көмірқышқыл газын алып,өкпеге апарады.Бұл "гем" деп аталатын ерекше ақуыз көмегімен жүзеге асырылады.Гемге оттегі молекуласы қосылады,ол -гемоглобин бөлігі.Жалпы гемоглобин 96%-ы нәруыз -глобиннен,4%-ы темір атомы бар гемнен тұрады.

Тыныс мүшелерінен оттекті ұлпаларға, ал көмірқышқыл газын ұлпадан тыныс мүшелеріне тасымалдайды.

Миоглобин (мио және глобин – гемоглобиннің ақуызды бөлігі) – күрделі ақуызомыртқалы жануарлар мен адамның бұлшық еттерінде оттекті тасымалдайтын глобулярлы ақуызЕт тінінде молекулалық оттекті жасушалардың тотықтыру жүйесіне тасымалдайды. Миоглобинның молекуласы бір полипептидтік тізбектен (153 амин қышқылдары қалдықтары бар) және гемнен (2 валентті темірі бар порфириннің кешенді қосылысы) тұрады. Оның молекулалық массасы 17000. Ет тіні жиырылғанда капилляр қантамырларының жиырылуы нәтижесінде оттектің парциалды қысымы кенет төмендеген кезде Миоглобиннен жұмыс істеп тұрған бұлшық етке қажетті оттек бөлініп шығады. Миоглобин, әсіресе, теңіз сүтқоректілерінің (әсіресе, су астында ұзақ уақыт тіршілік ететін) – дельфиндер (3,5%) мен итбалықтардың (7,7%) бұлшық еттері Миоглобинге бай болады. Миоглобиннің үш өлшемді құрылымы рентгендік құрылымдық талдау әдісімен анықталған бірінші ақуыз (1957 – 60 жылдары)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу