| Артықшылықтары | Кемшіліктері |
Гемодиализ | - Аптасына диализі жоқ 4 күн болады.
| - Диализдік сеанстар айналасындағы өміріңізді жоспарлау керек, мысалы: демалыс күндерінде.
- Сіздің диетаңызды және сұйықтықтың мөлшерін шектеу керек – калий мөлшері жоғары тағамдардан (мысалы, банандар, шоколад, чипстер) аулақ болу және тәулігіне сұйықтықтың бірнеше кеседен артық ішпеуге кеңес беріледі.
|
Перитонеалды диализ | - Диализ бөлігіне жүйелі түрде бару қажет емес және үй гемодиализі кезіндегідей аппарат қажет емес.
- Пайдаланылатын жабдықтар портативті және улкен емес – саяхат жасауға еркіндікті береді.
- Диета мен сұйықтықтар мөлгеріне шектеулер аз.
| - Әр күн сайын жүзеге асыру қажет.
- Перитонеалды инфекцияның, перитониттің даму қаупі жоғары.
- Пайдаланылатын диализ сұйықтығы нәруыз деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін = энергияның жетіспеушілігі және жеткіліксіз тамақтану.
- Салмақ қосу.
|
Бүйрек трансплантациясы | - Уақытты алатын диализден бостандық.
- Диета шектелуі кемдеу.
- Физикалық жағынан жақсы сезіну.
- Өмір сапасының жақсырақ болуы, мысалы: саяхат жасауға қабілеттілігінің болуы.
- Енді өзінді созылмалы аурумен ауратын адам ретінде сезінбеу.
| - Өміріңіздің қалған бөлігіне иммунодепрессанттарды қабылдау қажет.
- Жалпы анестезиямен ауыр хирургиялық операция қажет – инфекция жұқтыру, қан кету және қоршаған мүшелерінің зақымдануы қаупі.
- Мүшені қабылдамау жағдайына жиі тексерулер өткізу.
- Жағымсыз әсерлері: қабылдамауға қарсы дәрі-дәрмектер сұйықтықтың жиналуын және жоғары қан қысымын тудырады, иммунодепрессанттар инфекцияға сезімталдығын арттырады.
|