Адам ағзасындағы қан мен басқа да сұйықтықтарын жасанды тазарту. Диализдің әрекет ету принципі. Диализ әдісі: перитонеалды, гемодиализ. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.
10.2 C Бөліп шығару | Мектеп: НИШ ФМБ Көкшетау қ. | |||||||||
Күні: | Муғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Адам ағзасындағы қан мен басқа да сұйықтықтарын жасанды тазарту. Диализдің әрекет ету принципі. Диализ әдісі: перитонеалды, гемодиализ. | |||||||||
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
| |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар орындай алады:
| |||||||||
Бағалау критерийлері
| Оқушылар оқу мақсатын а жетеді егер:
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушы жасай алады: Тиісті терминологияны пайдалана отырып, жазу дағдыларын дамыту, диализ процесін ауызша, жазбаша түрде сипаттау. Пәнге қатысты лексика мен терминология Эфферентті тамырлар, экскреция, метаболикалық қалдық, осморегуляция, ультрафильтрлеу, несепнәр, гемодиализ, перитонеалдық диализ, жартылай өткізбейтін мембрана, қанмен жабдықтау, диализ сұйықтығы, автоматтандырылған перитонеалдық диализ, үздіксіз амбулаториялық перитонеалдық диализ, уытты заттар, бүйрек, диффузия, гидростатикалық қысым күші. Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы Екі бүйректің жұмысы бұзылған кезде, X______ процесі пайдаланылады. Бұл Y______ ден қалдықтарды тазалап адамға тірі қалуға көмектеседі. Диализ-бұл, екі бүйректің жұмысы бұзылғанда ағзадағы заттарды ________процесі. Диализ процесі ___________және ультрафильтрация негізінде орындалады. | |||||||||
Құндылықтарды дамыту |
| |||||||||
Пәнаралық байланыс |
| |||||||||
АКТ қолдану | Интернет желісін, интерактивті тақтаны т.б. пайдалануда. | |||||||||
Алдын-ала білімдер | Осы тарауды оқушылардың меңгеруі үшін қажетті білім, білік, дағдылар, түсініктер мен тәжірибе. Экскреция: оқыту жылдары- 6; 9 Координация және регуляция: оқу жылдары- 6; 7, 8; 9 | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жұмыс | Ресурстар | ||||||||
Басы 2 мин 5 мин 8 мин 3 мин 2 мин | Сәлемдесу оқушылар сабақ тақырыбы мен сабақтың мақсаттарымен танысады Стартер " Жауапты табу» (P) Оқушыларға жұпта жасауға сұрақтары және жеке жауптары бар карточкалар беріледі оқушылар оларды сәйкестендіру қажет. (I) Бейнежазбаны көрсету. Оқушылар бейне көру кезінде жауап беру үшін сұрақ парақтарын алады (Қосымша 1) 1. Диализ дегеніміз не және оның түрлері қандай? Диализ-бұл қанды тазалауға арналған арнайы жабдықтың көмегімен бүйрек қызметін ауыстыру. Диализдің екі түрі бар: гемодиализ және перитонеалды диализ. 2. Гемодиализ дегеніміз не? Гемодиализ-бұл қанды жасанды бүйрек арқылы өткізу, оны "Диализатор"деп те атайды. 3. Перитонеалды диализ дегеніміз не ? Перитонеалды диализ-бұл қанның құрсақтың ішкі астары арқылы тазартылуы, «құрсақ қабырғасы» деп аталады. 4. Перитонеалды диализ (ПД) қалай жүргізіледі? ПД кезінде, біз түтікті кіндік жанында ішпердесіне орналастырамыз, диализат ерітіндісін құйып, оны бірнеше сағатқа қалдырамыз. Ерітінді қандағы қалдықтарды баяу ерітіп шашыратады. Содан кейін біз сұйықтықты түтікше арқылы құйамыз, содан кейін қайтадан құрсақты толтырамыз. Бұл процесті алмасу деп атауға болады. 5. Тұрақты амбулаториялық және автоматтандырылған перитонеалды диализ дегеніміз не? Үздіксіз амбулаториялық перитонеалды диализ-бұл адам диализ сұйықтығы бар қаптарды пайдалана отырып, күн сайын төрт алмасуды орындайды. Автоматтандырылған перитонеалды диализде сіз ұйқы алдында алмасуды жүргізетін аппаратты орнатасыз, ол ұйқы кезінде 7 -10 сағат ішінде алмасуды өткізеді. (W) Бейне бойынша берілген тапсырмадағы сұрақтар бойынша пікірталас, диализ қағидаларын талқылау. Кері байланыс: мұғалім-оқушы, оқушы- оқушы | Презентация 5-6 кескін карточкалар. Қосымша 1 Жұмыс парақтары https://www.youtube.com/watch?v=mi34xCfmLhw Failing Kidneys and Different Treatment Options 10.32 мин 3.47мин-10.32 мин ссылка бойынша | ||||||||
Ортасы 10 мин 5 мин 2 мин 2 мин | (P) Бүйрек трансплантациясы және диализ бойынша интернет-ресурстардан, сабаққа арналған теориялық материалдардан ақпарат алып, оқушылар зерттеулер жүргізеді. Оқушылар жұпта диализ процесін пайдаланатын адамдарға арналған брошюралар жасайды, брошюра тамақтану және өмір сүру салтының ерекшеліктерін қамтуы тиіс. Мұғалім сынып үшін олардың брошюраларын оқитын 2-3 оқушыны таңдайды. (W/f) Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар бір біріне баға беріп, сұрақтар қояды Сабақ бойынша кері байланыс: мұғалім-оқушы; оқушы-оқушы. Осы тақырып бойынша қорытынды
| Сабаққа арналған теориялық материалдар https://www.zdrav.kz/kk/azbuka/gemodializ Диализ https://www.zdrav.kz/kk/tags/zhasandy-buyrek-apparaty Жасанды бүйрек аппараты | ||||||||
Аяғы 1 мин Үй жұмысы | Үй жұмысы: Сабаққа арналған теориялық материалдарды оқу-мазмұндау |
| ||||||||
Дифференциация – Сіз қалайша көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында Сіз қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарламақшысыз? | Пән аралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс Құндылықтар мен байланыс (тәрбиелейтін элемент) | ||||||||
Нұсқауларды саралайды Дифференциация тапсырма бойынша, нәтижесі бойынша, жеке қолдау бойынша, білім алушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, оқу материалдары мен ресурстарын таңдау бойынша (Гарднердің көпше интеллектінің теориясы) болуы мүмкін. | Сұрақтар:
| Денсаулық және қауіпсіздік техникалар Пән аралық байланыстар АКТ-мен байланыс Биология сабақтарындағы денсаулықты нығайту әдістері. Оқушыларға биология сабақтарындағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. | ||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шындыққа негізделген болды ма? Оқушылар бүгін нені үйренді? Сыныпта қандай атмосфера болды? Мен жүргізген дифференциация іске асты ма? Мен уақытқа сәйкес жұмыс істедім бе? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неліктен? |
| |||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алатын еді (сабақ беру әрі оқу туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ кезінде келесі сабаққа дайындалуға көмектесетіндей сынып немесе белгілі бір оқушылар туралы не білдім? | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру