РНҚ типтерінің құрылысы мен қызметі. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Қолжетімді сілтеме:
Әрбір тірі жасушада ДНҚ-дан басқа тағы бір нуклеин қышқылының түрі болады. Ол РНҚ немесе рибонуклеин қышқылы деп аталады. РНҚ нәруыз синтезі үшін керек. ДНҚ сияқты РНҚ да нуклеотидтерден тұрады. Осыған қарамастан, оның элементтері ДНҚ элементтерінен сәл өзгеше. Рибонуклеин қышқылы ДНҚ-дан өзінің кеңістіктікте орналасу құрылысымен ерекшеленеді.
Нуклеин қышқылдарын түзетін нуклеотидтердегі қант түрі ДНҚ және РНҚ арасындағы негізгі айырмашылық болып табылады. РНҚ құрамында рибоза қанты бар, осыған байланысты ол рибонуклеин қышқылы деп аталады, ал ДНҚ құрамында дезоксирибоза бар. Мұнымен қоса, РНҚ-да ДНҚ құрамына енетін тиминді алмастыратын урацил бар. Урацил сондай-ақ аденинмен комплементарлы жұп құрайды. ДНҚ-мен салыстырғанда РНҚ біртізбекті болып келеді және конформациясы әр түрлі болуы мүмкін. Бұл негіздердің бір тізбекте жұптасуы арқылы жүреді.
Тасымалдаушы РНҚ молекулаларының пішіні беде жапырағына ұқсас. Олар аминқышқылдарын цитоплазмадан рибосомаларға тасымалдайды. Онда аРНҚ-дағы нуклеотидтердің орналасуы негізінде нәруыз тізбегі түзіледі. Жасушада 60-қа жуық әр түрлі тРНҚ молекулалары болады. Олардың әрқайсысы молекуласының соңғы жағында тек бір ғана аминқышқылымен байланыса алады. тРНҚ молекуласының басқа соңында аРНҚ-ның белгілі бір ауданын танитын, антикодон деп аталатын аймақ бар. Бұл амин қышқылының нәруыз құрылымындағы сәйкес орынға орналасуына мүмкіндік туғызады.
Рибонуклеин қышқылы бір тізбекті, бірақ кейбір жерлерде ол екі тізбекті болады. РНҚ-ның үш түрі бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру