Эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы және дамуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары. Эволюцияның қазіргі заман теориясының пайда болуы. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3С Эволюциялық даму | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Эволюциялық ұғымдардың қалыптасуы және дамуы. Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізгі қағидалары. Эволюцияның қазіргі заман теориясының пайда болуы. | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
еңбектерінің рөлін түсіндіру. | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: тақырып бойынша негізгі терминдерді пайдалану арқылы ауызша жауап беру дағдысын дамытады. Пәнге қатысты лексика мен терминология ұрпақ, тіршілік үшін бәсекелестік, бейімделгендердің тіршілікте жеңіп шығуы, бейімделушілік, өзгергіштік, табиғи сұрыпталу, эволюция Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы Түр шеңберінде … бар Кейбіреулерінің басқаларға қарағанда … ұзынырақ/қысқарақ болған. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Патриоттық сезімді дамыту. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, есте сақтау дағдысын қалыптастыру. Өзіне және бір-біріне деген құрметті, топтық жұмыста ынтымақтастықты қалыптастыру. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | География (аймақтар) | ||||||||||||
Сын тұрғысынан ойлау АКТ қолдану дағдылары | «Ой қозғау», «Жуан және жіңішке сұрақтар» Топтық жұмыстар кезінде оқушылар қосымша ақпаратты іздеу үшін ноутбуктерді пайдалануына болады. Бейнекөріністерді көрсету үшін интербелсенді тақтаны пайдалану. | ||||||||||||
Бастапқы білім | Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы маңызы (8.4А бөлімі) Эволюциялық ағаштар (8.4А бөлімі) | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 5-7минут | Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта жақсы көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылардың сабаққа даярлығын қадағалау. Ой қозғау: Тақта арқылы оқушыларға ғалымдардың суреттері көрсетіледі. Мына суреттегі ғалымдар кімдер деп ойлайсыңдар? Оқушылар өз ойларын айтады. Білетіндерін еске түсіреді. Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын анықтап, мақсаты мен бағалау критерийлерін тұжырымдау. | РРТ | |||||||||||
Сабақтың ортасы
11-30 минут 31-37 минут | (Т) (Жж) Оқушыларға таратпа материал арқылы К.Линней, Ж.Б.Ламарк, Ч.Дарвиннің еңбектерін зерттеуге ұсынылады.
(Т) (Жж) Оқушылар К.Линней, Ж.Б.Ламарк, Ч.Дарвиннің еңбектерінің кемшіліктері мен артықшылығын талқылайды. (Жж) К.Линней, Ж.Б.Ламарк еңбектерін салыстырып, кестені толтырады. (Т,Қ) Мұғалім оқушыларға проблемалық сұрақ қояды: -Неліктен Ч.Дарвинді Галапагос аралдарында көрген қунақтар таңқалдырды? -Табиғи сұрыпталу ненің нәтижесінде пайда болды? (Т,Қ)Тақтада жираф мойнының ұзаруы бейнелеген суреттер көрсетіледі, оқушылар мұқият қарайды және өзгерістерді Ч. Дарвин, К. Линней, Ж.Б. Ламарк көзқарастары тарапынан түсіндіреді. КБ: мұғалім оқушыларға қажетті жерде көмек көрсетеді. Б: мұғалім оқушылардың жауаптарын бағалайды. (Жж, Қ) Оқушылар Ч. Дарвин, К. Линней, Ж.Б. Ламарктің эволюциялық теориялары туралы тұжырымдамалық карта жасайды. Бағалау критерийлері:
Жасалынған эволюциялық теориялары жайлы тұжырымдамалық карталарды бір-біріне ұсынады. Талқылау жұмысы жүреді. (Жж, Қ) Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмалары таратылады. | Таратпа материалдаы Дарвиннің теориясы: Қалыптастыр. бағалау тапсырмалары | |||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин. | Рефлексия. ББҰ кестесі
Үйге: тақырып бойынша терминологияны қайталау. | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Тақырыпқа шығу үшін оқушыларға «көпір» сұрақтарын қою. Қабілеті жоғары оқушыларға жаңа ұғымдарды талқылап, түсіндіруге тапсырма беріледі. | 1.Мұғалімнің бағалауы: -оқушылардың жауаптары ой қозғау кезінде; -сабақ соңында кері байланыс беруі. 2.Оқушылардың бағалауы: - тапсырма кезінде, алдағы сабақта өз білімдеріне шолу жасау; - мақсатқа жету/ жетпеуі. | АКТмен жұмыс тәртібін сақтау Оқушылардың көргіштігіне назар аудару. Оқушылардың сымбаттылығын қадағалау. Кабинеттің қауіпсіз техникасын сақтау. Кабинетте қауыпсіз қозғалысты бақылау. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру