Құрсақтағы даму. Ұрықтық дамудың алғашқы кезеңдері. Ұрықтың қалыптасуы мен дамуы. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша1
Плацента (лат. placenta грек. plakus — жұқа нан) — жоғары сатыдағы сүтқоректі жануарлардың аналық ағзасында ұрықтың даму кезінде пайда болып, жатыр мен ұрықты байланыстырып тұратын арнайы мүше.
Плацента арқылы аналық ағза мен ұрықтың арасындағы зат пен газ алмасу процесі жүзеге асады. Плацентаның түзілуі ұрықтың имплантациясы деп аталады. Плацента арқылы ұрық аналық ағзаның қанынан оттек пен қоректік затты алып, оған ыдырау өнімдері мен көмір қышқыл газын бөледі. Плацента ұрыққа қажетті заттардың түсуін белсенді түрде реттеп, дәнекерлік қызмет те атқарады. Плацентадан аналық ағзаға әсер ететін гормондар (гонадотропин, соматомаммотропин, т.б.),ацетилхолин, т.б. заттар түзіледі.
Плацента ұрықтың сыртқы қабатындағы хорион қабықшасы мен жатыр қабырғасының қосылуынан түзіледі.
Ұрықтың дамуының бастапқы кезеңінде хорион қабығының барлық бетінен бірінші реттік, ал кейінгі даму кезеңінде екінші реттік бүрлер түзіледі де, жатырдың кілегейлі қабығына кіріге өседі. Екінші реттік бүрлер ұрық қапшығымен немесе аллантоис қабығындағы қантамырлармен байланысады.
Ұрықжолдаста:
- Жүйке
- Лимфа тамырлары болмайды.
Твиг білім сайтынан бейнеролик көрсетіледі.
Ұрықжолдас, плацента (латын placenta, грек. plakus — жалпақ) — ұрықты ана организмімен байланыстыратын орган. Ұрықжолдас
ұрық дами бастағанда жатырда пайда болады. Ол плацентадан, кіндік баудан және ұрық қабықшасынан тұрады. Плацентаның негізін ағаш сияқты бұтақталған хорион бүрлері құрайды. Әрбір хорион талшығынан майда капиллярлар өтеді. Ұрықжолдас салмағы 500 — 600 г, диаметрі 15—20 см, қалыңдығы 2—3 см болады. Оның жатырлық және ұрықтық қабаттары бар. Кіндік бау ұрық пен плацентаны байланыстырады, ұзындығы 70—80 см. Ұрық қабықшасы ұрықтың ішкі және бүрлі (хорион) қабықшаларын құрайды. Ұрықжолдас арқылы ұрық ана қанынан қоректік зат пен оттек алып, зат алмасу нәтижесінде пайда болған заттар мен көмірқышқыл газды қанға шығарады. Бала жолдасы ұрықтың дамуына қажетті биол. активті заттар түзіп, ішкі секреция бездерінің қызметін де атқарады. Бала жолдасының қалыптасып дамуы жүктіліктің 4—5 айында тоқтайды да, бала айы-күні жетіп туғанда, ұрықжолдас да жатырдан бөлініп, баладан соң түседі. Ананың денсаулығы, тамақтануы, т.б. жағдайларының дұрыс болмауы ұрықжолдатың және ұрықтың дамуына әсер етеді.
Плацента арқылы аналық ағза мен ұрықтың арасындағы зат пен газ алмасу процесі жүзеге асады. Плацентаның түзілуі ұрықтың имплантациясы деп аталады. Плацента арқылы ұрық аналық ағзаның қанынан оттек пен қоректік затты алып, оған ыдырау өнімдері мен көмір қышқыл газын бөледі. Плацента ұрыққа қажетті заттардың түсуін белсенді түрде реттеп, дәнекерлік қызмет те атқарады. Плацентадан аналық ағзаға әсер ететін гормондар т.б. заттар түзіледі.
Ұрықжолдас негізгі үш қызмет атқарады:
- Зат алмасу;
- Тосқауыл;
- Синтетикалық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру