Құрсақтағы даму. Ұрықтық дамудың алғашқы кезеңдері. Ұрықтың қалыптасуы мен дамуы. Биология, 9 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Ұрықтың дамуындағы ұрықжолдастың маңызы

Мақсаты:

ұрықтың дамуындағы ұрықжолдастың маңызын көрсету

Жетістік критерийлері

Ұрықжолдастың функциясын сипаттайды

Ұрықтың дамуындағы ұрықжолдастың маңызын түсіндіреді

Ұрықжолдас

1 – кіндік артериясы

2 – тірек жасуша талшықтары

3 - децидуальды кедергі

4 - децидуальды қабат

5 - миометриялар

6 - тамырлар

7 - спиральды артериялар

8 - хорион

9 - амнион

10 – талшықаралық кеңістік

11 – кіндік тамырлары

12 - котиледон

Ұрықжолдастың бариерлік

қызметі

Нәрестенәң қан-айналым жүйесі

Плацентаның құрылысы:

Плацента (лат. placenta грек. plakusжұқа нан) — жоғары сатыдағы сүтқоректі жануарлардың аналық ағзасында ұрықтың даму кезінде пайда болып, жатыр мен ұрықты байланыстырып тұратын арнайы мүше.

Плацента арқылы аналық ағза мен ұрықтың арасындағы зат пен газ алмасу процесі жүзеге асады. Плацентаның түзілуі ұрықтың имплантациясы деп аталады.

Плацента (Ұрықжолдас) құрылысы:

Ұрықжолдас ұрықтың сыртқы қабатындағы хорион қабықшасы мен жатыр қабырғасының қосылуынан түзіледі.

Ұрықтың дамуының бастапқы кезеңінде хорион қабығының барлық бетінен бірінші реттік, ал кейінгі даму кезеңінде екінші реттік бүрлер түзіледі де, жатырдың кілегейлі қабығына кіріге өседі. Екінші реттік бүрлер ұрық қапшығымен немесе аллантоис қабығындағы қантамырлармен байланысады.

Плацента негізгі үш қызмет атқарады:

1. Зат алмасу , ана мен ұрық қаны араласпайды.

2.Тосқауылдық , физиологиялық қалыпты жағдайда заттарды таңдап өткізеді, бірақ зиянды заттар оңай өтеді.

3.Синтетикалық, гормондар түзеді.

Плацентаның құрылысы:

Плацентаның ұрыққа қараған жағында кіндік болады. Кіндіктің ішінде ұш қантамыр болады, бір вена және екі артерия.

Артерия тамырлары арқылы вена қаны ұрықтан плацентаға, ал вена тамыры арқылы артерия қаны ұрыққа қарай жылжиды.

Плацента және кіндік ұрықпен бірге қалыптасып өседі, жүктіліктің соңында кіндіктің ұзындығы 50-60 см, плацента салмағы 1,5-2 кг-ды құрайды.

Плацента арқылы заттар тасымалы

Плацента арқылы ұрық аналық ағзаның қанынан оттек пен қоректік затты алып, оған ыдырау өнімдері мен көмір қышқыл газын бөледі. Плацента ұрыққа қажетті заттардың түсуін белсенді түрде реттеп, дәнекерлік қызмет те атқарады. Плацентадан аналық ағзаға әсер ететін гормондар түзіледі.

Адамның плацентасы

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу