Несептің түзілуі. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


 Нұсқаулық карта

Тақырып: Несепте көмірсу мен нәруызды анықтау.

Мақсаты: Несепте нәруызбен көмірсудың болуын анықтау.

 

 Жұмыс барысы:

1. Несеп зат алмасудың өнімі болып саналады және ол ағзадан шығарылады. Құрамында несепнәр, су, тұз және басқа да метаболизм өнімдері бар. Сіздерге әртүрлі несеп үлгілерінің химиялық құрамын зерттеуге ұсынылады. Алдарыңызда 3 несеп үлгілері берілген, олар А, В, С әріптерімен белгіленген. Олар лабораторияда жасанды түрде жасалынған.

(а) 1.1 кестесін толтырыңыздар

 Кесте 1.1

Нұсқа

Сыртқы ерекшеліктер

А

В

С

(b) Төменде екі жәй тестің сипаттамасы берілген.

Тест1. Сынауыққа көп емес көлемде несеп үлгісін құйыңдар. Осындай көлемде Биурет реактивін қосыңдар. Түстің өзгеруін бақылаңдар.

Тест2. Сынауыққа көп емес көлемде несеп үлгісін құйыңдар. Осындай көлемде Бенедикт ерітіндісін қосыңдар. Су моншасында сынауықты қыздырыңдар. Түстің өзгеруін бақылаңдар.

Сіздер осы екі тесті үш несеп үлгілеріне А, В, С жүргізіңдер. Жалпы 6 тест болады.

  • Бос орынға бақылауға арналған кестені дайындаңыз.

 

 (ii) тест1 және тест2 өткізу үшін, дайын құрал- жабдықтарды пайдалаңыз. Өз бақылауыңызды кестеге жазыңыз.

 

(с) Несеп анализінің нәтижелері адам денсаулығының проблемалары туралы болжам жасау үшін пайдаланылуы мүмкін. А, В, С үлгілері медициналық тексеру барысында үш түрлі адамдардан алынған деп болжайды. Несепте қант (глюкоза) бар болса, адам қант диабеті деп аталатын аурудан зардап шегуі мүмкін. Несепте нәруыз болса, адамда бүйрек ауруы болуы мүмкін. Егер несепте қант пен нәруыз жоқ болса, адамның дені сау болады. Берілген ақпаратты және зерттеу нәтижелерін осы 3 адамның әрқайсысының денсаулық жағдайы туралы қорытынды жасауға пайдаланыңыз.

(i)

А адамы_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • В адамы _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(iii)С адамы_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(d) Бүйректің бір қызметі –қайтадан қанға глюкозаның реабсорбциясы. 1.2. кестесі қандағы глюкозаның концентрациясы мен несеппен шығарылатын глюкозаның мөлшерін көрсетеді.

Кесте 1.2

қандағы глюкозаның концентрациясы /мг на 100 см3

несеппен шығарылатын глюкоза /мг мин

0

0

100

0

200

0

300

40

400

100

500

190

600

280

700

370

.

  • 1.2 кестеде келтірілген деректерге сәйкес графикті құрыңыз
  • Графикте байқалған бағытты сипаттаңыз. (i).

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу