Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


 Құрылысы: Мұрын қуысы Тыныс алу мүшесінің құрылысы қызметі. мұрын→ кеңсірік→ көмей →кеңірдек → ауатамырлары→ өкпе мен аяқталады.

 Көпіршіктердің саны — 300 миллион.қабырғасы эпителий клеткаларынын жұқа бір қабатынан тұрады және оларды кан тамырларының торы шырмап жатады Оның негізгі қызметі — көпіршіктердің көлемін тұрақтандырып, қабысуьша жол бермеу. Сонымен қатар ауамен бірге өткен микроорганизмдерді залалсыздандырады. Он жақ өкпе үш, ал сол жақ екпе екі бөліктен тұрады. Әрбір өкпе сырты дәнекер ұлпадан тұратын жылтыр, тегіс — өкпе сірікауызы каптайды. Кеуде куысының ішкі қабырғасын сіріқауыз астарлап жатады. Олардың арасы жіңішке қуыс, онда ауа болмайды, өте аз көлемде сероз деп аталатын сұйыктық. бар. Бұл сүйыктык. өкпенщ үйкелісін женілдетеді.

 Дені сау ересек адам минутына 16-18 рет тыныс алады. Өкпеде бұлшық еттер болмайды Қабырғааралык тыныс алу бұлшык еттерінің күшті жиырылуынан кеуде куысы кимылға келеді. Сырткы қабырғааралың бұлшык еттер және көкет жиырылғанда, кеуде қуысы кеңейіл, көлемі үлкейеді де, кеуде қуысындағы кысым атмосфера кысымынан төмендейді, өкпенід созылып, оған ауаның енуіне әсер етеді. Тыныс шығарғанда — сыртқы қабырғааралык бұлшық еттер созылады, көкет (диафрагма) жоғары көтеріліп, дөңестенеді. 

Тыныс алу жене тыныс шығару кезіндегі өкпе және сіріқауыз ішінде: кысым

Кеуде куысы тарылады. Сіріқауыз қуысындағы қысым жоғары көтеріледі. Өкпе сығыльш, ондағы ауа сыртқа шығады.Сөйтіп, тыныс алу және тыныс шығару — біріне-бірі байланысты және олар сопакша мидағы тыныс жүйесінің орталығымен реттеледі. Жасөспі-рімдер ересек адамдар сияқты 1 минутта 16—18 рет тыныс алады.

  • Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең тыныс алып, терең тыныс шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады.
  • Өкпенің жеделдетілген тіршілік сыйымдылығы — максимальды жылдам дем алу кезінде анықталатын өкпенің тіршілік сыйымдылығының қалыпты жағдайда 90—92% құрайды. Өкпенің тиісті тіршілік сыйымдылығы — арнайы формулалар көмегімен зерттелетін адамның жасы мен бойы туралы мәліметтер бойынша анықтайтын өкпенің іс жүзіндегі тіршілік сыйымдылығын бағалауға арналған есептік көрсеткіш.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады:

  • Адам тыныштық қалыпта әрбір демалғанда және әрбір дем шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады.
  • Адам қалыпты дем алып, артынша терең дем алғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны жұтады. Бұл жұтылған ауа мөлшерін тыныс алудың қосымша сыйымдылығы дейді.
  • Адам қалыпты дем шығарып, артынша терең дем шығарғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы деп аталады.

 

ІІ.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Ересек адам тыныш отырған жағдайда — жайлап тыныс алып, тыныс шығарғанда 500 см3 ауа жұтады. Бұл тыныс алу сыйымдылығы деп аталады. Егер тыныс алу сыйымдылыгын бір минуттағы тыныс алу санына көбейтсе (500 см3 х 18), онда 9000 см3 ауаға тең болады. Бұл — ауанынң1 мин. алмасуы. Адам барынша терең тыныс алғанда тағы 1500 смауа жұтады, терең тыныс шығарғанда да 1500 см3 ауа шығарады. Ересек адамда өкпенің тірпіілік сыйымдылыгы — 3500 см3 (500 + 1500 + 1500 см3). Оны өлшейтін күрал спирометр деп аталады. 

Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда екі құбылыс үнемі кезек-тесіп отырады. Тыныс бұлшық еттерінің қызметі сопақша мидағы тыныс орталығымен реттеледі.Өкпенін тіршілік сыйымдылығын анықтау

Өкпенің, тыныс жолдарының, тыныс бұлшық еттерінің механо-рецепторларынан және хеморецепторларынан (СО2 концентрациясы жоғарылағанда) қозу парасимпатикалық жүйке жүйесінен сопакша мидағы тыныс орталығына түседі. Тыныс — өздігінен реттеле алатын қүбылыс.

Мүрын куысындағы рецепторларға шырыш, шаң-тозаң, химиялык тітіркендіргіштер, әр түрлі ұнтақтар әсер еткенде, қорғаныш рефлексі — түшкіру пайда болады. Кемей, кеңірдек және ауата-мырлардағы рецепторларға тітіркендіргіштер әсер еткенде, қорғаныш рефлексі — жөтел пайда болады. Түшкіру және жөтелу терең тыныс алудан басталады.

 Өкпенің тіршілік сыйымдылығы

 Әйелдер өкпесінің тіршілік сыйымдылығын орташа есеппен алғанда

 3000-3500 мл;

 Ер адамдарда 3500-4800 мл болады.

 Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы

  6000—7500 мл

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу