Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтары. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4С Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтары (жаңа тақырыпты меңгерту) | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.2.4.3 мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтарын оқып білу | |||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология: қолдан сұрыптау, селекция, шығу Орталықтары, мәдени өсімдіктер. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Картоптың шығу орталығы.... Анд орталығында...ең алғаш шығарылған. ...орталығында ең алғаш ...шығарылған. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарының орналасу орны туралы қарастырған кезде карталарды қолдану арқылы география пәнімен байланыс орнатылады. | |||||
Алдыңғы білім | Өсімдіктердің көбею жолдары және олардың түрлері, таралуы туралы 7-сыныптан біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
0-4 мин | Оқушыларға мәдени өсімдіктердің суреттері көрсетіліп, олардың ортақтықтарын атау сұралады. Оқушылардың жауаптарынан соң мұғалім мәдени өсімдіктердің пайда болу аймақтарын сұрай отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырады. | 1 -2 слайдтар
| ||||
Сабақтың ортасы | ||||||
4-17 мин | Оқушылар топтарға бөлініп түрлі мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын зерттеу тапсырмасын орындау ұсынылады. Оқушылар әрбір орталықтағы өсімдіктер мен қоса онда кездесетін үй жануарларын да қарастыра алады. Әр топ өздерінің зерттеген орталығы туралы ақпаратпен сыныптастарын таныстырады. Қалған топ оқушылары әрбір орталық туралы кестені толтырып алады. Жұмыстың соңында оқушыларда барлық 8 орталық туралы ақпарат жинақталады. | 1 - қосымша 3-28 слайдтар | ||||
27-36 мин | Қалыптастырушы бағалау ретінде сынып оқушыларын 4 топқа бөліп, әр топқа тақырыпқа байланысты кем дегенде 10 сұрақтан құрастыру тапсырмасы беріледі. Оқушылар топтары сұрақтарды құрастырып болғаннан соң басқа топ оқушыларына сұрақтарды қойып, жарысады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, тереңдету немесе толықтыруларын сұрай алады. Оқушылардың жауаптары оқылып, салыстырылып, толықтырылады. | 2- қосымша
| ||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс Менің есімде сақталған ақпарат … Мен үшін қиналған тапсырма … Мен білдім , себебі … |
| ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасауына мүмкіндік берілу Оқушылардың топтарда жасаған жұмыстарының нәтижелерін өздері қалаған формада рәсімдеулері арқылы Оқушылардың топтық жұмыс нәтижесін қалаған формада өз сыныптастарына ұсынулары арқылы Кейбір оқушылардың қосымша ақпараттар қосулары арқылы Оқушылар қосымша ақпарат көзі ретінде https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/botanika/lesson/qazaqstanda-keng-taralhan-osimdikter сілтемесін пайдалана отырып, елімізде кең таралған өсімдіктермен таныса алады. Кейбір оқушылар қызыл кітапқа енген түрлерін атай алады. | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Оқушылардың сұрақтарға ауызша жауаптары арқылы Топтық жұмыстағы белсенділік танытулары арқылы Топтық жұмыс нәтижелерін сыныптастарына ұсынулары арқылы Топта сұрақтар дайындаулары арқылы Сұрақтарға жауап берулері арқылы | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Топтық жұмыс кезінде абай болу. Топтық жұмыс кезінде белсенді қозғалыс жасайды | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру