Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтары. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1-қосымша

І. Қытай орталығы (Шығыс Азия Орталығы) – онда өсімдіктердің 138 түрлері бар, олардың ішінде ең ерте пісетін және неғұрлым маңызды болып табылатын дәнді дақылдар, қарақұмық және бұршақ тұқымдас өсімдіктері жатады.

II. Үнді орталығы (Оңтүстіказиялық тропикалық) – онда бастапқыда негізгі дәнді дақылдары күріш, тары және бұршақ, жалпы алғанда, 117 түрі шықты. Сондай-ақ ол Үнді-малай орталығын қосады (қоса алғанда Индонезия, Филиппин және т. б.) – мұнда басым дақылдар жемтамырлар болып табылады (Dioscorea, Tacca және т. б. түрлері), сондай-ақ жеміс-жидек түрлері, қант қамысы, дәмдеуіштер және т. б., шамамен 55 түрі.

III. Ішкіазяилық орталық (Оңтүстік-батысазиялық орталық.) - Таджикистан, Өзбекстан және т.б.) Бұл – бидай, қарабидайдың бірнеше түрлерінің, көптеген дәнді дақылдар бұршақ, жүзімнің отаны, 42 түрге жуық.

IV. Кіші азиялық орталық (соның ішінде Кавказ маңы, Иран және Түрікменстан) – негізгі түрлері: бидай, қара бидай, сұлы, тұқымдық және жемшөптік бұршақ тұқымдастар, жеміс-жидектер және т. б. шамамен 83 түрге жуық.

V. Жерортатеңіздік орталық. Бұл орталық мәдени өсімдіктер түрінің 84 түрге жуығын берді. Атап айтқанда: зәйтүн, көптеген малазықтық өсімдіктер (жоңышқа, біргүлді жасымық), көптеген көкөністік (орамжапырақ) және малазықтық дақылдар өскен;

VI. Абиссиналық орталық.(Эфиопиялық) Бұл – дәндік құмай, бананның бір түрінің, майлы ноқат өсімдігі, бидай мен арпаның бірқатар ерекше түрлерінің отаны, 38 түрге жуық. Бұған мәдени өсімдіктердің өте ерекше флорасы бар Африка материгінің шағын ауданы жатады;

VII. Орталық америкалық орталық.Бұл – жүгері, ұзын талшықты мақта, какао, бірқатар асқабақ, үрмебұршақ – 49 түрлі мәдени өсімдіктердің отаны. Бұған Оңтүстік Мексика жатады;

VIII. Андылық (Оңтүстік америкалық) орталық. (Боливия, Перу, Эквадор) Бұл – көптеген түйнекті өсімдіктердің, соның ішінде картоптың, дәрілік өсімдіктердің (кокаинды бұта, хинин ағашы, темекі) өсімдіктердің 45 түрінің отаны. Бұған Оңтүстік Американың батыс жағалауын бойлай созылған Анд тау жотасы атырабының бөлігі жатады.

2-қосымша

Кестені толтырыңыз

Орталықтын аты

Географикалық орны

Алғаш шығарылған іріктемелер

1. Тропикалық (Оңтүстіказиялық )

2.

3.

4.

5.

6.

3-қосымша

№1 тапсырма. Мәдени өсімдіктерді олардың шыққан орталықтарына сәйкестендіріңіз

I. Қытай орталығы(Үнді Қытай, Оңтүстік Азия)

Ж

А) нан дақылдары, қарақұмық және бұршақ тұқымдастар

II. Үнді орталығы (Шығыс Азия,Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайвань, Корея )

Б) күріш, тары, бұршақ тұқымдастар тамыржемістілер, жеміс жидек, қант тростнигі, дәмдеуіштер т.б

III. Ішкі Азия орталығы (Тәжікстан, Өзбекстан, Орта Азия, Ауғаныстан, Солтүстік –Батыс Үндістан)

В) бидай, қара бидай, сұлы, тұқымдық және жемдік бұршақ тұқымдастар, жемістер т.б.

IV. Кіші Азия орталығы (оның ішінде Күнгей Кавказ, Иран мен Түркменстан)

Г) бидай, қара бидай және көптеген шөптектес бұршақ тұқымдастар, сол сияқты тұқыммен егілетін тамыржемістілер мен жемістер

V. Жерорта теңізі орталығы(Жерорта жағалауындағы елдер)

Д) бидай, арпа, мал азықтық өсімдіктер, көкөністер мен жемістер сияқты дақылдар, сонымен қатар, әсіресе, дәмдеуіштер мен өсімдіктердің эфир майлары енеді

VI. Абиссиния (қазіргі Эфиопия) орталығы –

Е) бидай, арпа, жергілікті дән, дәмдеуіштер т.б

VII. Оңтүстік Мексика және Орталық Америка орталығы

Ж) жүгері, үрме бұршақ, бақша түрлері, дәмдеуіштер, жемістер мен талшықты дақылдар

VIII. Оңтүстік Америка Анд өңірі (Боливия, Перу, Эквадор)

И) Картоп, Андыда дәнді дақылдар, көкөністер, дәмдеуіштер, жемістер, наркотиктер (кокаин, табак т.б.)

№2 тапсырма. Берілген жануарларды шыққан орталықтарымен сәйкестендіріңіз:

Шыққан орталықтары

жауабы

Үй жануарлары

1.Қытай-Малай орталығы

А. Жылқы, қой, үйрек, нілдік қаз, үйқоян

2. Үндіқытай орталығы

Ә.Қой, ешкі, нар, кептер.

3.Оңтүстік Батыс-Азиялық орталық

Б.Шошқа, тауық, тұт жібеккөбелегі

4. Жерорта теңіздік орталық

В.Түйеқұс, сырдаңтауық, мысық.

5. Оңтүстік Америкалық орталық

Г. Енеке, ит, сиамдық мысық, балара.

6. Африкалық орталық

Д. Таутайлақ, кекілеш, күркетауық, теңіз шошқасы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу