Мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының шығу тегінің орталықтары. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1-қосымша

І. Қытай орталығы (Шығыс Азия Орталығы) – онда өсімдіктердің 138 түрлері бар, олардың ішінде ең ерте пісетін және неғұрлым маңызды болып табылатын дәнді дақылдар, қарақұмық және бұршақ тұқымдас өсімдіктері жатады.

II. Үнді орталығы (Оңтүстіказиялық тропикалық) – онда бастапқыда негізгі дәнді дақылдары күріш, тары және бұршақ, жалпы алғанда, 117 түрі шықты. Сондай-ақ ол Үнді-малай орталығын қосады (қоса алғанда Индонезия, Филиппин және т. б.) – мұнда басым дақылдар жемтамырлар болып табылады (Dioscorea, Tacca және т. б. түрлері), сондай-ақ жеміс-жидек түрлері, қант қамысы, дәмдеуіштер және т. б., шамамен 55 түрі.

III. Ішкіазяилық орталық (Оңтүстік-батысазиялық орталық.) - Таджикистан, Өзбекстан және т.б.) Бұл – бидай, қарабидайдың бірнеше түрлерінің, көптеген дәнді дақылдар бұршақ, жүзімнің отаны, 42 түрге жуық.

IV. Кіші азиялық орталық (соның ішінде Кавказ маңы, Иран және Түрікменстан) – негізгі түрлері: бидай, қара бидай, сұлы, тұқымдық және жемшөптік бұршақ тұқымдастар, жеміс-жидектер және т. б. шамамен 83 түрге жуық.

V. Жерортатеңіздік орталық. Бұл орталық мәдени өсімдіктер түрінің 84 түрге жуығын берді. Атап айтқанда: зәйтүн, көптеген малазықтық өсімдіктер (жоңышқа, біргүлді жасымық), көптеген көкөністік (орамжапырақ) және малазықтық дақылдар өскен;

VI. Абиссиналық орталық.(Эфиопиялық) Бұл – дәндік құмай, бананның бір түрінің, майлы ноқат өсімдігі, бидай мен арпаның бірқатар ерекше түрлерінің отаны, 38 түрге жуық. Бұған мәдени өсімдіктердің өте ерекше флорасы бар Африка материгінің шағын ауданы жатады;

VII. Орталық америкалық орталық.Бұл – жүгері, ұзын талшықты мақта, какао, бірқатар асқабақ, үрмебұршақ – 49 түрлі мәдени өсімдіктердің отаны. Бұған Оңтүстік Мексика жатады;

VIII. Андылық (Оңтүстік америкалық) орталық. (Боливия, Перу, Эквадор) Бұл – көптеген түйнекті өсімдіктердің, соның ішінде картоптың, дәрілік өсімдіктердің (кокаинды бұта, хинин ағашы, темекі) өсімдіктердің 45 түрінің отаны. Бұған Оңтүстік Американың батыс жағалауын бойлай созылған Анд тау жотасы атырабының бөлігі жатады.

2-қосымша

1. Қай орталықтан Колумб, Еуропаға картоп, темекі әкелді?

2. Осы ошақтың негізі - Хуанхэ өзенінен қоңыржай белдеуінің ауданы. Салыстырмалы түрде жоғары температуралық режимімен, өте үлкен дәрежедегі ылғалдануымен, біркелкі өсімді кезеңімен сипатталады.

3. Анар «патшалар жемісі» болып саналады. Бұл оның та тегінінің тостағанша жапырақшалары патша тәжіне ұқсас болуына байланысты.

Тіпті, анар адамдарға патшалардың бас киім үлгісіне жол көрсетті деп есептеледі. Анар ағашының отаны, Персия болып есептелетін көрінеді. Бізге бұл экзотикалық жеміс қандай орталықтан келген?

4. Қияр отаны Үндістан деп саналады, әлі күнге дейін оның жабайы түрлері кездеседі. Оның орталығын атаңыз.

5. «Кофе –құдай сусыны» Бұл ғажайып сусын б. э. дейінгі I000 жыл бұрын танымал болатын. Кофе отаны Эфиопия. Кофе біздің елімізге қайдан келген?

6. Ацтектер какао-бұршақтарынан, какао сусыны "чоколатль" — ащы суды, бірінші дайындап келген. Қандай орталықта екенін атаңыз.

3-қосымша

Картада белгіленген орталықтардың атауларын жазыңыз.

№1 Берілген тест сұрақтарының бір дұрыс жауабын таңдаңыз.

1. Жануарлар қолтұқымын, өсімдіктер іріктемесін, ұсақ ағзалардың таза дақылдарын шығарудың теориялық негіздері мен әдістерін жетілдірумен шұғылданатын ғылым

А) Іріктеу В) Сұрыптау С) Жұптау D) Технология E) Жіктеу

2. Күріштің пайда болу орталығы

А) Үнді орталығы В) Шығыс- Азиялық орталық

С) Оңтүстік-Батыс Азиялық орталық D) Жерорта теңіз орталығы E) Абиссина орталығы

3. Жүгерінің пайда болу орталығы

А) Жерорта теңіз орталығы В) Шығыс-Азиялық орталық С) Оңтүстк- Батыс Азиялық орталық

D) Орталық америкалық орталық E) Абиссина орталығы

4. Бидай, қарабидай және сұлы отанын көрсетіңіз

А) Африкалық орталық В) Оңтүстік Америкалық орталық С) Жерорта теңіздік орталық

D) Оңтүстік Батыс Азиялық орталық E) Кіші Азия орталығы

5. Картоп, хинин ағашы, табактың шыққан орталығы

А) Анд(Оңтүстік Америкалық орталық) В) Шығыс- Азиялық орталық

С) Оңтүстік-Батыс Азиялық орталық D) Жерорта теңіз орталығы E) Абиссина орталығы

№2 Тест сұрақтарының 3 дұрыс жауабын таңдаңыз.

1. Оңтүстік-Батыс Азиялық орталығының географиялық орны

А) Корея В) Иран С) Ауғанстан D) Орта Азия Е) Мексика F) Қытай

2. Жерорта теңізі орталығынан шыққан мәдени өсімдіктерді теріп жазыңыз:

А) күріш В) соя С) жоңышқа D) зәйтүн Е) біргүлді жасымық F) кокаин бұтағы

3. Орталық Америкалық орталығынан шығарылған іріктемелер

А) ұзын түкті мақта В) құмай С) зәйтүн D) үрмебұршақ Е) какао F) картоп



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу