Адам қозғалысының биомеханикасы. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Биомеханика ағзаның қозғалыс кезіндегі жағдайын зерттейді. Ол сүйектер мен бұлшық еттердің қозғалыс кезіндегі өзгерістерін қамтиды.

Мысалы, отырудың биомеханикасы табан, сан, жіліншік, тізе, иық, арқа және иық белдеуінің өзгерістерін қамтиды.  

Биомеханика элементтері

  • Статика: тұрақты жылдамдықпен қозғалып жатқан немесе тепе-теңдіктегі тыныш тұрған жүйені зерттеу
  • Динамика: жылдамдығы артып немесе кемитін қозғалыстағы жүйені зерттейді
  • Кинематика: қозғалыстағы жүйеге күштің әсерін зерттеді.

Биомеханика – адам ағзасының қозғалыстарын түсіндіретін ғылым саласы.

Ағзаның биомеханикасын дұрыс ұйымдастыра білу арқылы ағза потенциалын максималды түрде зақымданусыз тиімді пайдалану мүмкін болады. Әсіресе спорт жаттықтырушысы мамандары үшін бұл аса маңызды. Жарақаттан соң зақым алған мүшені жасау, қол көз, аяқты алмастыруда басты рөл атқаратын сала осы биомеханика. Бұл саладағы білім адам өмірінде де кеңінен қолданыс тапқан. Мысалы, инелікке қарап тікұшақ жасалған. Көптеген тұрмыстық заттардың қолдануға қолайлы болуы осы биомеханиканың заңдылықтарына негізделумен қамтамасыз етіледі. Мысалы, Unica құрылғылары дене бұлшық еттерің жаттықтырудың ең бірегей, әрі ыңғайлы құрылғы, себебі онда биомеханика заңдылықтары толығымен сақталады. Оның 1,5 ауданында 25 түрлі жаттығуды еш кедергісіз орындауға болады.

Биомеханиканың 5 маңызды құрамбөліктеріне қозғалыс, күш, импульс, рычаг және баланс жатады.

Қозғалыс – кеңістіктегі дене немесе нысанның орын ауыстыруы. Ол жылдамдықпен сипатталады.

Күш – бағытты өзгерту, баяулау немесе жылдамдауға әкелетін итеріс.

Импульс –орын ауыстыру кезіндегі салмақ пен жылдамдықты тудыратын фактор.

Тетік (Рычаг) -  кедергі тетігі, тірек нүктесі, айналу білігі деген 3 тетік түрі болады. Адамның аяқ қолдары тетік болып табылады.

Баланс - тұрақты. Тепе-теңдіктің негізгі қағидасы ауырлық орталығының тіреу негізінде теңесуі болып табылады. Баланстың жақсы болуы әртүрлі жаттығулар кезінде маңызды.

 Биомеханика дененің анатомиялық қалпынан бастап, яғни тік тұрған кезден бастап әрбір қимылын қарастырады. Анатомиялық қалып дегеніміз адамның алға қарап, екі қолды алақанымен төмен қаратып екі жанына алып тік тұрған қалпы.

Жүру — кезінде бір аяқ екінші аяқтың ауада көтеріліп тұрған кезінде тіреніш болады. Екі аяқ бір-бірін кезекпен алмастырып отыру арқылы денені алға қарай жылжытады. Екі аяқтың кезекпен қозғалу реті болады.

Бұлшық еттер қимыл қызметтерін атқарып, адам денесіндегі механикалық энергияның негізгі көзі болып саналады.

Дененің сыртқы орталықта қимылдауы, оған бейімделуі, бір-бірімен қарым-қатынас жасауы да осы бұлшық еттердің жұмысының нәтижесінде болады.

Көптеген рычагтар 3 бөліктен тұрады:

Айналу осі - тірек нүктесі, айналысында қозғалыс жүзеге асады.Рычаг денеміздегі буындар.

Жүктеме - салмақ, қайта орналастыру қажет болады (қарсылық, қарсыласу).

Күш - орын, күш қай жерде қолданылады. Бұлшықеттердің жиырылуы кезінде, ағзада көп күш жұмсалады.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында оқушылардың жеке бас қауіпсіздіктерін сақтаулары ескертіледі.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Тақырып физика пәнімен тікелей байланысты. Көптеген ұғымдар мен үдерістер физикалық заңдылықтарға негізделеді. Тақырыпты ңнегізгі бөлігі мұғалімнің түсіндірмесі арқылы жүзеге асырылады.

Ұсынылған видеоматериалдар ағылшын тілінде болғанымен оқушыларға тек қозғалысқа назар аудару қажет екенін ескерту жөн.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Оқушылардың адамның тік жүруіне байланысты ерекшеліктерінің мәнін түсіндіре білулері маңызды.

Қозғалыс кезіндегі дененің салмағы түсетін ауырлық орталығы мен тірек нүктесі, адам ағзасындағы иін түрлері мен олардың маңызын түсіндіре білуі тиіс. Оқушылардың адам денесінің әртүрлі қозғалысы кезіндегі ауырлық орталықтарын анықтай білуіне назар аударылады.

Биомеханика саласындағы білімнің өмірдегі қолданысы, осы салаға қатысты мамандықтар туралы ақпаратты түсінулеріне көңіл бөлу қажет.

  • Саралау тапсырмалары

3-қосымшада ұсынылды

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

 Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

  • Тік жүруге байланысты адамның қозғалуының биомеханикалық ерекшеліктерін біледі.
  • Тік жүру кезіндегі дененің ауырлық орталығы, тірек нүктесі, иіндердің мәнін түсіндіреді.
  • Адамның әртүрлі қозғалыстары кезіндегі тірек нүктесін анықтайды
  • Тік жүруге байланысты адам денесінің ерекшеліктерін түсіндіреді.
  • Адамның әртүрлі қозғалыс кезіндегі ауырлық күшінің бағытын сызып көрсетеді.
  • Сілтемелер мен ресурстар

Walking With Lucy | California Academy of Sciences

https://www.youtube.com/watch?v=xT8Np0gI1dI

Flexible Muscle-Based Locomotion for Bipedal Creatures

https://www.youtube.com/watch?v=pgaEE27nsQw

Ақтаулық оқушы жасанды қол протезін жасап шығарды

https://www.youtube.com/watch?v=zxh_A-B_CUI



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу