Агглютинация және резус-конфликт (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
РЕЗУС-ФАКТОР ЖӘНЕ РЕЗУС-КОНФЛИКТ
Жер бетінде тұрғындардың 85% эритроциттерінде антиген резус-фактор (Rh) бар, оларды резус оң (Rh+) (оң), ал егер жоқ болса резус теріс (Rh-) деп атайды. Rh-теріс қанының плазмасында агглютининдер болуы міндетті емес, алайда Rh+ қанын Rh- қаны бар адамға құйса, онда резус-конфликт пайда болады.
Резус фактор оң (Rh+) доминантты, ал резус фактор (Rh-) рецессивті белгі болып табылады. Бұл фактордың әсері әйел жүкті болғанда байқалады, егер әйел өзі резус-теріс, ал ұрық (баласы) резус-оң болса резус-конфликт туындауы мүмкін. Жүктіліктің соңғы айларында ұрықтың резус-оң эритроциттерінің фрагменттері анасының қанына өтіп, оның ағзасында антиденелердің түзілуін туғызуы мүмкін, ол антиденелер ана қанынан қайтадан плацента арқылы еніп ұрықтың эритроциттерін бұзады. Теріс-резусты әйелдердің бірінші жүктілігінде антиденелер қалыптасып үлгермейді, сондықтан балаға қауіп төнбейді. Алайда келесі резус-оң жүктіліктерде ұрықтың эритроциттері бұзылып, бала өлі туады немесе түсіп қалуы мүмкін, немесе күні толмай туады да қаназдықпен ауырады. Ондай жағдайда баланың қанын донордың қанымен ауыстырады. Бұны нәрестенің гемолитикалық ауруы немесе эритробластоз деп атайды, мұндай жағдай баланы өлімге әкеледі.
Қазіргі кезде жаңа технология алдын ала, бала тумай тұрып, қанын ауыстыруға мүмкіншілік береді.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Қан топтарын анықтау тәжірибесі кезінде оқушылардың сынауық сияқты шыны құралдармен жұмыс кезінде абай болу. Түрлі бояуларды қолдануда, ерітінділерді құйып өлшеуде қауіпсіздікті сақтауы ескертіледі. Тәжірибе барысында жеке басының қауіпсіздігін сақтаулары маңызды.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Сабақ басында оқушылардың қан топтары сай келмегенде адам өміріне қауіп төнетінін, қан тобы белгісіз адамға қан құюдың дұрыс емес екенін түсінулері маңызды.
6-слайдтағы сұрақтардың көмегімен қан топтарының не себепті сай келмейтінін білуге ынталандырып, оқушылармен бірге 7-9 слайдтардағы ақпараттарды талдап, болысынша қанның сай келмеуінің себебі оның құрамындағы нәруыздарға байланысты, олардың бірі антиген екіншісі антидене болып келетіндіктен өзара байланысып қалуы мүмкін екендігіне тоқталу қажет. Бұл түсіндірме үлгілеу кезінде қиындық туындаса, немесе топ оқушыларының жұмысы тым баяу жүрілген жағдайда ғана беріледі. Басқа кезде оқушыларға слайдтардағы ақпараттарды пайдалана алатынын ескерту жеткілікті. Оқушылардың өздігінен түсініп алуларына жағдай жасаған жөн.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылардың агглютинацияның жүру себептерін түсіндіруі, эритроциттегі антиген мен плазмадағы антидененің сәйкестіктерін түсіндіруі, резус –факторды түсіндіруі, оның конфликтіге келу себебін түсіндіруі, бұл үдерістерді білудің адамның тіршілігіндегі рөлін білуіне кері байланыс беріледі.
Қалыптастырушы бағалау сабақтың басталуынан бастап соңына дейін жүріледі. Оқушылардың ауызша жауаптары, тәжірибе кезіндегі қорытындылары мен түсіндірулері, үлгілеу немесе сызба, слайдтар арқылы агглютинация механизмін түсіндірулері, сұрақтарға жауап берулері, қосымша тапсырмаларды орындауына кері байланыстар беріледі.
- Саралау тапсырмалары
- 3-қосымшада ұсынылды
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
2-қосымша
Қан топтары | Қан беруге болады | Құюға болады |
І ІІ ІІІ ІҮ | І, ІІ, ІІІ, ІҮ ІІ, ІҮ ІІІ, ІҮ ІҮ | І І, ІІ І, ІІІ І, ІІ, ІІІ, ІҮ |
3-қосымша
1. В) ІІ топ
2. Суретте сандармен берілген құрылымдады атап, процесті түсіндіріңіз.
1. антиген (агглютиноген)
2. антидене
3.эритроциттердің антигеніне плазмадағы антидененің жабысып қалуы, агглютинацияның жүруі.
4.агглютинация салдарынан қанның ағуының тоқталуы.
3. А.
- Анасы Rh+ әкесі Rh+, баланың Rh+
- Анасы Rh– әкесі Rh– , баланың Rh -
- Анасы Rh+ , әкесі Rh– , баланың Rh+ Rh–
- Анасы Rh– , әкесі Rh+, баланың Rh+ Rh–
Ә. 4- балаға жасалады, себебі ол баланың анасы Rh– болғандықтан ұрық қанында агглютинация жүреді.
- Сілтемелер мен ресурстар
Ақпараттар: http://spct.kz/kz/donolar-ushin/kan-zn-onin/
http://kazmedic.kz/archives/3475
резус-фактор:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру