Агглютинация және резус-конфликт (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1- қосымша

 Қан топтары

 Қан құю кезінде донор (қан беруші) мен реципиенттің (қанды қабылдаушы) қан топтары сәйкес келмесе иммундық реакция байқалады.

 

 Эритроциттердегі кейбір антигендік қасиеттердің жалпылығы бойынша барлық адамдар белгілі қан тобына тиістілік бойынша бөлінеді. Әр адамның қан тобы ерекше. Белгілі қан тобына тиістілік адамның өмір бойы өзгермейді. Қан «AB0» жүйесі бойынша төрт топқа бөлінеді.

Адам қанындағы эритроциттерде антигендер деп аталатын арнайы нәруыздар болады. Ал плазмада антиденелер деп аталатын нәруыздар бар. Антиген мен антидене бір-біріне сай келсе байланысу жүреді. Нәтижесінде антиген мен антидене жабысып қалады. Осы процессті агглютинация дейді.

 Желімдену (агглютинация) – аттас агглютиноген мен агглютинин кездескен кезде орын алады. Мысалы: «А» «» мен немесе «В» «β» мен. Эритроцитте агглютиногендер, ал сарысуда агглютинин бар болуынан қан топтарының келесі сипаттамасы берілген.

 І қан тобының эритроцитінде агглютиногендер жоқ, ал плазмасында «» және «β» агглютинин бар – І (О) β.

 ІІ қан тобында агглютиноген «А», ал сарысуында агглютинин «β» бар – ІІ «Аβ».

 ІІІ қан тобының эритроциттерінде агглютиноген «В», ал сарысуында агглютинин «» бар – ІІІ (В) .

 ІV топ эритроциттерінде агглютиноген «А» және «В» бар, ал қан сарысуында агглютининдер болмайды – ІV (АВО).

 Резус фактор

 

Сонымен қатар эритроциттердегі антигендердің тағы тобы резус (D) болады. Резус деген нәруыз резус- макака маймылының қанынан алғаш табылған нәруыз. Бұны резус фактор деп атайды. Осы нәруыз плазмада болса оң Rh+, болмаса теріс Rhдеп белгілейді. Адамдардың 85%-ның қаны Rh+ болып келеді. Ана жатырындағы ұрық пен ананың резустары сай келмегенде резус – конфликт туындайды. Нәресте қанында эритроцит саны кеміп гемолитикалық ауру туындайды. Резус конфликтіні болдырмау үшін бұндайда арнайы емдеу шарасы жүргізіледі. Ол үшін нәруыз - Rh иммуноглобулинді ұрық қанына еңгізеді. Кейде резус-теріс (Rh-) әйел босанғаннан кейін 72 сағаттың ішінде резус-антиденені (анти D) иньекциямен жібереді. Сонда жіберілген антиденелер резус-антигендермен байланысып, оларды жасырады,сонда әйелдің өзінің лимфоциттері оларды танымай өткізіп жібереді.

 Пайдаланған ақпарат көзі: Тейор,Грин, Стаут Биология в 3-х томах, 2 -том.

 

2- қосымша

Төменде берілген кестеге донормен сәйкес келетін қан тобын жазыңыз.

3-қосымша

1. Қанның эритроциттерінде агглютиноген А, плазмасында агглютинин β бар адамдар 35-39% шамасындағы жиілікте кездесетін қан тобы:

А) І топ В) ІІ топ С) ІІІ топ Д) ІV топ

2. Суретте сандармен берілген құрылымдады атап, процесті түсіндіріңіз.

 1............................................2............................................3............................................

 4............................................

......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

3. А. Баланың резус факторын анықтаңыз.

Ә. Rh иммуноглобулинді инъекция жасау қажет болатын жағдайды таңдаңыз.

  • Анасы Rh+  әкесі Rh+, баланың Rh...
  • Анасы Rh әкесі Rh , баланың Rh ...
  • Анасы Rh+ , әкесі Rh , баланың Rh ...
  • Анасы Rh, әкесі Rh+, баланың Rh ...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу