Айналу денесінің көлемі. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 1-2 сабақ.


Келісілді

«Математика» ӘБ жетекшісі

Даулетов К.С.

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.4А

Қисап ІІ

Мектеп: Ақтау қаласындағы ХББ НЗМ

Күні: 12.04.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Урынбаев А.О.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Айналу денесінің көлемі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.5.1.35 анықталған интеграл көмегімен айналу денелерінің көлемін есептеу формуласын қолданады;

Сабақ мақсаттары

анықталған интеграл көмегімен айналу денелерінің көлемін есептеу алгоритмін анықтау және есептеу

Бағалау критерийлері

-анықталған интеграл көмегімен айналу денелерінің көлемін есептеу алгоритмін біледі;

-анықталған интеграл көмегімен айналу денелерінің көлемін есептейді.

Тілдік мақсаттар

интегралды табу қадамдарын сипаттауға дұрыс математикалық терминдерді қолданады, интегралдау, бөліктеп интегралдау;

Құндылықтарды дарыту

 

 

Жұптық жұмыстарда ашық болу, бір-бірін құрметтеу, ынтымақтастық қарым-қатынаста болу, академиялық шыншылдықты сақтау, өмір бойы білім алып, ізденуге дағдылану.

Пәнаралық байланыстар

Физика, геометрия, биология, …

АКТ қолдану дағдылары

Geogebra бағдарламасымен айналу денелерін салады және көлемін есептейді.

Бастапқы білім

Қисап 1 бөлімінде қарастырылған анықталған интеграл, интегралдау кестесі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұ және М

3 минут

І. Сыныпты ұйымдастыру.

Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Өткенді қайталау.

1-Тапсырма : Артық сөзді алап таста!

Сабақтың ортасы

Ұ

2 минут

10 минут

10 минут

15 минут

10 минут

15 минут

10 минут

  • Дұрыс –«Дифференциал»
  • Қалған сөздерді бір ортақ бір сөзбен атайық!
  • «Интегралдық қисап»

Интегралдық қисаптың негізгі ұғымдары мен кезеңдерін еске түсірейік.Тапсырма: бос орындырды толтыр.

2-Тапсырма: Бос клеткаларды толтыр. (Ауызша)

ІІ. Проблемалық жағдай: Мына құмыраның көлемін қалай есептеуге болады ? Оқушылар жауап беріп көреді.

Анықталған интеграл арқылы не есептеуге болады?

Оқушыларға Анықталған интегралдың көмегімен жазық фигуралардың ауданын ғана есептеп қоймай, координата остерінен айналдырылғаннан пайда болған денелердің көлемдерін де есептеуге болады тіндігімізді айтыңыз.

Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері оқушылармен бірге талқыланады.

Жазық фигураның ауданын есептегенде аудан интегралдық функция, жоғарыдан және төменнен шектелген екі интегралдың айырмасы түрінде қарастырылатындығын естеріне салыңыз.

Айналу денесінің көлемін есептеу екі дененің көлемдерінің айырмасы түрінде қарастырылады. Бұл жағдайларды нақты мысалмен қарастырыңыз.

Geogebra бағдарламасын пайдаланып, проблемалық жағдайдың шешу жолын көрсетіңіз.

https://www.geogebra.org/classic/chm8bqda

Айналу денесінің көлемін есептеу алгоритмін оқушылармен бірге құрастырыңыз:

  • Айналдыру арқылы айналу денесі шығатын жазық фигура шектелетін берілген функцияның графигін салу ,
  • Интегралдау шектерін табу;
  • Берілген жағдайда қандай формуламен қолдану ыңғайлы екнін анықтау;
  • Айналу денесінің көлемін есептеу.

Жұптық жұмыс:

№1. Москва қаласындағы Шаболовкадағы радиостанция мұнарасы. у = 0,5х қисығын, аралығында Ох осімен айналдырғанда пайда болған дененің көлемін табыңыз.

№2. Параболическая антенна.

у = х2 қисығын, аралығында Оу осімен айналдырғанда пайда болған дененің көлемін табыңыз

Мұғалім жұптық жұмыс ұйымдастырады. Сынып жұптарға бөлініп, барлығына бірдей тапсырмалар беріледі. Алдын ала дайын дискриптор бойынша жұптар бір – бірін бағалайды. Мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

Бағалау: Жұптар бірін – бірі бағалайды.

V Есептер шығарту; жеке, сосын топта талдау

Топтық жұмыс

VІ. Өзіндік жұмыс: деңгейлік тапсырма

Оқушылардың өздіктерінен орындауларына тапсырмалар беріледі.

Қарапайым деңгей

Орта деңгей

Жоғары деңгей

№3.у = х2 қисығын, аралығында Ох осімен айналдырғанда пайда болған дененің көлемін табыңыз.

№4. аралығында х = 3у – у2 қисығын Оу осінен айналдырғаннан пайда болған дененің көлемін табыңыз.

№5. сызықтармен шектелген фигураның ауданын есептеңіз

Дескриптор:

  • Айналдыру арқылы айналу денесі шығатын жазық фигура шектелетін берілген функцияның графигін салады ,
  • Интегралдау шектерін табады;
  • Берілген жағдайда қандай формуламен қолдану ыңғайлы екенін анықтайды;
  • Айналу денесінің көлемін есептейді.

Жауабы:

Алдын - ала дайын дискриптор бойынша мұғалім оқушыларды бағалайды.

Бағалау: Мұғалім бағалайды.

Оқушылар шығарып болған соң «карусель» әдісімен өз тапсырмасын жаңа топта түсіндіреді.Оқушылар барлық тапсырмаларды дәптерлеріне жазады.

Презентация

Қосымша

Қосымша

Сабақтың соңы

5 минут

1. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • I – interactive Мен нені бұрын білдім?
  • N – nothing Мен нені білмедім?
  • S – system Мен нені жаңа ғана үйрендім?
  • E – effective Бұл қаншалықты тиімді?
  • R – reading Маған тағы қандай ақпарат қажет?
  • T – thinking Мен не туралы әлі ойлау керекпін?

2. Бағалау. Барлық жасалынған жұмыстар бойынша мұғалім қорытынды бағалау жасайды. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

3. Үйге тапсырма:

№6. y = x2 және  x = y2 параболаларымен шектелген фугураны Ох осімен айналдырғанда пайда болған дененің көлемін табыңыз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сын тұрғысынан ойлаудың жеделдету қағидасы бойынша өткен тақырыптарға шолу жасалынады. Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұпта жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Қабілеті жоғары оқушылар сын тұрғысынан ойлаудың күрделендіру қағидасы бойынша тақырыпты өздігінен меңгеру барысында сыныптың проблемалық тапсырманы графиктік тәсілмен орындап шығуына бағыт беріледі. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында рефлексия жүргізу барысында INSERT техникасы қолданылады.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетіледі. Әрбір тапсырмадан кейін кері байланыс беріледі. Жұптық жұмыстар мен өздік жұмыстар дескриптор бойынша тексеріледі.

Сынып бөлмесі сабақтан бұрын желдетілген. Сыныптағы орындық парталар түзу тур. Сыныптың іші жарық және сол жақтан түсуде. Сынып бөлмесі алғашқы дәрігерлік көмек қобдишасымен жабдықталған.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу