Оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2 С бөлім: Ықтималдық

Мектеп: Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме

10.3.2.1 кездейсоқ оқиға ұғымын, кездейсоқ оқиға түрлерін білу және оларға мысалдар келтіру;

10.3.2.2 ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу;

Сабақ мақсаты

Кездейсоқ оқиға анықтамасын және оның түрлерін білу;

Кездейсоқ оқиғалар түрлеріне есептер шығару.

Жетістік критерийлері

Оқушы мақсатқа жетті, егер:

Кездейсоқ оқиға анықтамасын және оның түрлерін ажырата алса;

Кездейсоқ оқиғалар түрлеріне есептер шығара алса.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Тәжірибені қалай өткізгендері туралы ауызша және жазбаша мәлімет бередіНегізгі шарттарды түсіне отырып, оқиға мәндерін шамаларын табуда дұрыс техниканы қолданадыПәнге қатысты лексика мен терминология:

Ықтималдылығы бар..

Ықтималдықты есептеу, үйлесімсіз, үйлесімді, тең мүмкіндікті, тәуелсіз, тәуелді, ақиқат, дәл

Мүмкін нәтижиелерді айтып шығыңыз

Болжам жасаңыз

оқиға, сынақ, нәтиже кестесі, кездейсоқ

жағдайда, ақиқат, ақиқат емес, тәжірибе жасау,

ықтималдылықтарды көбейту/қосу

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Болжам бойынша, біз келесіні тексермекпіз…

Басқа сөзбен айтқанда, біздің .............білгіміз келеді

Сонымен , біз тәжірибені ...................үшін жасадық

Тәжірибенің бірінші/екінші/соңғы бөлімдерінде … болды

Тәжірибе бірнеше рет өткізілді

Тәжірибе / сынақ саны

Біз бірнеше сынақ жасадық.

Күтілген нәтиже …

Ықтималдықты бағалау …

Нәтижелер

Біздің болжамымыз тура/қате болды.

Сонымен болжам … көрсетті.

Біз келесі ........ қорытындыға келдік.

Құндылықтарды дарыту

Оқып білу дағдысы, ақпаратты өздігінен табу, жағдайды сараптау, жаңа жағдайларға қалыптасу, мәселе қойып және шешім қабылдай білу, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған жұмыс негізінде жасалынады.

Пәнаралық байланыстар

Күнделікті өмірмен тығыз байланысты.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны презентация таныстыру үшін қолдану, тақтаны жазу құралы ретінде қолдану, интернеттен ақпарат іздей алу қабілетін дамыту.

Бастапқы білім

Оқушылар ықтималдық түсінігін түсінеді және ықтималдықты зерттеу үшін кездейсоқ эксперименттерді модельдейді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

3 мин

I. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сабақ тақырыбымен, сабақ мақсатымен таныстыру, сыныпты жұптарға бөлу

Презентация

8 мин

15 мин

12 мин

II. Кіріспе. Жұптық жұмыс. Сабақ басында оқушылардан өмірде қандай да бір оқиғаның пайда болу немесе болмауын қалай өлшейтіндігін сұраңыз. Қандай сөздерді немесе сөз тіркестерін қолданатындары жайлы сөз қозғаңыз.

Оқушыларға оқиғаның пайда болуын сипаттау үшін келесі мүмкіндіктер шәкілін (шкаласын) ұсыныңыз.

Жұпта оқушылар бір-біріне келесі сұрақтарды қою арқылы берілген шәкілге оның пайда болу мүмкіндігін орналастырулары керек. Сұрақтар мысалы келесідей болуы мүмкін:

а) Түнгі он екіде күн шықты (мүмкін емес).

ә) Тиынды лақтырғанда елтаңба жағы түседі (тең мүмкіндікті)

б) Шілдеде Қарағандыда қар жауады (мүмкін, бірақ өте сирек, яғни бұл оқиғаның мүмкіндігі өте төмен)

в) Осы аптада мен ұйықтаймын (ақиқат).

г) Ойын сүйегін лақтырғанда 2 саны түседі (мүмкіндігі төмен, 2 саны ойын сүйегінің тек бір жағында, ал қалған бес жағында 2-ден өзге сандар).

ғ) Ойын сүйегін лақтырғанда жұп саны түседі (тең мүмкіндікті, өйткені жұп сандар мен тақ сандар саны тең).

Ықтималдық теориясы нені зерттейді? Бірмәнді және көпмәнді нәтижесі бар мысалдар қарастырылады. Осы мысалдардың көмегімен оқушылар ықтималдық теориясының заңдылықтарына қорытынды жасайды.

III. Кездейсоқ оқиға. Оқиғалар ұғымы ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Белгілі бір шарттар орындалғанда пайда болатын құбылысты оқиға дейміз.

Мысалы: Лақтырылған асықтың түсуін бақылайық. Ол бүк, шік, алшы, тәйкі деген жақтарымен түсе алады. Алдын-ала асықтың қай жағы түсетіні белгісіз болғандықтан, оқиға кездейсоқ оқиға деп аталады.

IV. Есептер шығару. Қосымша №1.

Презентация

Қосымша №1

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ соңында рефлексия жүргізеді:

- Мен үйрендім...

- Менің білгім келетіні...

- Нені жақсартуым керек?

Презентация

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Қабілеті жоғары оқушыларды топтық жұмыста өзінің ой пікірлерін айтқызамын және оның басқа оқушыларға үлгі болуына басқа оқушылардың үлгілі оқушыға қарап сап түзуіне немесе өзіндік үлгі болуларына жағдаяттар туғызамын.

Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу