Оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері. Алгебра, 10 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.
1. Ойын сүйегін лақтырғанда ұпайлар саны жұп болуының ықтималдығы қандай?
2. Екі тиынды лақтырды. Әр тиында елтаңба түсуінің ықтималдығы қандай?
3. Бірдей жеті билеттің біреуінде ұтыс бар. Жеті адам кезекпен және кездейсоқ бір билеттен алады (және кейін қайтармайды). Ұтысы бар билетті алу кезек нөміріне байланысты ма?
4. Екі ойын сүйегін лақтырып, түскен ұпайларының қосындысын санады. Қайсысының ықтималдығы жоғары: 7 немесе 8?
5. Жәшікте қолға бірдей сезілетін 20 шар бар. Олардың 12-сі ақ және 8-і қара. Кездейсоқ бір шарды алып шығады. Оның ақ болу ықтималдығы қандай?
6. Жәшікте қолға бірдей сезілетін 20 шар бар. Олардың 12-сі ақ және 8-і қара. Кездейсоқ екі шарды алып шығады. Олардың екеуінің де ақ болу ықтималдығы қандай, әр түрлі түсті болуының ықтималдығы қандай?
7. Бір жәшікте 8 ақ және 12 қызыл, ал басқасында 15 көк және 5 қара шар жатыр. Әр жәшіктен кездейсоқ бір шардан алады. Қызыл және қара шарларды алып шығу ықтималдығы қандай?
8. Қолға бірдей сезілетін бес карточкада әріптер жазылған: екеуінде – Л әрпі және үшеуінде – И әрпі. Осы карточкаларды кездейсоқ қатарынан қойып шығамыз. ЛИЛИИ сөзінің шығу ықтималдығы қандай?
9. Жәшікте 15 қызыл, 9 көк және 6 жасыл қолға бірдей сезілетін шарлар жатыр. Кездейсоқ 6 шарды алады. 1 жасыл, 2 көк және 3 қызыл шарды алу ықтималдығы қандай?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру