Геометриялық ықтималдық. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.4С Ықтималдықтар теориясының элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Геометриялық ықтималдық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.4.3.6 геометриялық ықтималдық анықтамасын біледі және есеп шығаруда қолданады

Сабақ мақсаттары

Ықтималдықтың геометриялық түсінігін тұжырымдау

Геометриялық ықтималдыққа байланысты есептер шығару

Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетті, егер:

  • геометриялық ықтималдық анықтамасын біледі;
  • есеп шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

  • Пәндік лексика және терминология: Тәжірибе, эксперимент, оқиға, кездейсоқ оқиға, мүмкін емес оқиға, шынайы оқиға, қарапайым оқиға, қарапайым нәтиже, оқиғаға қолайлы жағдай жасайтын, қолайлы нәтижелер саны, тенге лақтыру/ойын, абсолютті және салыстырмалы жиіліктері

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушылардың сабақтағы мәдениетін тәрбиелеу: мұқият тыңдау және тапсырмаларды орындау
  • Ұқыптылық, еңбекқорлық, жауапкершілік, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
  • Математикалық сауаттылықты дамыту

Азаматтық жаһандық құндылықтары:

  • Патриоттық сезімдерді тәрбиелеу: Математика және қазақ тілі пәндерінің интеграциясы арқылы Отанға деген құрмет;
  • Математика және ағылшын тілі пәндерінің интеграциясы арқылы өзге халықтарға деген құрметтеушілік қарым-қатынасты тәрбиелеу;

Сабақ үстінде коллоборативті орта құру арқылы өзін ұстау мәдениетін, жақсы қарым-қатынас қалыптастыру.

Негізгі

дағдылары

Өзін-өзі реттеу дағдылары:  

Сабақтағы тапсырмаларды орындау кезінде өзінің уақытын берілген уақытқа сай реттейді және түсінбеген тұстарын басқа балалардан немесе мұғалімнен сұрайды

Бастапқы білім

Ықтималдық түсінігі; әзірлеу, статистикалық эксперименттер жасау және есеп беру; формулаларды қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

I Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу қажет.

II Қайталау

Қайталау сұрақтары (жаңа тақырыпқа сай өткенді қайталау, фигуралардың аудандарын, шеңберге іштей сызылған үшбұрыш)

III Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері оқушылармен бірге талқыланады.

Тақырыпқа шығу. Мақсатты анықтау

Презентация

Сабақтың ортасы

10 минут

11 минут

12 минут

IV. Жаңа тақырыпты ашу

Жұптық жұмыс

Жаңа тақырыпты меңгеруге оқушыларға тапсырма беріледі. Дескрипторда көрсетілген қадамдар бойынша орындап, жаңа тақырыпты ашады.

Бағалау: дескриптор бойынша мұғалім бағалайды

Анықтама. А оқиғасының ықтималдығы М облысының ауданы SM-нің N облысының ауданы SN-ге қатынасына тең, яғни

P(A)=

V Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмасы

Екі оқушы тақтаға шығып, дартс ойынын ойнайды. Дартс ойыны арқылы жаңа тақырыпты меңгереді.

Тапсырма

Төмендегі суретте радиустары 1, 3 және 5 болатын концентрлі дөңгелектерден тұратын нысана бейнеленген. Кездейсоқ атылған садақ жебесінің осы нысанаға түсетіні белгілі болса, онда оның сол түскен аймаққа түсу ықтималдығын табыңыз.

Бағалау: оқушылар бірін-бірі бағалайды

Дескриптор

1

Көк дөңгелек ауданын табады

2

Қызыл дөңгелек ауданын табады

3

Жасыл дөңгелек ауданын табады

4

Көк сақина ауданын табады

5

Жасыл сақина ауданын табады

6

Аудандарының қатынастарын табады

VI Жеке жұмыс

Саралау тапсырмаларын беру арқылы балалардың бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергені анықталады.

Деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Бағалау: дескриптор бойынша мұғалім бағалайды.

Презентация

Қосымша 1

Математика. 2-бөлім. 9-сыныпқа арналған оқулық, 2020 / Г.К. Апеева,Т.У. Аубакиров, Г.Б. Кожахметова және т.б. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлікмектептері» ДББҰ, 2020. – 272 бет.

Қосымша 2

Сабақтың соңы

2 минут

VII Рефлексия

Жасыл және қызыл түсті қағаздар таратамын. Балалар тақтаға жабыстырады.

Жасыл – тақырыпты жақсы түсіндім

  • Сары – сұрақтар бар.

Үйге тапсырма: 12.74 – 12.77; 12.79

Презентация

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу