Ньютон биномының қасиеттері. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Комбинаторика элементтері | Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі. | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Ньютон биномының қасиеттері | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.3.1.6 Ньютон биномы формуласын және оның қасиеттерін білу және қолдану; | ||||||
Сабақ мақсаттары | Ньютон биномы формуласын қолданып есептер шығару арқылы, оның қасиеттерін енгізу және оны есеп шығаруда қолдану | ||||||
Бағалау критерийлері | Білу: Ньютон биномы формуласын және оның қасиеттерін біледі; Түсіну: Ньютон биномы формуласының қасиеттерін қорыту жолын түсінеді; Қолдану: Ньютон биномы формуласының қасиеттерін есеп шығаруда қолдана алады; | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар сыни тұрғыдан ойлай отырып, бойларына ынтымақтастық, жарқындылық, мақсаттылық, жауапкершілік қасиеттерді дарыту. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
... мүмкін оқиғадан ... элементті таңдаудың ... тәсілі бар. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сабақтың әр кезеңінде жаңа материалды меңгеруді, қорытындылауды тиімді жүзеге асыру үшін презентациямен жұмыс және тапсырмаларды Activ Board –та орындау арқылы интерактив тақтамен жұмыстану дағдыларын дамыту. | ||||||
Бастапқы білім | Комбинаториканың формулаларын және Ньютон биномы формуласын біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 мин | 1.Ұйымдастыру сәті. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау. 2. Жұптық жұмыс. Мақсаты: сабақ барысында жаңа материалды меңгеруде қажетті, Ньютон биномы, формуласын еске түсіру. Тапсырмаларды сыныптасымен талдап, бір-біріне түсіндіріп, орындайды. Мұғалімнің іс-әрекеті: Топшамалар беріп, жұпқа бөлінуін, жұптардың бірігіп тапсырмаларды орындауын қадағалау. Дұрыс жауап экраннан көрсетіледі. Оқушының іс-әрекеті: Топшамалардың ішіндегі бірдей тапсырмалар бойынша жұбын тауып, тапсырманы орындайды. | Топшама Қосымша №1 | |||||
Сабақтың ортасы 5 мин 2 мин 10 мин 8 мин 8мин | 3. Жаңа тақырыпқа кіріспе. Мақсаты: Жаңа тақырыпты жеңіл қабылау үшін және жаңа тақырып пен өткен тақырыптың байланысын анықтау үшін мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп және тапсырмаларды орындау. Оқушының іс-әрекеті: *Қойылған сұрақтарға жауап береді/топшамадағы берілген тапсырманың негізінде/: - Көпмүшенің биномдық жіктелуіндегі қосылғыштар саны қанша? - Көпмүшенің биномдық жіктелуіндегі коэффициенттері қандай заңдылыққа бағынып тұр? - Көпмүшенің биномдық жіктелуіндегі коэффициенттерінің қосындысының мәнін табыңыз; - Қандай қорытынды жасауға болады? - Көпмүшенің биномдық жіктелуіндегі кез-келген мүшесінің коэффициент анықтауға бола ма? -Комбинаториканың негізгі формулаларын жазыңыздар; Мұғалімнің іс-әрекеті: бағыттаушы сұрақтар қояды, жаңа материалды толық түсінуге қажетті ақпаратты жинақтау. Нәтижені бағалау: ынталандыру 4. Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтау. Мақсаты:Сабақ бойы оқушының зейінін шоғырландыру үшін сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау. Оқушының іс-әрекеті: тақырыпқа кіріспе бөлімінде қойылған сұрақтарға берілген жауаптарға талдау жасай отырып, сабақтың мақсатын анықтау. 5. Жаңа тақырып. жұптық жұмыс Мақсаты: жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеріп көруге мүмкіндік туғызу, мұғалімнің көмегімен жаңа тақырып тапсырмаларын талқылап, формуланы оқушылардың өзі қорытып шығаратындай мүмкіндік туғызу. Сипаты: Жұптарға тапсырма беріледі. Оқушыларға биномдық коэффициенттердің қасиеттерін өздігінен тұжырымдау ұсынылады. 1-жұп. Симметрия қасиеті. Осы қасиетті тікелей формуланы пайдалана отырып дәлелдеуді ұсынылады. Оқушылар мысал келтіреді. 2-жұп. Паскаль қасиеті. Осы қасиеттің негізінде Паскаль үшбұрышы құрылды, оның n-ші жолында биномдық жіктелудің коэффициенттері тұрады. 3-жұп. Қосындының қасиеті. Ньютон биномы формуласына мәні қоюды ұсынылып бағыт беріледі: Бұдан 4-жұп. Айырманың қасиеті. Ньютон биномы формуласына а=1, b=-1 қоюды ұсынылып бағыт беріледі. Сол жақ бөлігінен , ал оң жақ бөлігінен таңбасы ауысып отыратын биномдық коэффициенттерді аламыз, бұл қасиеттің дәлелдеуі болады. Барлық теріс таңбалы коэффициенттерді формуланың сол жағына шығару арқылы жазу ыңғайлы болады: сонда қасиеттің ауызша тұжырымдауы есте оңай сақталады: “тақ номерлі биномдық коэффициенттердің қосындысы жұп номерлі биномдық коэффициенттердің қосындысына тең болады”. 5-жұп. Ньютон биномының жіктелуіндегі кез-келген мүшесінің формуласын анықтау. Оқушының іс-әрекеті: мұғалімнің басшылығымен жаңа тақырып мазмұнын меңгеруге берілген тапсырмаларды талдайды, қасиеттерді дәлелдейді. Мұғалімнің іс-әрекеті: жаңа материалды меңгерту, қосымша сұрақтар беру арқылы оқушыға бағыт-бағдар береді. Бағалау: Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар ауызша марапаттау, ынталандыру. 6. Жеке жұмыс. Бекіту тапсырмаларын орындау. Мақсаты: Ньютон биномы формуласынның қасиеттерін есеп шығаруда қолдану; биномдық жіктелудегі белгісіз мүшесін табу үшін ақпаратты талдау және өңдеу, тапсырманы орындау барысында пайда болған проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы оқушылардың бойында білім мен дағдылар қалыптастыру. Сипаты: №№9.007, 9.008, / дәптерлеріне орындайды. Оқушының іс-әрекеті: берілген тапсырманы орындайды, көмек қажет болған жағдайда сыныптастарынан не мұғалімнен көмек сұрайды. Мұғалімнің іс-әрекеті: бағыттаушы, жетелеуші, қажетті жағдайда көмек беруші жұмысын атқарады. Бағалау: Критерий бойынша бірін-бірі бағаланады. 7. Деңгейлік тест тапсырмасы. Жеке жұмыс Мақсаты: оқушылардың бүгінгі сабақтың мақсатын қаншалықты және қандай деңгейде меңгергендігін бақылау. Сипаты: Деңгейлік тапсырмасы екі жабық, бір ашық тест тапсырмасынан тұрады. Оқушылар өздерінің қалаған деңгейлеріне таңдап, тапсырмаларын орындайды. Оқушының әрекеті: Өз қабілетін шынайы бағалап, сәйкес деңгейдің тапсырмасын орындайды. Мұғалімнің әрекеті: Мұғалім бақылаушы, бағыттаушы қызметін атқарады. Бағалау: Жауап экранға крсетіледі, оқушы өзін-өзін бағалайды. | Презентация Презентация .И.Сканави, 2500задач по математике с решениями 2007г/ Қосымша №2 Бағалау критерийі Қосымша №3 тест тапсырмасы | |||||
Сабақтың соңы 2 мин | 8. Сабақты қорытындылап, рефлексия жүргізу. Өзін-өзі бағалау анализі -Бүгінгі сабақта сен үшін жаңалық болған материалдар 2-3 мәлімет айтыңыз/нені білдім, нені үйрендім?/ -Сабақтың мақсаты қандай болды, тұжырымдап беріңіз. Сабақтың басында қойылған оқу мақсатына жеттім деп ойлайсың ба?/дәлелеңіз/ | ||||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
– Сұраққа жауап беруде қабілетті оқушылардын жауаптарын математикалық жолмен дәлелдеулерін талап етіледі; | – Қойылған сұрақтың қиындығына және жауаптың толықтығын қадағалап тексеріп отырамын; –Ынталандыру, қолдау көрсету; - Критерий бойынша бағалау бірін-бірі бағалайды; - Дайын жауаппен өзін-өзі бағалайды. | Сабақ үстіндегі оқушылардың көңіл-күйін қадағалап отыру | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру