Жинақталған жиілік. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Статистика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Жинақталған жиілік

Cабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.3 жинақталған жиілік анықтамасын білу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Статистикалық кесте бойынша жинақталған жиілікті табу;
  • Жинақталған жиіліктің статистикалық кестесі бойынша кумулятаны құрады;
  • Берілген кумулята қисығы бойынша жинақталған жиіліктің статистикалық кестесін құрады.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Жинақталған жиілік анықтамасын біледі;
  • Статистикалық кесте бойынша жинақталған жиілікті табады;
  • Жинақталған жиіліктің статистикалық кестесі бойынша кумулятаны салады;
  • Берілген кумулята қисығы бойынша статистикалық кестенің жинақталған жиілігін құрайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар жинақталған жиіліктің статистикалық кестесін құрауды түсіндіреді, кумулятаның салынуын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Деректерді жинау/жүйелеу/қабылдау/көрсету/ұсыну

Бастапқы деректер

Сызықтық график/жиілік кестесі/жиіліктердің интервлдық кестесі/гистограмма/дөңгелек диаграмма/жиілік диаграммасы (алқабы), кумулята (кумулята қисығы), жинақталған жиілік кестесі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Біз х туралы деректерді жинадық.

Біз деректерді келесі тәселмен жинадық: … .

Біздің бастапқы деректеріміз көп болғандықтан, бізге оларды класстарға бөлуге тура келді.

Осыдан кейін бізге деректерді жиіліктер диаграммасы/алқабы түрінде ұсынуды жөг көрдік.

Ох осі ретінде ... алынады.

Оу осі ретінде ... алынады.

Жинақталған жиілік … көрсетеді.

Жинақталған жиілікті есептеу үшін ...

Кумулята қисығы деп ... атайды.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Мұғалім кумулятаны географияда, топырақтануда, агрохимияда қолданудың бірнеше мысалын көрсетеді. Кумуляталардың мысалдарын аталған ғылымдардан келтіреді.

Ағылшын тілімен байланыс жаңа термин кумулятаны енгізу барысында жүзеге асады. CUMULATE сөзі ағылшын тілінен аударғанда жинақтау, қосу деп аударылатыны атап өтіледі.

Бастапқы білім

Жалпы жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, варианта, абсолютті және салыстырмалы жиілік, жиілік кестесі, жиілік алқабы, дөңгелек диаграмма. Жиіліктің интервалдық кестесі. Гистограмманы салу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-4 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

2. Қайталау сұрақтары.

Мұғалім оқушылардан сұрақ-жауапты келесі сұрақтар арқылы жүргізеді:

  • Таңдама нәтижесі бойынша жиіліктің интервалдық кестесін қалай құруға болады?
  • Жиіліктің үлестірім гистограммасы қалай құрылады?
  • Дөңгелек диаграмма қалай құрылады?

Презентация

Слайд 1-2

Презентация

Слайд 3

Сабақтың ортасы

4-19 мин

19-26 мин

17-28 мин

28-38 мин

3. Өздік жұмыс.

Мұғалім оқушыларға тапсырмаларды орындауды ұсынады. Оқушылар жеке жұмыс істейді. Мұғалім оқушыларға көмек көрсетпейді. Тапсырманы аяқтағаннан кейін мұғалім оқушылардың шешімін бағалайды, типтік қателерін белгілей отыра, кері байланыс береді. 8.3.3.1 және 8.3.3.2. оқу мақсаттарына жету бойынша қорытынды жасайды. Бағалау критерийлері қосымша 1-де берілген.

4. Жаңа материалды оқу.

Кейбір жиілік кестелерін тағы бір сипаттамамен толықтырған ыңғайлы болады, ол жинақталған жиілік.

Жинақталған жиілік таңдама элементтерінің қандай бөлігі берілген мәннен аспайтынын көрсетеді. Жинақталған жиіліктер – жиіліктерді жинақтап қосудан алынады, осыдан оның атауы да шығады. Соңғы жинақталған салыстырмалы жиілік ылғи 1-ге тең. Жинақталған жиіліктерді салыстырмалы жиілік сияқты кейде процентпен де өлшейді.

Әрі қарай, 1 мысалдың негізінде мұғалім жинақталған жиілік қалай есептелетінін көрсетеді.

Осыдан кейін мұғалім кумулятаның анықтамасын енгізеді.

Кумулята (жинақталған жиілік қисығы) – абсциссасы – интервалдың жоғарғы нүктесі, ал ординатасы – жинақталған жиілік болатын нүктелерді қосатын сызық.

CUMULATE (англ.яз.) - жинақтау, қосу.

2-мысалдың негізінде оқушылар жұпта талдау жүргізеді, содан кейін мұғаліммен бірге берілген жинақталған жиілік кестесі бойынша кумулятаның салынуын талқылайды.

5. Ғылымның әртүрлі салаларында кумуляталардың қолданылуының кейбір мысалдарын қарастыру.

Мұғалім кумуляталардың географияда, топырақтануда, агрохимияда қолданылуының бірнеше мысалдарын келтіреді. Қарастырылған ғылымдардың контекстінде кумуляталардың мысалдарын келтіреді.

6. Өткен материалды бекіту.

Оқушыларға жеке жұмыс үшін тапсырмалар беріледі.

Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауын бақылайды, қажеттілігінше оларға сұрақ қояды, дұрыс шешімге бағыттайды, консультациялық көмек көрсетеді, оқушыларға кері байланыс береді.

Тапсырмаларды орындағаннан кейін оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды. Мұғалім дұрыс орындалған тапсырмаларды көрсетеді, оқушылар өзін-өзі бағалауда іске асырады.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Статистикалық кесте бойынша жинақталған жиілікті дұрыс табады;
  • Жинақталған жиіліктің статистикалық кестесі бойынша кумулятаны дұрыс салады;
  • Берілген кумулята қисығы бойынша жинақталған жиіліктің статистикалық кестесін дұрыс құрастырады.

Презентация

Слайд 4

Қосымша 1

Презентация

Слайд 5

Презентация

Слайд 6

Презентация

Слайд 7

Презентация

Слайд 8

Қосымша 2

Презентация слайд 9-15

Сабақтың соңы

    • мин

7. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақтың мақсаттарына оралып оқушылардың жетістік деңгейлерін талқылайды.

Келесі сабақтарды дұрыс жоспарлау үшін оқушылар рефлексиясы ұйымдастырылады:

Сөйлемдерді толықтырыңыз:

  • Бүгін мен білдім …
  • Мен үшін қызықты болды …
  • Мен үшін қиын болды …
  • Мен … тапсырмаларды орындадым
  • Енді мен … орындай аламын.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация

Слайд 16

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу