Жинақталған жиілік. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 3 сабақ.


Бөлім:«Статистика элементтері»

Оқу мақсаты

8.3.3.1 таңдама нәтижелерін жиіліктердің интервалдық кестесі арқылы беру

8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Таңдама нәтижесі бойынша интервалдық кесте құрады
  • Жиіліктердің интервалдық кестесінің көмегімен жиіліктер гистограммасын тұрғызады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма 1

Кездейсоқ таңдалған 20 оқушының сөмкелерінің салмағы келесі қатар түрінде берілген:

1,5кг; 2,2кг; 3,5кг; 3,8кг; 2,5кг; 2,4кг; 2,8кг; 2,5кг; 2,9кг; 3,1кг; 2,9кг;

2,7кг; 3,9кг; 3,4кг; 2,1кг; 4,4кг; 4,1кг; 4,5кг; 3,9кг; 4,1кг.

Берілген таңдаманың нәтижесін жиіліктің интервалдық кестесі түрінде ұсыныңыз, интервалды 0,5 кг етіп алыңыз.

Дескриптор: Білім алушы:

  • алынған аралықты интервалдарға бөліп, өсу ретімен орналастырады;
  • қажетті интервалдар санын анықтайды;
  • таңдама нәтижелерін жиіліктің интервалдық кестесі түрінде ұсынады.

Тапсырма 2

1 тапсырмадағы жиіліктің интервалдық кестесін салыстырмалы жиілік гистограммасы түрінде ұсыныңыз.

Дескриптор: Білім алушы:

- салыстырмалы жиілік осінің орналасуын анықтайды;

- варианта осінің орналасуын анықтайды;

- салыстырмалы жиілік гистограммасын дұрыс салады.

Тапсырма 3

Қорапта 144 жұмыртқа бар. Олар өзінің массасына сәйкес үш класқа бөлінген: А, В, С. Алынған нәтижелер дөңгелек диаграмма мен кестеде көрсетілген.

Класс

Масса (г)

Абсолютті жиілік

А

a

В

b

С

c

  • x мәнін табыңыз;
  • а, b, c мәндерін табыңыз;
  • осы деректер бойынша гистограмманы салыңыз.

Дескриптор: Білім алушы:

- дөңгелек диаграмманың деректерін алады;

- белгісіз бұрыштың шамасын табады;

- абсолютті жиілікті табады;

- осьтерді белгілейді және масштабты табады;

- гистограмманың бағандарын салады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу