Жинақталған жиілік. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 3 сабақ.


Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар

Сабақ тақырыбы: Жинақталған жиілік

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру сабағы

Оқу мақсаты: 8.3.3.3 жинақталған жиілік анықтамасын білу;

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

  • Статистикалық кесте бойынша жинақталған жиілікті табу;
  • Жинақталған жиіліктің статистикалық кестесі бойынша кумулятаны құрады;
  • Берілген кумулята қисығы бойынша жинақталған жиіліктің статистикалық кестесін құрады.

Сабақ құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою
  • Қайталау сұрақтары.
  • Өздік жұмыс.
  • Жаңа материалды оқу.
  • Ғылымның әртүрлі салаларында кумуляталардың қолданылуының кейбір мысалдарын қарастыру.
  • Өткен материалды бекіту.
  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия

 

Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.

Кейбір жиілік кестелерін тағы бір сипаттамамен толықтырған ыңғайлы болады, ол жинақталған жиілік.

Жинақталған жиілік таңдама элементтерінің қандай бөлігі берілген мәннен аспайтынын көрсетеді. Жинақталған жиіліктер – жиіліктерді жинақтап қосудан алынады, осыдан оның атауы да шығады. Соңғы жинақталған салыстырмалы жиілік ылғи 1-ге тең. Жинақталған жиіліктерді салыстырмалы жиілік сияқты кейде процентпен де өлшейді.

Кумулята (жинақталған жиілік қисығы) – абсциссасы – интервалдың жоғарғы нүктесі, ал ординатасы – жинақталған жиілік болатын нүктелерді қосатын сызық.

Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар

 Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Презентация слайдтарында анимациялар бар, олар экранға шешімдер мен жауаптарды біртіндеп шығаруға немесе қойылған сұрақтарға жауаптарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан презентацияны көрсету барысында тапсырма немесе сұрақты көрсеткеннен кейін үзіліс жасау керек, сөйтіп оқушыларда оларды орындауға және ойлануға уақыттары болады.

 

 

 Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар

 Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың жаңа тақырыпты оқу кезінде өнімді әс-әрекетін көздеген, материалдың пассивті қабылдауын болдырмай. Осыған байланысты мұғалімге оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою керек, оларды «жаңалық ашуға» және жаңа материалды меңгеруге итермелейтін, сол уақытта оларға ойлануға қажетті уақытты да ұсыныңыз.

 Кейбір тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға калькуляторды қолдануды ұсыну дұрыс болар, ондай тапсырмалар презентацияда суретімен көрсетілген.

 

Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар

 Базалық деңгей

Тапсырма. Кестеде мұнай компаниясының жұмысшыларының жылдық еңбекақысы туралы ақпарат берілген. Жинақталған жиілікті есептеңіз және кестені толтырыңыз.

Жұмысшының жлдық еңбекақысы

Абсолютті жиілік

Жинақталған жиілік

25000 дейін

7

30000 - 35000

15

35000 - 40000

8

40000 - 45000

6

45000 - 50000

24

 Күрделі деңгей

Тапсырма. Сыныптастарыңыздың жанұя мүшелерінің саны туралы ақпарат жинап зерттеу жүргізіңіз. Статистикалық кестені құрыңыз, абсолютті және салыстырмалы жиілікті есептеңіз, жинақталған жиілікті есептеңіз.

 Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

 Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

 Өздік жұмыстың нәтижелерін ескере отырып, мұғалім 8.3.3.1 және 8.3.3.2 мақсаттары бойынша оқушылардың жетістік деңгейлерін анықтайды.

 

 Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.

 Тапсырмалардың жауаптары сабақ презентациясында келтірілген. Ол өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауға пайдалы болады.

 Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшаларда және қысқа мерзімді жоспарда жазылған.

 

 Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.

Алгебра. Элементы статистики и теории вероятностей. 7-9 классы. Макарычев Ю. Н., Миндюк Н. Г. / Под.ред. Теляковского С. А. 3-е изд. - М.: Просвещение, 2005. - 78 с. 

Алгебра и начала математического анализа.  10-11 классы. Мордкович А.Г. Учебник. — 10-е изд., стер. — М.: Мнемозина, 2009. — 399 с.

https://youclever.org/book/elementy-statistiki-1

https://videouroki.net/video/43-eliemienty-statistiki.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу