Кестеде көрсетілген мәліметтермен жұмыс жасау. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3С Статистика элементтері

Мектеп: Ақтау қаласындағы

химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кестеде көрсетілген мәліметтермен жұмыс жасау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.4.4.4 статистикалық кестемен, гистограммамен берілген ақпаратты талдайды.

Сабақ мақсаттары

Берілген ақпаратқа статистикалық кесте арқылы талдау жасай алады. Статистикалық кесте арқылы гисторгаммасын, жиілік алқабын және дөңгелек диаграммасын тұрғызып ақпаратты талдайды.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Берілген ақпарат бойынша статистикалық кесте құрады;
  • Статистикалық кесте арқылы жиілік алқабын, гистограммасын, дөңгелек диаграммасын тұрғызады;
  • Статистикалық кесте, жиілік алқабы, гистограмма және дөңгелек диаграмма бойынша ақпаратты талдайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ауызша статистикалық кесте, жиілік алқабы, гистограмма, дөңгелек диаграмма бойынша ақпаратты талдайды.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Деректерді жинау/жүйелеу/қабылдау/көрсету/ұсыну

Бастапқы деректер

Сызықтық график/жиілік кестесі/жиіліктердің интервлдық кестесі/гистограмма/дөңгелек диаграмма/жиілік диаграммасы (алқабы), кумулята (кумулята қисығы), жинақталған жиілік кестесі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Біз х туралы деректерді жинадық.

Біз деректерді келесі тәселмен жинадық: … .

Біздің бастапқы деректеріміз көп болғандықтан, бізге оларды класстарға бөлуге тура келді.

Осыдан кейін бізге деректерді жиіліктер диаграммасы/алқабы түрінде ұсынуды жөн көрдік.

Ох осі ретінде ... алынады.

Оу осі ретінде ... алынады.

Жинақталған жиілік … көрсетеді.

Жинақталған жиілікті есептеу үшін ...

Кумулята қисығы деп ... атайды.

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі: Топтық жұмыс тапсырмасын ағылшын тілінде талдайды.

 АКТ қолдану дағдылары

Microsoft Office Excel 2013 бағдарламасында топтық жұмыс барысында әр топ сәйкесінше гистограмма, жиілік алқабын, дөңгелек диаграммасын тұрғызады.

Бастапқы білім

Жалпы жиынтық, абсолютті және салыстырмалы жиілік, жиілік кестесі, жиілік алқабы, дөңгелек диаграмма. Жиіліктің интервалдық кестесі. Гистограмманы салу. Жинақталған жиілік.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ө

6 минут

Ұ

2 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді.

  • Миға шабуыл

Оқушыларға үлестірме тапсырмалары таратылады (оқушылардың «Статистика элементтері» тарауы бойынша түсіну және қолдану дағдыларын ескере отырып, әрқайсысына жеке тапсырма ұсынылады). Оқушылар жиілік алқабы түрінде және гистограмма түрінде берілген ақпаратқа сәйкес келесі тапсырманы орындайды:

Тапсырма: Таңдама көлемін есептеңіз.

Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін тақтада көрсетілген дұрыс жауаптар бойынша өзін-өзі тексереді және 3 топқа бөлінеді (математика және ағылшын тілі пәндерінен деңгейлері жоғары оқушылар бір топқа топтастырылады )

  • I топ: Таңдама көлемі аралығында.
  • II топ: Таңдама көлемі аралығында.
  • III топ: Таңдама көлемі аралығында.
  • Сабақ мақсатын қою

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлері құрастырылып айтылады.

Үлестірме 1

1-3 слайд

4-6 слайд

Сабақтың ортасы

Т

25 мин

3. Топтық жұмыс

Оқушылар сабақ басында 3 топқа бөлінген. Әр топқа әр түрлі тапсырмалар таратылады:

  • Үлестірмедегі тапсырмаларды түсініп, кесте құрады.
  • Құрылған кесте бойынша Microsoft Office Excel 2013 бағдарламасында диаграммаларын тұрғызады.
  • Топтар орындаған тапсырмаларын дайын дескриптор арқылы өздерін бағалайды.
  • Топтық жұмыс дұрыс орындалған жағдайда топ мүшелері тақтаға шығып, постердегі макетті қолданып өздерінің тапсырмасын ағылшын тілінде талдайды.
  • Топ мүшелері қалған топтың орындаған тапсырмаларын талдауын бағалайды.

Ағылшын тілі мұғалімі топтардың ағылшын тілінде сөйлеу мәнерін, сөздік қорын бағалай отырып кері байланыс береді.

7 слайд

Үлестірме 2

Сабақтың соңы

5 минут

7. Сабақты қорытындылау. Рефлексия

Мұғалім сабақтың мақсаттарына оралып оқушылардың жетістік деңгейлерін талқылайды.

Кері байланысты ұйымдастыру үшін «Open the box» ойыны ойнатылады.

8 слайд

https://wordwall.net/resource/43927/reflection-wheel

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына класс оқушыларның сенімді болуы жоспарланған.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін.

Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу