Мәтін есептерді шығару. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A бөлім: Квадраттық функция | Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Бисмельдинова Б.М. | |||||||||||||
Сынып: 8 Сабақ 2 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мәтін есептерді шығару | |||||||||||||
Сабақтың түрі | Білімді қолдану сабағы | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану; 8.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру. | |||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін есептер шығаруда қолдану | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар нақты есепте квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін қалай қолдануға болатынын түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет құндылығын бір-бірін тыңдау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады | |||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика және экономика | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | |||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар квадрат функцияның қасиеттерін біледі, оларды квадрат функцияның графигі арқылы анықтай алады. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин 8 мин 6 мин | Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа қажетті құрал жабдықтарын даярлауды сұрау. Үй тапсырмасын тексеру Жұптар үйден дайындап келген тапсырмаларын парақтарға жазып, мұғалімге тапсырады. Мұғалім оларды арнайы қорапқа салады. Араластырады, өткен сабақта үй тапсырмасына есеп құрастыру үшін бөлінген жұптар бірге отырады да, қораптан 1 есеп алады, талқылай отырып шығарады. Есеп құрастырған оқушылар тексереді. Ерекше есеп құрастырған жұпқа кішкене сыйлық ұсынуға болады. Өткенді қайталау Оқушыларға маркерлі шағын тақталар немесе ламинадталған парақтар таратылады. Олар тақтадағы екі мүшенің квадратын бөліп алуға берілген тапсырманың жауабын осында жазып, мұғалімге көрсетеді. Қате кеткен тапсырмалар бірден талданады. | 1-2 слайдтар 3 слайд | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 6 мин 10 мин 10 мин | Топтық жұмыс Оқушылар топта талқылап, бір-біріне көмектесу арқылы есепті шығарады, кейін тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырады. Қате кеткен жағдайда қайта талқылай отырып шығарады. Тапсырма: Автошабандоз стартқа шықты. Қозғалғаннан кейінгі автомобильдің үдеуі 7,4 м/с2 -қа тең. Автошабандоз 1с, 2с және 3с кейін қанша жол жүреді? Уақытқа тәуелді нәтижелердің графигін салыңыз. Жеке тапсырма Оқушыларға деңгейлері бойынша тапсырмалар таратылады. Оқушылар өздіктерінен шығарады, кейін бірдей есеп шығарған оқушылар жауаптарын салыстырады, тақтадағы дұрыс жауаппен бір-бірін тексереді, дескрипторлар арқылы өзара бағалау жүргізеді. Дескрипторлар:
А деңгейі Тапсырма 1. Доп тігінен жоғарыға лақтырылған. t (с) –уақытқа h (м) биіктігінің тәуелдігі h = – 5t2 + 10t + 1,5 заңдылығымен сипатталады. а) Қанша уақыттан кейін доп өзінің траекториясындағы ең биік нүктесіне жетеді? b) Доптың ең жоғары көтерілу биіктігін табыңыз. В деңгейі Тапсырма 2. Доп 1,4 метр биіктіктен 6 м/сек жылдамдықпен аспанға тік лақтырылды. Доптың әр уақыт мезетіндегі жерден биіктігі формуласымен анықталатыны белгілі. Мұнда , – бастапқы жылдамдық, – бастапқы биіктік. функциясын құрып келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
С деңгейі Тапсырма 3. Кішігірім қалада тұмау эпидемиясы басталғанын анықтаған дәрігерлер ауырғандар санына санақ жүргізе бастады. Ауырғандар саны N келесі формула бойынша модельденген Мұнда санақ жүргізіле бастаған уақыттан бастап өткен күндер саны.
Зерттеу жұмысы Оқушылар жұпқа бөлінеді, олар бірігіп берілген мәліметтерді талқылай отырып, экономикалық есепті шығулары керек. Болған соң әрбір жұп жұмыстарымен алмасып, өзара тексеру жүргізеді. | 4-5 слайдтар Қосымша 1 Қосымша 2 | ||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия Оқушылар тақтадағы сөйлемдерді пайдаланып бүгінгі сабақты қорытындылайды. Ол үшін әр оқушы өзінің көршісіне осы сөйлемдерді толықтырып айтып берулері керек.
Үйге тапсырма: Дене вертикальды түрде жоғары қарай v0 (м/с-пен) бастапқы жылдамдықпен h0 (м-мен) биіктіктен лақтырылды. t (с-пен) уақытына тәуелді h (м-мен) биіктік h = -0,5gt2 + v0+ h0 формуласымен өрнектеледі. h0= 20, v0 = 15, g = 10 жағдайы үшін h-тың t-ға тәуелділік графигін салыңдар. График бойынша табыңдар: 1) Дене жоғары қарай қанша уақыт көтерілген? 2) Қанша уақыт ол төмен түскен? 3) Дене қандай ең жоғары биіктікке жетті? 4) Неше секундтан кейін ол жерге құлады? 5) Қанша уақыт аралығында дене 20 метрден жоғары болды? | 6 слайд 7 слайд Қосымша 3 | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Саралау тапсырмаларды дайындау барысында жүргізілді. Бекіту тапсырмалары ретінде деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. | Сабақта өзара бағалау жүргізіледі. Мұғалім сыныпты аралап жүріп, ауызша кері байланыс береді. | Сабақта іс-әрекет түрлері өзгеріп отырады. | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?