Мәтін есептерді шығару. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A бөлім: Квадраттық функция

Мектеп:

Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бисмельдинова Б.М.

Сынып: 8

Сабақ 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мәтін есептерді шығару

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

 8.4.2.3

қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану;

 8.4.3.1

есеп шарты бойынша математикалық модель құру.

Сабақтың мақсаты

Квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Квадрат функцияның қасиетін біледі

Қолдану

Есептерді шығару үшін квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін қолданады

Анализ және синтез

Берілген есепті шығару үшін квадрат функцияның қандай қасиеттерін қолдану керектігін талдайды

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар нақты есепте квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін қалай қолдануға болатынын түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология

  • квадрат функция
  • функция
  • функция мәні
  • аргумент
  • аргументтің мәні
  • ең үлкен / ең кіші мәні

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • ең үлкен / ең кіші мәнге парабола төбесінде ие болады

Құндылықтарды дарыту

Құрмет құндылығын бір-бірін тыңдау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады

Пәнаралық байланыс

Проблемалық есеп ретінде география пәнімен байланысты көпір туралы есеп шығарады және физика пәнімен байланысты допты лақтыру туралы есеп қарастырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат функцияның қасиеттерін біледі, оларды квадрат функцияның графигі арқылы анықтай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Сабақтың ортасы

10 мин

15 мин

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сабаққа қажетті құрал жабдықтарын даярлауды сұрау.

Психологиялық ахуал: 5 оқушыдан топ құрап, ортаға қол созып, бірінің қолының үстіне бірі қойып, әрбір оқушы өзінің оң жағында тұрған оқушыға бүгінгі сабаққа тілек айтады.

Жаңа материалға шолу

Оқушыларға мәселелік сұрақ қойылады. Олар жұптаса отырып талқылайды, қалай шешуге болатыны жөнінде өз идеяларын, ойларын ортаға салады. Кейін тақтада шығарылады.

Тапсырма:

- формуланы қолданып, «Павлодар-Ақсу» көпірінің функциясын жазыңыз.

Дерек:

Көпір 110,5+252+110,5 м схемасымен берілген 3 аркадан тұрады. Көпірдің жалпы ұзындығы 12,3 км. Ұзындығы 252 м болатын ортаңғы аркасы Орталық Азияда ең үлкен болып саналады, оның биіктігі 40 м. Арканың моделі болатын квадраттық функцияның формуласын жазыңыз.

Шешуі:

-нүктесі арқылы өтеді.

Квадраттық функциялар көпірді салу барысында қолданылады.

Сұрақ:

Неге көпірлерді салғанда параболаны қолданады? Оқушылар жауап береді және аргументтерді келтіреді.

Зерттеу жұмысы

Оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Берілген тапсырмаларды топта талқылап, орындайды.

Тапсырма 1. Суретке квадраттық функцияны салып, және төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

Доптың траекториясын табыңыз;

Допты дәл себетке лақтыра ала ма?

Тапсырма 2. Суретке квадраттық функцияны салып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

Доптың траекториясын табыңыз;

Допты дәл себетке лақтыра ала ма?

Тапсырма 3. Суретке квадраттық функцияны салып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

Доптың траекториясын табыңыз;

Допты дәл себетке лақтыра ала ма?

Тапсырма 4. Суретке квадраттық функцияны салып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

Доптың траекториясын табыңыз;

Допты дәл себетке лақтыра ала ма?

Тапсырманы орындап болған соң топтар жұмыстарымен алмасады. Бейнематериал арқылы қаншалықты дұрыс орындағандарын тексереді. Дескрипторлар арқылы өзара бағалау жүргізеді. Кері байланыс береді.

Дескрипторлар:

  • Координаталық жазықтық дұрыс салынған;
  • Параболаның төбесі дұрыс анықталған;
  • Парабола дұрыс салынған;
  • Дұрыс қорытынды жасалынған.

Сергіту сәті

Көзге гимнастика

1-3 слайдтар

4 слайд

Қосымша №1

Бейнематериал

5 слайд

6 слайд

13 мин

Жеке жұмыс

Оқушылар тапсырманы орындайды, кейін мұғалімге немесе тапсырманы орындап, тексертіп болған оқушыға тексеретеді де келесі тапсырмаға көшеді. Есептер жеңілден басталып, күрделенеді.

  • Консерві банкасының түбін тесіп оған су құғанда

банкадағы су заңдылығымен кемиді. Осы функцияның графигін салыңыз.

  • Цельсия градусы мен Фаренгейт градусының

шкалаларының арасындағы байланыс TF=32+1,8· Tc формуласымен беріледі. Кестені толтырыңыз:

Температура

Tc

TF

Мұздың еруі

0о

Қайнаған су

212о

  • Футболшы жоғарыға доп лақтырды. Доп

не көтерілуі заңдылығымен сипатталады. Неше секундтан кейін доп жерге түседі?

  • Үңгірдің, құдықтың, шахтаның тереңдігін өлшеудің бір

әдісі мынадай: жоғарыдан тас лақтырылады және оның жермен соқтығысу уақытын бақылайды. Егер дененің еркін түсу заңдылығы , g≈10 м/с2 (9,8 м/с2) формуласымен берілсе, кестені толтырыңыз.

s, м

5

20

t, с

3

50

5. Тежелу басталғаннан кейін электропоездтың қозғалысы заңдылығымен беріледі, ал жылдамдығы

V=16-0,2t заңдылығымен өзгереді, мұндағы t - уақыт (с), v – жылдамдық (м/с), S – жүрген жолы (м). S=S(t), v=v(t) функцяларының графиктерін салыңыз. Графикті пайдаланып, мына сұрақтарға жауап беріңіз: Қанша секундтан кейін поезд тоқтайды? Оның тежелу жолы қандай?

Қосымша №2

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

  • Бүгін мен сабақта мынаны игердім:
  • Мен сабақтың бұл бөлігіне сенімдімін:
  • Бұл бүгін мен үшін сабақтың ең қиын бөлігі болды:
  • Бұл қиын болды, себебі:

Үйге тапсырма:

Көршілеріңмен бірігіп, квадраттық функцияның қасиеті мен графигін қолданылатын тәжірибелік есеп құрастырыңыз.

7 слайд

8 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тапсырмаларды дайындау барысында жүргізілді. Жеке тапсырманы орындау барысында жеңілден бастап күрделіге қарай өтеді.

Сабақта өзара бағалау жүргізіледі. Мұғалім сыныпты аралап жүріп, ауызша кері байланыс береді.

Сабақта іс-әрекет түрлері өзгеріп отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу