Мәтін есептерді шығару. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1А Бүтін көрсеткішті дәреже

Мектеп: Тараз қ. ФМБ НЗМ

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Мәтін есептерді шығару.

Сабақтың түрі:

Жаңа білімді қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

7.5.2.1

Өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есе птер шығару;

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есептер шығаруды үйрену және дағдылану.

Бағалау критерийлері:

Оқушы сабақ мақсатына жетті, егер

  • өте үлкен шамаларға қатысты қарапайым есептерді шешеді;
  • өте кіші шамаларға қатысты қарапайым есептерді шешеді;
  • сандарды стандарт түрге келтіреді;
  • қоршаған ортаға қатысты өте үлкен немесе өте кіші шамалардан тұратын есептер құрастырады.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

ауызша және жазбаша қасиеттерін түсіндіреді;

белгіленген үлгідегі мағынасын нақтылайды;

пәндік лексиканы,терминологияны және символиканы сауатты қолданады.

Тақырыпқа нақты және терминдік лексика:

санның стандартты түрі;

стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігі мен реті;

Диалогта қолданылатын пайдалы өрнектер:

санды стандартты түрде жазу;

егер санның ондық разрядтағы үтірін белгілі бір п бірлікке жылжытса, онда дәрежеге 10 … п.

Құндылықтарды дарыту

«Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік» қазақша контекст саналатын тапсырмалар арқылы құндылықтарды орнықтыру.

Пәнаралық байланыс

Дәрежелермен жұмыс жасай білу химия, физика салаларында, сонымен қатар техникалых есептерді шығаруда қажет. Стандартты түрде өрнектелген сандарды ғылымда өте кіші немесе өте үлкен сандарды жазуда қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстарды пайдалана отырып, ғылыми-зерттеу дағдылары және ақпаратты талдау дағдылары

Бастапқы білім

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері,бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері,дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру,санның стандартты түрі,стандартты түрде жазылғ ан сандардың стандартты түрі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

10 минут

Сабақтың басталуы(3 мин)

Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Алдыңғы жоспардағы үй жұмысын тексеру, қиын деңгейін талдау. Сабақтың сабақ тақырыптары мен мақсаттарын тұжырымдау және жазу (1 мин)

Өте үлкен және өте кіші оң сандар ғылым мен техникада кездеседі.

Сандарды жазып және осы түрде оларға амалдар қолдану өте ыңғайсыз: олар өте үлкен, көзбен көру мүмкін емес. Көмекке стандартты түрде жазу және оларға амалдар қолдану келеді.

Бүгін сабақта біз өте үлкен немесе өте кіші сандармен берілген мәтіндік есептерді шығарамыз.

Сабақ тақырыбы: Мәтін есептерді шығару.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар өте кіші немесе өте үлкен сандармен берілген шамаларға байланысты есептер шығаруды үйренеді және дағдыланады.

(слайд 1)

Білім жаңарту (6 мин)

Келесі сұрақтар бойынша фронталды сұхбат:

Санның стандарттық түрі деп нені атаймыз?

Стандартты түрдегі санды қалай жазуға болады?

Стандартты түрде жазылған сандармен қалай амалдар қолдануға болады?

Жауаптарды 2, 3, 4, 5 слайдтар бойынша тексеру. Сұрақ-жауап (слайд 6)

Сұрақтарға жауап беріңіз (дұрыс –  «+», қате – « - »)

1. 3 • 105 саны стандартты түрде жазылған (+)

2. 0,81 • 106 саны стандартты түрде жазылған (–)

3. 7,45 • 10–5 саны стандартты түрде жазылған (+)

4. 50 саны стандартты түрде жазылған (–)

5. Ойыңыз дұрыс па: «Сандардың реті жоғары болған сайын,санның өзі де үлкен болады?» (+)

6. Егер сандардың реті теріс болса, онда санның өзі де теріс бола ма? (–)

7. Егер екі санды стандартты түрде көбейтсе, онда жауап стандартты түрде бола ма? (–)

8. Стандартты түрде кез келген санды жазуға болады. (+)

Жауапты презентацияның 7 слайды бойынша тексереміз . Өзін-өзі бағалау шкаласы.

Дұрыс берілген жауаптар

8

7-6

5 және одан төмен

Нәтижесі

Өте жақсы

Жақсы

Жұмыс жасау қажет

Презентация

Ұ

Оқушының жазбаша парағы

1 сабаққа

Ө

Сабақ ортасы

30 минут

Өтілген материалдарды мәтіндік есептерді шығаруда қолдану.

Жұппен жұмыс (5 мин)

Тапсырма 1. Кестедегі әрбір ғаламшарлардың күн жүйесінен қашықтығын ретпен орналастырыңыз. слайд 8).

Өзара жұппен 8, 9 слайд бойынша тексеру.

Жұппен жұмыс (18 мин)

Тапсырма 2. Ғаламтор ресурстарын пайдалана отырып, Қазақстан облыстарының ауданы және олардың халық саны туралы кестені толтырыңыз

Облыс

Ауданы

Санның жәй түрде жазылуы

Халық саны

Санның стандартты түрде жазылуы

Ақмола

Ақтөбе

Алматы

Атырау

Шығыс Қазақстан

Жамбыл

Батыс Казақстан.

Қарағанды

Қостанай

Қызылорда

Маңғыстау

Павлодар

Солтүстік Қазақстан

Оңтүстік Қазақстан

Казақстан

(ескерту: егер ғаламтор қолдану қиын болса, онда дайын кестені беруге болады)

Кестені пайдалана отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Қарағанды облысы Қызылорда облысынан неше есе үлкен ?

2. Павлодар облысының халық санынан Қызылорда облысында халық нешеге кем?

3. Біздің Республикамыздың тығыздығын анықтаңыз.

4. Қазақстан Республикасының аумағының қандай бөлігін Батыс Қазақстан құрайды?

Жұптық таныстырылым.

Талқылау.Өзара бағалау (7 мин)

Бағалау шкаласы.

Жұптық жұмыстағы бағалау

Кесте дұрыс толтырылған

( 1-15)

Дұрыс жауаптар

(1-4)

Нәтиже

1 топ

2 топ

3 топ

100% - 90% - өте жақсы; 89% - 75 % - жақсы

75% төмен – жұмыс жасау қажет.

Ж

Оқушының жазбаша парағы

1 сабаққа

Ж

Апеева Г.К., Кожахметова Г.Б. Санның стандартты түрі:оқу құралы –Астана.

Оқушының жазбаша парағы

1 сабаққа

Физминутка https://www.youtube.com/watch?v=SAWr-KZhD0E

Сабақ соңы

5 минут

Сабаққа қорытынды жасау.

Топтық рефлексия (3 мин)

1. Сабақта меңгерген жаңа дағдыларды анықтау.

2. Алдыңызға қойылған мақсатты тұжырымдаңыз.

3. Мақсатқа жеткен жетпегенді анықтау.

4. Мақсатқа жетуде сізге көмектескен әдіс-тәсілдерді тізімдеңіз.

5. Әр топты және әр оқушыны бағалаңыз.

6. Сабақта қиындықдықтар болса тұжырымдаңыз.

Оқушылар топта жауаптарын талқылайды және бір топ басшысы нәтижесін баяндайды.

Жеке рефлексия (1 мин)

Оқу мақсаты

Білемін

Қолдана аламын

Стандартты түрде жазылған сандарды қолдана отырып есептер шығару

Оқушылар рефлексия карточкасын жеке толтырып, мұғалімге талдауға өткізеді.

Үй жұмысы (1 мин).

1 тапсырма.

Келесі мәтінді қолдана отырып есеп құрастырыңыз және оны шешіңіз.

«Кітапшаның бетінде орта есеппен 48 әріптен тұратын 45 жол бар. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы екі томнан тұрады. Бірінші томында 212 бет, ал екіншісінде-232 бет бар. (2013жылғы қазақша басылымында)».

2 тапсырма.

Қоршаған ортадан ғылымға қатысты, жергілікті аймақтар мен елдердің экономикасына қатысты мәліметтерді пайдалана отырып, өте үлкен немесе өте кіші шамалармен байланысты есептер құрастырыңыз және шешіңіз.

Оқушының жазбаша парағы

1 сабаққа

Оқушының жазбаша парағы

1 сабаққа

Оқушының жазбаша парағы

1 сабаққа

Апеева Г.К., Кожахметова Г.Б. Санның стандартты түрі:оқу құралы –Астана

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау жұппен жұмысты ұйымдастырғанда пайдаланылады. Жұптар “мықты - орташа” болып құрылады. Жақсы оқитын оқушылар басқаларына көмектеседі. Түсінбей қалған оқушылар сұрақ қоюға және түсіндірме алуға мүмкіндіктері бар.

Оқушылардың тапсырманы орындаудағы белсенділіктрін бақылау арқылы формативті бағалаймын. Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.

Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көз жаттығуын» жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақтың жақсы өтуіне не септігін тигізер еді?

1:

2:

Мен сабақ барысындасынып туралы немесе жеке оқушылардың жетістіктері / қиындықтар туралы,келесі сабақтарда неге басты назар аударуын ескердім?

Шартты белгілеулер:

Ұ = ұжымдық жұмыс;

Т = топтық жұмыс;

Ө = өздік жұмыс;

Ж = жұптық жұмыс;

М = мұғалімнің көрсетуімен.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу