Қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді «Математика» ӘБ жетекшісі |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А Квадраттық функция | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.5.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолданады; | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Квадраттық функцияны қолданып, қолданбалы есептерді шығарады. | ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология Квадраттық функция; парабола; парабола төбесі, парабола тармақтары; симметрия осі; функцияның нөлдері; гипербола; графикті симметриялы бейнелеу; х осімен сығу; х осімен созу; оңға жылжыту, солға жылжыту. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер парабола тармақтары ... бағытталған; график Ох осінен ... (жоғары, төмен) орналасқан; квадраттық функцияның графигі Оу осін ... (жоғары, төмен) қиып өтеді, себебі ... 0-ден (<, >); берілген функцияның графигін ... функциясының графигін екі параллель көшіру көмегімен алуға болады: х осі бойымен ... бірлікке ... (оңға, солға) жылжыту және у осі бойымен ... бірлікке ... (жоғары, төмен) жылжыту; у = kf(х) функциясының графигіk>1 болғанда y=f(x) функциясының графигін х осінен k есе созу арқылы алынады; у = kf(х) функциясының графигі 0<k<1 болғанда y=f(x) функциясының графигін х осіне есе сығу арқылы алынады. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру. Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру. Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Архитектура: квадраттық функцияның өмірмен байланысы, 1- мысал. Физика: квадраттық функцияның өмірмен байланысы, 1 және 2,3 топтың тапсырмалары. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, интерактивті тақта: қайталау сұрақтары, сабақ тақырыбы, мақсаттары, мысалдар, суреттер көрсетіледі. | ||||||||||
Бастапқы білім | «Функция», «аргумент», «функция графигі», «функцияның анықталу облысы», «функцияның мәндер жиыны» ұғымдарын білу; квадрат теңдеулерді шеше білу; функциялар графиктерін салу дағдылары, соның ішінде у = ах2 функциясының. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 2 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру.
2. Өткен тақырып бойынша сұрақтар. 1. Өткен сабақты қайталау мақсатында сұрақтарға жауап беріледі. 2. Берілген функциялар мен оның графиктерін сәйкестендіреді. 3. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. | 1-4 слайд | |||||||||
Сабақтың ортасы М, Ұ 3 минут Т 5 минут Т 10 минут Т 10 минут Ж 7 минут | 1.Білу және түсіну Оқушылармен сұрақ- жауап. - Квадраттық функцияны (графигін) өмірде қайда кездестіруге болады? Мұғалім оқушыларға қолданбалы есепке бір мысал береді. Оқушылар есепті шығару арқылы және мұғалім сұрағына жауап беру арқылы тақырып мазмұнын ашады. Топтық жұмыс Сыныпты 2 топқа бөлу үшін оқушыларға карточкалар таратылады. Оқушыларды топқа бөлу арқылы жарыстырады. Кімде көп ұпай сол жеңеді. Жарыс 2 бөлімнен тұрады. 1.Кім архитектор? Оқушыларға арнайы парабола пішінді өмірде қолданылатын суреттер салынған таратпа материал беріледі. Оқушылар берілген суретті квадраттық функцияны пайдаланып өрнектеу арқылы мақсатқа қол жеткізуге тырысады.Квадраттық функцияның өмірде қолдану деңгейін түсінеді. Бағалау түрі топтық. Топтар өз есептерін тақтаға қорғап шығады. Осы кезде топтар бір-біріне бағалау жүргізеді. Дискрептор: -параболаның бас нүктелерін тауып алады; -а коэффицентін у = а(х-m)2 +n арқылы есептейді; -b,c коэффиценттерін тауып алады; -квадраттық функция түрін жазады; 2.Кім жылдам? Топтарға арнайы тапсырмалар беріледі. Қайсы топ бірінші орындап болады соларға артық балл беріледі. Дискрептор: -параболаның бас нүктелерін тауып алады; -а коэффицентін у = а(х-m)2 +n арқылы есептейді; -b,c коэффиценттерін тауып алады; -квадраттық функция түрін жазады; Оқушыларға жұптық жұмыс ретінде тапсырма беріледі. Оқушы тапсырманы орындап болған соң, қасындағы жұбымен парақ ауыстырып, бір-бірін тексереді(жұптың бір-бірін бағалауы) Мұғалім оқушылардың білім деңгейін осы тест арқылы анықтайды. Бағалау жұптар бір-біріне жүргізеді. | 4-6 слайд
7-9 слайд 10-12 слайд
12-15 слайд | |||||||||
Сабақтың соңы 3 минут |
Оқушылармен сабақтың қорытындысын шығару: - тапсырмамен жұмыс жасағанда қиындықтар болды ма? - топта көмек алдыңыз ба? - тапсырмалардан алған ақпарат қызықты болды ма? - алған білімдеріңізді қайда қолдана аласыздар? | 16 слайд | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Топтық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында тапсырманы орындау жолдарын бақылап үйренеді. Қабілеті жоғары оқушылар үшін қосымша тапсырмалар беріледі. | Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және дескриптор бойынша өздерін тексереді, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолдану. | Жарықтың сол жақтан түсуі қадағаланады және сыныпта алғашқы көмек көрсету қобдишасының бар болуына назар аударылады. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?