Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A бөлім: Квадраттық функция

Мектеп: Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дощанов Б.Т., Проскокова А.В.

Сынып: 8

Сабақ 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Квадраттық функция және оның графигі

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.2 түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу

Сабақтың мақсаты

Әртүрлі әдіспен берілген квадрат функцияның графигін салу. Графиктерді түрлендірулерді орындау.

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

y = x2 функциясының қасиетін біледі

Қолдану

квадраттық функция графиктерін салады

функция графиктерін түрлендіруді орындайды

Анализ және синтез

y = a(x – m)2, y = ax2 + n , y = a(x – m)2 + n түріндегі функцияның қасиеттерін зерттейді

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар квадраттық функцияның графигін салудың негізгі қадамдарын және олардың қасиеттерін ауызша айтып береді.

Пәндік лексика және терминология

  • квадраттық функция;
  • парабола;
  • парабола төбесі, парабола тармақтары;
  • симметрия осі;
  • функцияның нөлдері;
  • таңба тұрақтылық аралығы;
  • өсу/кему аралықтары;
  • функцияның ең үлкен/ең кіші мәндері

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • парабола тармақтары жоғары/төмен бағытталған;
  • график Ох осінен … (жоғары, төмен) орналасқан;
  • квадраттық функция графигі Оу осін координата басына қарағанда … (жоғары, төмен) қияды, өйткені с … (>,<) 0;
  • функция … аралығында өседі

Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, бірлестік, жайдарлылық

Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Геометрия, физикадан есептер шығару

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, Desmos немесе GeoGebra бағдарламалары

Бастапқы білім

Оқушылар y = а(x – m)2 + n түріндегі функция графиктерін сала алады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

2 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал тұғызу оқушылар бірінен кейін бірі тізбек жасап тұрады. Әрбір оқушының арқасына қағаз жабыстырылады, осы қағазға келесі оқушы қағаздың иесіне тән қасиетті сөз немесе сөз тіркесі (2-3 сөз) ретінде жазады. Барлығы жазып болған соң оқушы өзгелердің ол туралы жазған пікірін оқиды. (Ұсыныс ретінде тілек жазуға болады).

Үй тапсырмасын тексеру

Шешу үлгісі арқылы үй тапсырмасы тексеріледі.

Презентация

1-2 слайдтар

Сабақтың ортасы

20 мин

10 мин

7 мин

Жаңа материалды меңгеру

Үй тапсырмасындағы функциясын мысал ретінде алып оның қасиеттері талқыланады:

1. Парабола төбесі ұғымы енгізіледі. y = a(xm)2 + n функциясы үшін парабола төбесі неліктен (m; n) нүктесі болатынын талқылау.

2. Парабола тармақтары а көбейткішіне тәуелді.

3. Параболаның симметрия осі – х = m түзуі.

4. Функцияның анықталу облысы (D) және мәндер жиыны (Е).

5. Функцияның нөлі ұғымын енгізу. Функцияның нөлін графикпен, формуламен қалай табатынын, квадраттық функцияның қанша нөлі болатынын, функцияның нөлі қай уақытта болмайтынын талқылау.

6. Таңбатұрақтылық аралығы ұғымын енгізу.Функция нөлі және таңбатұрақтылық аралығы.

7. Функцияның өсу, кему аралықтары.

8. Функцияның ең үлкен/ең кіші мәндерінің болуы.

Материалды бекіту

Оқушыларға функциясының қасиеттері жазылған кесте таратылады. Бұл кестені оқушылар үйде графигін салған функциясының қасиеттерін зерттеу барысында қолданады.

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң (мүмкін кейбіреуі тапсырманың бір бөлігін ғана орындаған шығар) мұғалім жалпы сыныппен талқылау ұйымдастырады.

Есептер шығару

1. n –нің қандай мәнінде функциясының мәндерінің облысы төмендегі аралық болады:

а) [-8; +∞);

б) [10; +∞)?

2. функциясы үшін төмендегі шарттар орындалатыны белгілі болса, m-нің мәнін табыңыз:

а) (-∞; 6] аралығында кемиді және [6; +∞) аралығында өседі;

б) (-∞; -4] аралығында кемиді және [-4; +∞) аралығында өседі.

3 слайд

Қосымша 1

4 слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Басы– Ортасы – Соңы

Оқушылар ұсынылған кестені толтырады. Ол үшін олар сабақтың әрбір кезеңінен алған әсерлерін, не оңай, не қиын болғандығын, не үйренгендерін т.б. жаза алады.

Үй тапсырмасы

1. Функцияның қасиеттерін жазыңыз:

2. Квадрат үшмүшеліктен толық квадратты бөліп шығарыңыз:

Қосымша 2

5 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Мұғалім оқушыларға қолдау көрсетеді және оқушылар қабілеті жоғары оқушылардан көмек сұрай алады.

Үй тапсырмасын тексеру барысында дайын үлгімен өзін-өзі бағалау жүзеге асады. Мұғалім оқушыларды сабақ бойы қадағалап, кері байланыс беріп отырады.

Сабақ барысында оқушылар іс-әрекет түрлерін өзгертіп отырады .

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары

дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол

жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды

ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін

пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
Пікір жазу