Бөлшек - сызықтық функцияның графигі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

 Келісілді

«Математика» ӘБ жетекшісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А Квадраттық функция

Мектеп: Ақтау қаласындағы

химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бөлшек-сызықтық функцияның графигі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.5.1.7 бөлшекті-сызықтық функция графигін салады;

Сабақ мақсаттары

бөлшек-сызықты функцияның анықтамасын енгізу;

бөлшек-сызықты функцияның графигін салуды үйрету;

y=ax+b/cx+d функциясын қасиеттерін талдау.

Бағалау критерийлері

Бөлшек-сызықты функция анықтамасын біледі;

Коэффициенттеріне сәйкес монотондылығын анықтайды;

График асимптоталарының бар болуын жәнне оны табу алгоритмін біледі;

Бөлшек-сызықты функцияны құрады;

Оның анықталу облысын көрсетеді;

Оның графигінің асимптотасын табады;

Бөлшек-сызықты функцияның қасиеттерін біледі.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология

Квадраттық функция; парабола; парабола төбесі, парабола тармақтары; симметрия осі; функцияның нөлдері; гипербола; асимптота; параллель көшіру; графикті симметриялы бейнелеу; х осімен сығу; х осімен созу; оңға жылжыту, солға жылжыту.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

парабола тармақтары ... бағытталған; график Ох осінен ... (жоғары, төмен) орналасқан; квадраттық функцияның графигі Оу осін ... (жоғары, төмен) қиып өтеді, себебі ... 0-ден (<, >); берілген функцияның графигін ... функциясының графигін екі параллель көшіру көмегімен алуға болады: х осі бойымен ... бірлікке ... (оңға, солға) жылжыту және у осі бойымен ... бірлікке ... (жоғары, төмен) жылжыту; у = kf(х) функциясының графигіk>1 болғанда y=f(x) функциясының графигін х осінен k есе созу арқылы алынады; у = kf(х) функциясының графигі 0<k<1 болғанда y=f(x) функциясының графигін х осіне есе сығу арқылы алынады.

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

Пәнаралық байланыстар

Тарих

 АКТ қолдану дағдылары

Desmos.com графикалық калькуляторды пайдалану.

Бастапқы білім

«Функция», «аргумент», «функция графигі», «функцияның анықталу облысы», «функцияның мәндер жиыны» ұғымдарын білу; квадрат теңдеулерді шеше білу; функциялар графиктерін салу дағдылары, соның ішінде у = ах2 функциясының.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

  • Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Үй жұмысын тексеру.

3. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.

1-5 слайд

Сабақтың ортасы

ЖЖ

5 минут

ӨЖ

10мин

ӨЖ

10мин

ӨЖ

7 мин

Саралап оқытудың күрделендіру қағйдасын қолданылды.

  • Білу және түсіну

Жұптық жұмыс:№1 тапсырма

Оқушыларға үлестірме қағазда тапсырмалар беріледі олар жұппен тапсырманы десмос бағдарламасымен графигін сызып қорытынды жасайды.

Тарих байланыс асимтоталарымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына байланысты.

Дискриптор

Горизонталь асимптота

Вертикаль асимптота

Ширектерін анықтайды

Сызбаны сызады

Анықталу олысын табады

Мәндер жыиынын табады

Кері пропорционалдықтың графигінің түрін және оны салу алгоритмін оқушылардың естеріне түсіріңіз. Оқушылармен бірге тақтада, у = функциясының k > 0 және k < 0 үшін қасиеттерін сипаттауды ұсынамын.

Асимптота ұғымын оқушылардың есіне түсіремін.

Оқушыларды бөлшекті-сызықтық функция анықтамасымен таныстырамын.

Жеке жұмыс:№2 тапсырма

Оқушыларға үлестірме қағазда тапсырмалар беріледі олар тапсырманы десмос бағдарламасымен графигін сызып қорытынды жасайды

Дискриптор

Горизонталь асимптота

Вертикаль асимптота

Ширектерін анықтайды

Сызбаны сызады

Анықталу олысын табады

Мәндер жыиынын табады

түріндегі функция, оны түріне келтіру алгоритмін көрсетемін. Бөлшек-сызықты функцияның бүтін бөлігін бөліп алу мысалын көрсетемін.

1 мысал:

2мысал оқушылар өздері қарастырады:

Оқушыларға функция графигін түрлендіру ережелерін қолданып функциясының графигінен функциясының графигін алуды ұсынамын. Бұл графиктің асимптоталарының теңдеулеріне назар аудартамын: у=n – горизонталь асимптота, x=m – вертикаль асимптота.

Бөлшек-сызықты функцияның графигі y= функциясының графигін координаталар осі бойымен параллель көшіру арқылы алынады, бөлшек-сызықты функция гиперболасының тармақтары (−;) нүктесіне қатысты симметриялы болады. 

Жеке жұмыс:№3 тапсырма

Оқушыларға үлестірме қағазда тапсырмалар беріледі олар тапсырманы десмос бағдарламасымен графигін сызып қорытынды жасайды

Дискриптор

Горизонталь асимптота

Вертикаль асимптота

Ширектерін анықтайды

Сызбаны сызады

Анықталу олысын табады

Мәндер жыиынын табады

түріндегі функция – бұл бөлшек-сызықты функция, мұндағы x  айнымалы, abcd – белгілі бір сандар және c≠0, adbc≠0. Бұл функциялардың оң жақ бөліктері алымы – бірінші ретті екімүше немесе нөлден өзге сан, ал бөлімі – бірінші ретті екімүше болатын рационал бөлшек болады.

Бөлшек-сызықты функциясының графигі гипербола болады.

Жеке жұмыс:№4 тапсырма

Оқушыларға үлестірме қағазда тапсырмалар беріледі олар тапсырманы десмос бағдарламасымен графигін сызып қорытынды жасайды

Дискриптор

Горизонталь асимптота

Вертикаль асимптота

Ширектерін анықтайды

Сызбаны сызады

Анықталу олысын табады

Мәндер жыиынын табады

5 – 14 слайд

5 – 14 слайд

Сабақтың соңы

3 минут

1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру.

2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды.

3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

4. Үйге тапсырма:

Ә.Н.Шыныбеков. Алгебра, 8. Алматы, 2012

21 -22 слайд

Үлестірме

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу