Мәтіндік есептер шығару. Алгебра, 8 сынып, презентация. 5 сабақ.


Қосымша 1.

 1.Пароход А айлағынан ағыспен 60 км жүзіп, қайтадан ағысқа қарсы 20 км кері жүзді. Ағыс жылдамдығы 1 км/сағ. Барлық жолға 7 сағат уақыт жұмсады. Пароходтың меншікті жылдамдығын табыңыз.

2.Катер өзен ағысымен 15 км және 4 км тынық суда жүзді. Барлық жолға 1 сағат уақыт кетті. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ болса, онда катердің өзен ағысымен жүзгендегі жылдамдығын табыңыз.

3. Ұзындығы 60 м шеңбер бойымен бір бағытта және бірқалыпты екі нүкте қозғалады. Олардың біреуі екіншіне қарағанда 5 с толық айналымды тез жасайды. Сонымен қатар нүктелердің кездесуі әр кезде 1 минуттан кейін болып отырады. Нүктелердің жылдамдықтарын табыңыз.

 4. Хауызда үш труба бар. Екі труба берлесіп хауызды толтырған уақытта үшінші труба жалғыз өзі толтырады. Екінші труба өзі бірінші трубадан 5 сағат тез, ал үшінші трубадан 4 сағат кем уақытта толтырады. Әр труба жеке жұмыс жасаса, әрқайсысы қандай уақытта хауызды толтырады?

Қосымша 2.

 

 1. Хауызға екі труба жүргізілген. Бірінші труба екінші трубаға қарағанда жеке өзі хауызды 12 сағат ерте толтырады. Бірінші труба 10 сағат жұмыс істегеннен кейін оны жауып, ары қарай екінші труба хауыздың қалғанын 16 сағатта толтырды. Бос хауызды әр труба жеке өзі неше сағатта толтырады?

 2. Екі әріп терушілердің біреуі екіншісіне қарағанда бір бетті 3 минут кем теріп отырады. Егер 1,5 сағатта бір әріп теруші екіншісіне қарағанда 5 бетті артық теретін болса, онда 1 сағатта әрқайсысы қанша беттен әріп теретінін табыңдар?

Қосымша 3.

60 тонна жүкті тасымалдау үшін бірнеше машинаға тапсырыс берілген еді. Әрбір машинаға 0,5тонна жүк кем тиелгендіктен қосымша тағы да 4 машина қажет болды. Алғашқыда неше машинаға тапсырыс берілген еді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу