Мәтіндік есептер шығару. Алгебра, 8 сынып, презентация. 2 сабақ.


Мәтіндік есептер шығару

Оқу мақсаты:

8.4.2.1 квадрат теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығару;

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:

квадрат теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығарады.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

есеп шартын сауатты жаза алса;

есеп шартын пайдаланып квадрат теңдеуді дұрыс құрса;

квадрат теңдеуді дұрыс шешімін тапса;

есеп жауабын дұрыс жазса

оқу мақсатына жетеді.

Квадрат теңдеу көмегімен мәтіндік есептерді шығару алгоритмі :

1.Белгісізді әріппен белгілеңіз және есеп шарты бойынша теңдеу құрыңыз;

2. Құрылған теңдеуді шешіңіз;

3.Есеп шартына сәйкес жауапты жазыңыз.

Мысал 1

Біреуі екіншісінен 5 ке артық екі натурал санның көбейтіндісі 104 ке тең. Осы сандарды табыңыз..

Айталық хкіші сан, онда

(х + 5) – үлкен сан.

Шарт бойынша сандардың көбейтіндісі 104.

сондықтан келесі теңдеуді аламыз:

х∙(х + 5) = 104 или х2 + 5х - 104 = 0

Осы квадрат теңдеуді шешеміз:

Есептің екінші түбірі мағынасына сәйкес келмейді, себебі натурал сандар берілген. Сонымен, кіші сан 8 , онда үлкен сан 8 + 5 = 13.

Жауабы: 8 және 13.

Мысал 2

Тік бұрышты үшбұрыштың бір катеті екіншіснен 7 см артық, ал гипотенузасы кіші катеттен 8 см артық. Үшбұрыш қабырғаларын табыңыз.

Айталық х (см) – кіші катеттің ұзындығы, онда

(х + 7) см – үлкен катеттің ұзындығы,

(х + 8) см - гипотенузаның ұзындығы.

Пифагор теоремасы бойынша:

1).(х + 8)2 = х2 + (х + 7)2 теңдеуін аламыз

х2 + 16х + 64 = х2 + х2 +14х + 49, немесе

х2 + 2х + 15 = 0.

Осы квадрат теңдеуді шешіп, түбірлерін табамыз :

х1 = - 3; х2 = 5.

Есеп шарты бойынша х саны оң сан болуы керек. Сондықтан теріс сан қабылданбайды, х = 5 – кіші

катеттің ұзындығы.

2).5 + 7 = 12 см – үлкен катеттің ұзындығы;

3).5 + 8 = 13 см гипотенузаның ұзындығы.

Жауабы: 5 см, 12 см, 13 см.

Үй жұмысына арналған тапсырма:

1.Есепті шешіңіз. Тік төртбұрыштың қабырғаларын табыңыз, егер оның диагоналі 34 см, ал қабырғаларының біреуі екіншісінен 14 см кіші болса.

2. Квадраттарының қосындысы 770 болатын тізбектес үш санды табыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу