Квадрат теңдеулерді шешу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.


Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар

Сабақ тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешу

Оқу мақсаты: 8.2.2.3 квадрат теңдеулерді шешу;

Сабақ мақсаттары:

 Оқушылар:

Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын біледі

Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеудің дискриминанттың формуласын біледі

 Дискриминант бойынша квадрат теңдеудің түбілер санын анықтайды;

 Квадрат теңдеу шешу алгоритмін біледі;

 Екінші коэффициенті жұп сан болатын квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын қолданады

 Сабақ құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою
  • «Әткеншек» дидактикалық ойынын
  • Сергіту сәті:
  • Формативті бағалау
  • Үй жұмысы.
  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия

Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар

«Квадрат теңдеулер» тақырыбын қорытындылау үшін «Әткеншек» дидактикалық ойынын өткізіңіз.

Оқушыларды үш топқа бөліңіз. Әр топқа жоғарғы жағында тапсырмалар жазылған A3 парағын беріңіз. Оқушылар тапсырмаларды орындау үшін белгіленген ережелер бойынша топтарда жұмыс істейді. Әр топқа олардың шешімдерін оңай тануы үшін басқа топқа арналған қаламның түсінен ерекшеленетін белгілі бір түсті қалам беріледі. Жұмысқа бөлінген уақыттан кейін (20 минут) оқушылар келесі тапсырмаларды (A3 парақта жазылған) орындайды. Алдыңғы топтың шешімдерімен танысып, келісімдерді / келіспеушіліктерді талқылап, білдіреді.

«Әткеншек» оқушылар барлық топтардың шешімдерімен таныс болғанға дейін жалғасады. Бұдан кейін оқушылар шешімдерін дәптерлеріне жазады.

Дескриптор: Білім алушы

  • қажет болған жағдайда толық квадрат теңдеуге түрлендірулер орындайды;
  • дискриминантты есептейді;
  • квадрат теңдеудің түбірлерінің санын анықтайды;
  • теңсіздікті (теңдеуді) шешіп, а-ның барлық мәндерін анықтайды.

Формативті бағалауға арналған тапсырмаларды орындау үшін A4 парақтарындағы үш тапсырмалардың біреуін шешуге қабілеті жоғары үш жұп оқушыларын жасаңыз.

Басқа оқушылар өз бетінше тапсырмаларды орындайды, егер сұрақтар болса, олар мұғалімнен немесе сыныптастарынан көмек сұрайды.

7 минуттан кейін мұғалім үш жұптың әрқайсысының шешімін тексереді, шешімдерін сканерлейді. Бұдан басқа, алты оқушы дәптерлерінде басқа екі тапсырманы орындайды. Шешімдерді тексеру интерактивті тақтадағы дайын шешім бойынша жүзеге асырылады

Формативті бағалау:

Теңдеуді шеш:

а)

b)

с) .

Дескриптор: Білім алушы

  • қажет болған жағдайда толық квадрат теңдеуге түрлендірулер орындайды;
  • квадрат теңдеудің дискриминантын табады;

толық квадрат теңдеудің түбірлерін табады

 Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.

Алгебра.8 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. – М.:Просвещение, 2013.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу