Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер арқылы шешу. Алгебра, 7 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Топтық жұмыс
I топ:
Арақашықтығы 350км болатын А және В пунктерінен бір уақытта бір –біріне қарама-қарсы екі жеңіл көлік шығып, 2 сағ 20 мин өткен соң кездесті. Жеңіл көліктердің жылдамдықтарын анықтаңдар, егер біреуінің жылдамдығы екіншісінің жылдамдығынан 30км/сағ артық болғаны белгілі болса?
Шешуі: 2сағ 20мин=
v (км/сағ) | t (сағ) | S=vt (км) | ||
1-жеңіл машина | х+30 | 350 | ||
2-жеңіл машина | х | х |
V1=60км/сағ ; V2=90км/сағ ;
Жауабы: 60км/сағ ; 90км/сағ
II топ
Елді мекеннен шыққан жолаушылар автобуспен станцияға келіп, пойызға үлгерулері керек еді. Егер автобус 60км/сағ жылдамдықпен жүрсе, жолаушылар пойыздың жүру уақытынан 20 мин ерте келеді. Ал егер автобус 50км/сағ жылдамдықпен жүрсе, пойыздың жүру уақытынан 12 мин кеш келеді. Елді мекен станциядан неше километр қашықтықта орналасқан?
Шешуі:
| v (км/сағ) | t (сағ) | S=vt (км) | |
1-жағдай | 60 |
|
|
тең |
2-жағдай | 50 |
|
|
|
Есептің шарты бойынша қашықтықты табу керек. Сонда:
Жауабы: 160 км.
III топ:
Елді мекен станциядан 4 км қашықтықта станция мен саяжай аралығында орналасқан. Елді мекеннен саяжайға қарай 75м/мин жылдамдықпен жаяу адам шықты. Жаяу адам 0,5 сағ жүрген соң, станциядан 200м/мин жылдамдықпен велосипедші шықты. Велосипедші неше минут жүрген соң, жаяу адамды қуып жетеді?
Шешуі:
v (м/мин) | t (мин) | S=vt (м) | ||
Жаяу адам | 75 | х+30 | 75(х+30) | 4000м <
|
Велосипедші | 200 | х | 200х |
200x-75x-2250=4000
125x=6250
х=50
Жауабы: 50 минут
Қосымша 2
Жұптық жұмыс
1 жұп
Катер А пунктінен В пунктіне ағысқа қарсы жүзіп, 1 сағ 48 минутта барды. Катер қайтарда ағыспен жүзгендіктен, одан 18 мин кем уақытта В пунктінен А пункітіне келді. Ағыс жылдамдығы 2,4 км/сағ болса, катердің меншікті жылдамдығын табыңыз.
Шешуі:
v (км/сағ) | t (сағ) | S=vt (км) | ||
Ағысқа қарсы |
тең | |||
Ағыспен бірге |
Жауабы: 26,4 км/сағ.
2 жұп
Моторлы қайық өзен ағысының бойымен 45 км жəне ағысқа қарсы 22 км қашықтықты жүзіп өту үшін барлығы 5 сағат уақыт жұмсайды. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ болса, моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
Шешімі:
– қайықтың меншікті жылдамдығы
Қосымша 3
Өздік жұмысы:
Моторлы қайық өзен ағысына қарсы 144 км жүзіп барып, бөгелместен кері қайтты. Ағыстың бойымен жүзген жолына ағысқа қарсы жүзген жолынан 3 сағат кем уақыт жұмсады. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ болса, моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.
Шешімі:
– қайықтың меншікті жылдамдығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?