«Айт құтты болсын! Айт күндері» Бейімбет Майлин. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім:Демалыс мәдениеті. Мерекелер. Күні: Сынып: | Мектеп: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы. Мұғалімнің аты-жөні: Аханова Айдана Кынаровна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | «Айт құтты болсын! Айт күндері» Бейімбет Майлин | |||||||||||||||||
Оқу мақсаты | 3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу | |||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді. Көптеген оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтіннен қажет ақпараттарды табады және мәтін мазмұнына қатысты ой қорытып айтады; сұрақтар құрастырады және жауап береді. Кейбір оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мәтіндегі көркем сөздерді қолданып өз ойын айтады. | |||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||
Тірек сөздер | Айт, Айт мерекесі, Айт күні, Айт дастарханы, ерсілі- қарсылы, жүздерінде қуаныштың белгісі бар, бұрқылдап, жерошақ. | |||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық жұмыс жасату арқылы оқушылар ортасында ынтымақтастықты қалыптастыру, жеке тұлға бойында «Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті» сіңіру. | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өз ойын білдіруде, сөйлемдегі сөздердің байланысын, мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | |||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сын тұрғысынан бағалап оқуды, оқиғаның сюжетін дұрыс жүйелеуді, шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазуды біледі. | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-3 минут | Ширату тапсырмасы «Менің көңіл- күйім» жаттығуы
Жарқыраған таңдаймыз? Шуақ шашқан күндейміз. Ренжісуді білмейміз.
| Интербелсенді тақта Слайд №1-3 Қосымша №1 | ||||||||||||||||
«Сабақтың ортасы 4-7 минут 8-15 минут 16-19 минут 20- 23 минут 24-39 минут 30-33 минут 34-37 минут |
(ТЖ) «1 минуттағы ой» стратегиясы Оқушылар «Айт мерекесі» дегенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жазып, ортақ тізім жасайды. Сосын сол сөзді не үшін жазды топта бір- біріне түсіндіреді. Мысалы: «Айт мерекесі- айттау» , 7 шелпек, тазалық, т.б. Айт- арабшадан тілімізге аударғанда «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Айт жылына 2 рет болады. Біріншісі- Рамазан айты, екіншісі- құрбан айт. Айтта адамдар ниеттерін түзетіп, жаманшылықтан арылып, жақсылыққа бет бұруға тырысады. Саралау: оқушылар тарапынан кез- келген жауаптар қабылданады. Қабілеті жоғары оқушылар өздері жазған сөздерге дәлел келтіріп, түсіндіреді.
«Айт күндері» (Бейімбет Майлин) мәтінімен «Стоп кадр» тәсілі арқылы таныстыру.
Сұрақтар:
Саралау: қабілетті оқушылар мәтінді дауыстап қатесіз оқиды және мағынасын ашып, өз ойларын еркін айтып түсіндіреді. Қабілеті төмен оқушылар ұзақ оқитындықтан, оларға оқуға қосымша уақыт берілуі қажет. (ҚБ) дескрипторы:
Бағалау: оқушылар өз- өздерін «Қол белгісі» арқылы бағалайды.
Өлең авторы туралы мәліметті түсініп оқиды. Сызбаны толтырады.
Қай жерде Кім? Шығармалары дүниеге келген? Сергіту сәті. «Заряд алу» Шаттық шеңберге барлығы тұрып, көздерін жұмады. Бастапқы бастаушы қолды 1 рет қысады, екінші айналымда 2 рет қысады, соңында 3 рет қысады, бұл бастапқы бастаушыға барғанда қанша заряд жібергені бойынша қайта келу керек. (Гүлнұр Оразымбетованың орындауында «Мереке» әнін қою.) 4- тапсырма (ЖЖ) «Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі Мәтіндер бойынша Айт мерекесіне қатысты 3 сұрақ дайында және оларға жауап бер. Саралау: Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескеріліп, өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі. (ҚБ) дескриптор:
Бағалау: оқушылар бірін- бірі «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалайды. (ӨЖ) Айт мерекесі туралы берілген мәліметтерді автор өз мәтінінде сипаттаған тұсты тауып, көшіріп жаз.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма оқушылардың барлығына ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар өз ойларын жеткізуде көркемдегіш құралдарды қолданады. (ҚБ) Дескриптор:
Бір- бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау. Айт мерекесі туралы бейнематериал көрсету. https://www.youtube.com/watch?v=raF5f6dMZ9o «Атомдар мен молекулалар» ойыны. «Атомдар» деп дауыстағанда бір- бірімен араласып, қозғалып жүреді. «Молекулалар» деп айтып, 2,3 сандарын айтқанда оқушылар екіден- үштен тұра қалады. Мұғалімнің сұрақтарына жауапты бірі- біріне айтады. Кезектесе отырып, бір топтасқанда мұғалім сұрақ қойса, екінші топтасқанда оқушы сұрақ қояды.
Саралау: тапсырма барлығына бірдей ұсынылады. Бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілетті оқушылар өз пікірлерін нақты дәлелдермен жүйелі жеткізеді. (ҚБ) Дескриптор:
Бағалау: өзін- өзі «Баспалдақ» әдісі бойынша бағалайды. 5-тапсырма Айт күні айтылатын 5 тілек жаз. | Слайд №5 А-3 форматтағы ақ қағаз, маркерлер. Оқулық, 125- бет. Сергіту сәтіне өлең. Гиперсілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=YdG2feagBfA Қосымша №2, слайд №6 Айт мерекесі туралы бейнематериал https://www.youtube.com/watch?v=raF5f6dMZ9o | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 38-40 минут | «Рефлексиялық нысана» Тақтаға секторларға бөлінген нысана салынады..Әр секторларда рефлексия кезеңіндегі «Бүгінгі сабаққа қатысуым», «Сабақ қызықты болды», «Сабақты түсіндім», «Жаңа нәрсені білдім» жазылады. Осы жазылған сөздердің секторының параметрлеріне стикер жабыстырады. | Слайд №9 Рефлексиялық нысана, жіңішке белгілеуіш стикерлер. | ||||||||||||||||
Саралау Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет. | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||
«Тапсырма бойынша саралау» 2-3-тапсырмасында жүргізіледі. Тапсырманы орындау кезінде қабілеті оқушы өз ойын көркем- бейнелі сөздерді қолдану арқылы жеткізеді. Оларға мадақтау, ынталандыру мақсатында қолдау көрсетілсе, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың түсінгендеріне көз жеткізу керек. «Нәтиже арқылы саралау» негізінде 1,4, 5 тапсырмасы орындалады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі. | «Баспалдақ» әдісі арқылы бағалау. Дескриптор
| Сегіту сәті: «Заряд алу» жаттығуын жасайды. | ||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?