Өзеннің пайдасы. «Өзен» Ы. Алтынсарин. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Бөлім: Су- тіршілік көзі
Сабақтың тақырыбы: Өзеннің пайдасы. «Өзен» Ы. Алтынсарин.
Оқу мақсаттары:
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.
Сабақ мақсаттары:
- Мәтін бойынша бағалауға негізделген сұрақтар құрастырады және оған жауап береді;
- Мәтінге сәйкес келетін ақпаратты табады;
- Өлең жолдарын қара сөз түрінде жазады;
Бағалау критерийлері:
- Өлеңді түсініп оқиды;
- Сұрақтар құрастырады және оған жауап бере алады;
- Мәтінге сәйкес келетін ақпаратты табады;
- Өз ойын көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді.
Қажетті ресурстар: Қосымша 1, 2; презентация; оқулық, 81-83 беттер.
Мұғалімге арналған ұсыныстар.
І. Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
https://www.youtube.com/watch?v=ITxpHHPlAvQ бейнероликті көрсету.
- Бұл бейнероликтен қандай әсер алдыңдар?
- Не білдіңдер?
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстыралыды. Бағалау критерийі оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім таныстырады.
ІІ. Сабақтың ортасы
1-тапсырма оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға бағытталған.
Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқы.
(Ж) Оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Түсініксіз сөздердің мағынасын сөздіктен қарайды: дерт (ауру), рақат (ләззат), қынарда (жағасында), жанабында (маңайында), дәптерлеріне жазады.
Саралау. Қабілеті жоғары 1-2 оқушыға дауыстап оқытуға болады.
Топтастыру «Су бұрқасыны» әдісі арқылы жүзеге асады.
Оқушыларға суқоймаларының түрлері бойынша: теңіздер, көлдер, мұхиттар, өзендер, Қазақстанның өзендері деп топқа біріктіру. Мұғалім ортаға шығып бала санына сәйкес келетін атаулар жазылған карточкаларды ортаға шашады. Оқушылар біреуін алып, суқоймасы түріне қарай топтасады. Ескерту: мұхиттар тобында 2 оқушыда 1 атау болады.
Теңіздер:, Жерорта, Қара, Қызыл, Кариб, Азов.
Көлдер: Балқаш, Ала, Байкал, Каспий, Ыстық.
Мұхиттар: Атлант, Тынық, Үнді, Солтүстік Мұзды, Атлант.
Өзендер: Жайық, Амазонка, Ніл, Хуанхэ, Конго.
Қазақстанның өзендері: Есіл, Ертіс, Іле, Орал, Нұра, Сырдария, Амудария
2- тапсырма
(ЖЖ, Т) «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі бойынша оқушылар жұпта ақылдасып сұрақтар құрастырады, топта ортаға салып талдап, топ ішінде 6 сұрақты (3 жуан, 3 жіңішке) таңдап алады. Тапсырма оқушылардың сұрақ қою және жауап беру дағдыларын дамытуға бағытталған. Таңдаған сұрақтарды көрші топқа ұсынады, өздері басқа топтың сұрақтарына жауап береді.
Үлгі:
Жуан сұрақтар (толық, жан-жақты, тиянақты жауапты талап ететін сұрақтар) Көркем бейнелі сөздерді қолданып жауап бер. | Жіңішке сұрақтар (қысқа, нақты жауапты талап ететін сұрақтар) |
Неліктен өзен сарқырап ағады? | Өзен неден сарқырап ағады? |
Өзен суы денедегі дертті қалай кетіреді? | Денедегі дертті не қашырады? |
Неліктен өзеннің балығы дәмді? | Жан-жануарлар өзеннен не табады? |
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау:
- Сұрақтар құрастырды;
- Көркем бейнелі сөздерді қолданып жауап береді;
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұрақтар құрастыруда кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) Өз ойын жеткізе білген балаларды «Қошеметтер бұрқасыны» арқылы бағалау.
3-тапсырма (Т)
Семантикалық картаны толтырады. (+)
Көркем сөздер | шөп | өзен | жануарлар | балықтар |
Сарқыраған | + | |||
Алуан-алуан | + | |||
Айнадай | + | |||
Жарқыраған | + | |||
Тасыған | + | |||
Көк шалғын | + | |||
Оттай жанған | + | |||
Аққан | + |
(Б) «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.
4-тапсырма
(Ж) Дәптерге кестедегі көркем сөздерді пайдаланып өлеңді қысқаша мәтін түрінде жаз.
(Б) Мұғалім кері байланыс беру арқылы бағалайды.
ІІІ. Сабақтың соңы.
Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорытындылаймыз.
«Мәре»
1 орын: маған сабақта бәрі түсінікті болды.
2 орын: кейбір кезде мен түсінбей қалдым.
3 орын: маған бәрі түсініксіз болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды