Пулеметші батыр қыз. Сәду Машақов «Мәншүк». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Атақты тұлғалар

Сабақ тақырыбы:

Пулеметші батыр қыз. Сәду Машақов «Мәншүк»

Оқу мақсаттары:

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу;

3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу;

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Көптеген оқушылар: өлеңді шолып оқиды, кейіпкерді көркем сөздерді қолданып сипаттайды: өлеңдегі көркемдеуіш құралдарды табады;

Кейбір оқушылар: өлеңдегі көркемдеуіш құралдарды анықтайды, сөйлеу барысында қолданады.

Бағалау критерийлері

өлеңде сипатталған оқиғаны анықтайды;

берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;

кейіпкерді көркем сөздерді қолданып сипаттайды;

көркем сөздерді анықтайды;

көркем сөздерді орынды қолданады.

Қажетті ресурстар: оқулық, түсіндірме сөздік, маркер, плакат.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды батыр қыздар есімін құрау арқылы 3 топқа біріктіреміз.

І, ІҮ топ – Мәншүк Мәметова

ІІ, Ү топ – Әлия Молдағұлова

ІІІ, ҮІ топ – Хиуаз Доспанова

Батыр қыздар туралы әңгімелейді. (алдын ала тапсырма беріледі)

Қосымша ақпаратпен толықтырады.

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944).

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.

Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин, Гурьев облысы— 21 мамыр 2008, Алматы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Сабақтың ортасы

1-тапсырма

(МК, Ө) «Ой қозғау» әдісіне сүйеніп Ұлы Отан соғысына қатысты ерлік туралы немесе соғыс деген сөздерге өз ойларын білдіреді. Мұғалім Міншүк туралы деректі фильм көрсетсе болады. ҮЛГІ: Қазақтың батыр қызы - Мәншүк Мәметова - YouTubhttps://www.youtube.com/watch?v=xa90VSbQtmE

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.

«ООО»- тамаша

«МММ» - жақсы

«Сұқ саусақ» -келісемін

«Екі саусақты» -сұрағым бар

2-тапсырма

(МК, ЖЖ) «Тұлғаны таны» әдісіне сүйеніп түрлі дереккөздерге сүйеніп Сәду Машақов пен Мәншүк Мәметова туралы әңгімелейді. (алдын ала берілген тапсырма)

Қосымша ақпарат: Сәду Машақов (1906-1995) - Семей облысының Жаңасемей ауданындағы Воскресеновка селосында туған.

Аға редактор, Қазақстан Жазушылар одағының өкілі, Ұлы Отан соғысы жылдарында армияда үгітші-лектор, аға нұсқаушысы болып қызмет атқарған.

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944).

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға жұпта ұсынылады орындалады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, дереккөздерге сүйеніп әңгімелейді. ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді . Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) «Бағдаршам» арқылы бағалау

3 - тапсырма

(Ұ, Т, МК) «Детектив» әдісі. өлеңге сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды және өлеңді мәнерлеп оқуға жаттығады. Мұғалім өзі мәнерлеп оқып береді, сұрақтарға жауап беру жұмыстарын жүргізуге болады.

1. Сәду Машақовтың «Мәншүк» өлеңін түсініп оқиды.

2. Оқып болған соң таладау жасалады, кейіпкерді көркем сөзді қолданып сипаттайды.

3. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

Қаһар- ашу, ыза.

Қатуланған – ашуланған, кектенген.

Жасымаған – көңілі босамаған, әлсіздік көрсетпеген.

Қауіп – қорқыныш, қатер.

«Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

өлеңде сипатталған оқиғаны анықтайды;

берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;

кейіпкерді көркем сөздерді қолданып сипаттайды;

көркем сөздерді анықтайды;

көркем сөздерді орынды қолданады.

4 - тапсырма

(ОТ, ЖЖ)

«Кластер» әдісімен кестеге сүйеніп Мәншүкке сипаттама береді.

Кейіпкер

Сипаттама

Мәншүк

Өлім қаупінен жасымаған.

Батыл

Ержүрек

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша жауаптарын «Өте жақсы» «Жақсы» сөздерімен мадақталады.

5 - тапсырма

(МК, Ұ) «Толықтыр, өзгерт, дамыт, күрделендір» әдісімен берілген сөздермен сөйлем құрайды, дәптерге жазады.Берілген сөздер: Мәншүк, Мәметова, Ұлы, Соғысына, Отан, пулеметші, қатысқан, қыз. (Мұғалім бірнеше сөздер қосуына да болады)

1. Оқушыларға «Сөздерді оқы, түсініп ал» деген тапсырма беріледі.

2. Осы берілген сөздерден сөйлем құрастыру тапсырылады.

3.Оқушылардың пікірін тыңдай отырып, оқушылар құрастырған сөйлемін толықтырады және оқиды.

Бірнеше жауап тыңдалады.

Түп нұсқа: Мәншүк Мәметова – пулеметші, батыр қыз. Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Мүмкін нұсқа: Мәншүк Мәметова Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол – пулеметші, батыр қыз.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі

(Б) «Смайликпен» бағалау әдісі. Оқушылар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған оқушы үстеліне жапсырады

Сабақтың соңы

Рефлексия «Жақсылық тамшысы»

Әр оқушы тамшыға берілген тапсырмаларды қалай орнындағанын, жіберген қателіктерін, ұнаған, ұнамаған тапсырмалар туралы ойларын жазады. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге жария етеді.

[attachment=26148:nsauly-mnshk.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу