👈 қаріп өлшемі 👉

Пулеметші батыр қыз. Сәду Машақов «Мәншүк». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп- лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Пулеметші батыр қыз. Сәду Машақов «Мәншүк»

Оқу мақсаттары

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу;

3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу;

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

Көптеген оқушылар: өлеңді шолып оқиды, кейіпкерді көркем сөздерді қолданып сипаттайды: өлеңдегі көркемдеуіш құралдарды табады;

Кейбір оқушылар: өлеңдегі көркемдеуіш құралдарды анықтайды, сөйлеу барысында қолданады.

Бағалау критерийлері

  • өлеңде сипатталған оқиғаны анықтайды;
  • берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;
  • кейіпкерді көркем сөздерді қолданып сипаттайды;
  • көркем сөздерді анықтайды;
  • көркем сөздерді орынды қолданады.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Мәтінді түсініп оқиды. Көркем сөздерді орынды қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Бөлік, тақырып, негізгі ой, пулемет, зеңбіреткер, пилоткалы қыз, қаһар тігіп, өлім қаупі, жасымаған.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

«Максим» Мәншүктің пулеметі, өйткені ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ академиялық өмір бойы білім алуға ынталандырады, еңбек пен шығармашылық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған.

Пәнаралық байланыстар

Соғыс туралы баяндай алуы барысында дүниетану пәнімен, есту арқылы кейіпкерді туралы қатесіз жазау барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болды.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Қазақтың батыр қызы - Мәншүк Мәметова - YouTubhttps://www.youtube.com/watch?v=xa90VSbQtmE

Алдыңғы білімді игерулері

Оқушылар атақты тұлғалар туралы біледі. Кейіпкерге мінездеме береді. Кейіпкерді көркем сөздерді қолданып сипаттайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату тапсырмасы.

Оқушыларды батыр қыздар есімін құрау арқылы 3 топқа біріктіреміз.

І, ІҮ топ – Мәншүк Мәметова

ІІ, Ү топ – Әлия Молдағұлова

ІІІ, ҮІ топ – Хиуаз Доспанова

Батыр қыздар туралы әңгімелейді. (алдын ала тапсырма беріледі)

Қосымша ақпарат:

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы Бөкей Ордасы ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944).

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.

Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин, Гурьев облысы— 21 мамыр 2008, Алматы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру

Батырлар еСімдері жазылған парақшалар және суреттері, интербелсенді тақта

Қосымша 1,2

Слайд 1,2,3

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сабақтың ортасы

4-7 минут

8-14 минут

15-25 минут

26-30 минут

31-36 минут

  • 1-тапсырма

(МК, Ө) «Ой қозғау» әдісіне сүйеніп Ұлы Отан соғысына қатысты ерлік туралы немесе соғыс деген сөздерге өз ойларын білдіреді.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар жұптық жұмысты бағалайды.

«ООО»- тамаша

«МММ» - жақсы

«Сұқ саусақ» -келісемін

«Екі саусақты» -сұрағым бар

2-тапсырма

(МК, ЖЖ) «Тұлғаны таны» әдісіне сүйеніп түрлі дереккөздерге сүйеніп Сәду Машақов пен Мәншүк Мәметова туралы әңгімелейді. (алдын ала берілген тапсырма)

Қосымша ақпарат: Сәду Машақов (1906-1995) - Семей облысының Жаңасемей ауданындағы Воскресеновка селосында туған.

Аға редактор, Қазақстан Жазушылар одағының өкілі, Ұлы Отан соғысы жылдарында армияда үгітші-лектор, аға нұсқаушысы болып қызмет атқарған.

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922, Орал облысы  Бөкей Ордасы ауданы ,— 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944).

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма жұпта орындалады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, дереккөздерге сүйеніп әңгімелейді. .

(Б) «Бағдаршам» арқылы бағалау

3 - тапсырма

(Ұ, Т, МК) «Детектив» әдісі. өлеңге сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды және өлеңді мәнерлеп оқуға жаттығады.

1. Сәду Машақовтың «Мәншүк» өлеңін түсініп оқиды.

2. Оқып болған соң таладау жасалады, кейіпкерді көркем сөзді қолданып сипаттайды.

3. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

Қаһар- ашу, ыза.

Қатуланған – ашуланған, кектенген.

Жасымаған – көңілі босамаған, әлсіздік көрсетпеген.

Қауіп – қорқыныш, қатер.

«Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • өлеңде сипатталған оқиғаны анықтайды;
  • берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;
  • кейіпкерді көркем сөздерді қолданып сипаттайды;
  • көркем сөздерді анықтайды;
  • көркем сөздерді орынды қолданады.

4 - тапсырма

(ОТ, ЖЖ)

«Кластер» әдісімен кестеге сүйеніп Мәншүкке сипаттама береді.

Үлгі:

Кейіпкер

Сипаттама

Мәншүк

Өлім қаупінен жасымаған.

Батыл

Ержүрек

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша жауаптарын «Өте жақсы» «Жақсы» сөздерімен мадақталады.

5 - тапсырма

(МК, Ұ) «Толықтыр, өзгерт, дамыт, күрделендір» әдісімен берілген сөздермен сөйлем құрайды, дәптерге жазады.

1. Оқушыларға «Сөздерді оқы, түсініп ал» деген тапсырма беріледі.

2. Осы берілген сөздерден сөйлем құрастрыу тапсырылады.

3. Оқушылардың пікірін тыңдай отырып, оқушылар құрастырған сөйлемін толықтырады және оқиды.

Бірнеше жауап тыңдалады.

Түп нұсқа: Мәншүк Мәметова – пулеметші, батыр қыз. Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Мүмкін нұсқа: Мәншүк Мәметова Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол – пулеметші, батыр қыз.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі

(Б) «Смайликпен» бағалау әдісі. Оқушылар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған оқушы үстеліне жапсырады

интербелсенді тақта, парақшалар, маркер.

Слайд 4

Түрлі оқулықтар, интернет желісі

Интербелсенді тақта, плакат, маркер

Слайд 5

Оқулықтың 71-72-беттері, интербелсенді тақта, түсті қарындаш, түсіндірме сөздік.

Мәншүк суреті

Слайд 6

Слайд 7

Қосымша 3

Жұмыс дәптері, оқулық слайд 8,9

қосымша 4

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия «Жақсылық тамшысы»

Әр оқушы тамшыға берілген тапсырмаларды қалай орнындағанын, жіберген қателіктерін, ұнаған, ұнамаған тапсырмалар туралы ойларын жазады. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге жария етеді.

Тамшы суреттері,

слайд 10

қосымша 5

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2,3,4 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Баспалдақ», «Топтастыру», «Кірқыстырғыш» әдістер арқылы тапсырмалары орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Өзім үшін жазу» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде пікірлерді дәлелдеуде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «Шапалақ», «Отшашу», «Смайлик» , «Түрлі түсті жиектер»әдісі

Дескриптор:

  • өлеңде сипатталған оқиғаны анықтайды;
  • берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;
  • кейіпкерді көркем сөздерді қолданып сипаттайды;
  • көркем сөздерді анықтайды;
  • көркем сөздерді орынды қолданады.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы