Ауыл күзі. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласындағы Халықаралық мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Ещанова Б.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ауыл күзі

Оқу мақсаттары

3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

3.3.2.1* шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

Сабақ мақсаттары

  • шығарманы дауыстап, мәнерлеп оқиды;
  • шығарма мазмұнын бойынша сұрақатарға жауап береді;

- өлеңнін көркемдеуіш сөздерді табады;

-көркем сөздерді түріне қарай ажыратыды;

-төрт жолды шығарма мазмұнына сәйкес келетін өлең, сурет, мәтін құрастыра алады.

Бағалау критерийлері

- өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;

  • мәтіннен көркемдеуіш сөздерді анықтайды;
  • эпитет пен теңеуді ажыратады;
  • берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, төрт жолды өлең құрастырады

Тірек сөздер

Мәтін мазмұны бойынша оқушыларда сұрша, майға бөгіп мамырлап, теңеу сөздерінің мағынасы жайында сұрақтар туындау мүмкін.

Құндылықтарды дарыту

Бір-біріне жылы сөздер жазу арқылы сыйластыққа үйренеді. Табиғаттың сыйын құрметтеу, табиғат әсемдігін бағалау, еңбекке баулу.

Пәнаралық байланыстар

Мәтіндерді салыстыру барысында күздің белгілерін атағанда дүниетану пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Өлеңді түсініп оқиды, сұрақтарға жауап береді, өлеңнің жанрлық ерекшелігін біледі (шумақ, ұйқас)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин

Психолгиялық ахуал орнату. «Қошеметтер бұрқасыны». Әр оқушы кішкентай қағаздың бөлігіне 1 жылы сөз жазады. Жазып болған соң, барлығы ортаға шығып қағаздарды жоғарыға лақтырады, кез келген қағазды ұстап алып, ішінде жазылған жылы сөзді дауыстап оқиды.

Топтастыру. Жоғарыдағы тапсырма арқылы топтастыру жүргізуге болады. Тарататын қағаз бөліктері бала санына сай әртүсті болу керек: 5 қызыл, 5 көк, 5 сары, 5 жасыл с.с. Жылы сөздерді оқып болған соң, түстер бойынша 5 топқа топтасады.

А4 қағаздың бөліктері Слайд №1-3

Сабақтың ортасы

6-13 мин

14-20 мин

21-26 мин

27-32 мин

32-38 мин

Алдыңғы сабақта оқыған мәтінді еске түсіру.

-М.Дулатовтың қандай шығармасымен таныстық?

-Күз мезгілінің қандай басты белгілері бейнеленген? -Қандай мақал-мәтелдермен таныстық? Әр мақал –мәтелдің мағынасын сұрауға болады.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

1-тапсырма

(Ө,ЖЖ) Өлеңді тыңда. Мәнерлеп оқы.

Оқулықтағы Т.Жароковтың «Ауыл күзі» өлеңін үнтаспадан тыңдатыңыз немесе өзіңіз мәнерлеп оқып беріңіз. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады Сөздіктен түсініксіз сөздердің мағынасын қарайды, дәптерлеріне жазады. Эпитет сөздер: сұрша бұлт, күміс моншақ шық, сарғылт тартып жапырақ, қоңыр күз,

Теңеу сөзде: беті қызыл алмадай, кемедей, маржан бидай. Кейіптеу сөздер: жел үрсе қалтырап,маужырап, қол бұлғаған, сүзіп жүр . Оқушылар жеке түсініп оқиды, жұпта өлеңді мәнерлеп оқиды, бірін-бірі тыңдап, бағалайды.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, бағалайды.

Бағалау. Оқушылар жұпта бірін-бірі өзара «Шапалақ бұрқасыны» әдісі арқылы бағалайды.

2-тапсырма.

(Т) «Ыстық картоп» әдісі арқылы оқушылармен өткен тақырыптарды (терминдерді) қайталау көзделеді. Шеңбер жасап тұрған оқушылар бір-біріне кезек доп лақытарыды, доп лақтырған оқушы сұрақ қояды, қағып алған оқушы жауап береді, мысал келтіреді.

Сұрақтары әдеби жанрлар, олардың ерекшеліктері мен түрлеріне, көркемдегіш құралдар, т.б. байланысты болады:

  • Қара сөз деген не?
  • Өлең мен қара сөздің айырмашылығы неде?
  • Эпитет деген не деп ойлайсың?

Ұмытып қалған оқушылар болса қабырғаларда ілулі турған анықтамаларды оқып, естеріне түсіруге болады.

Қара сөз (проза)- көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден (поэзиядан) бір айырмасы- онда сөз ырғағы еркін, әдебиеттегі сөзді саптау қалпына сәйкес келеді, өлеңдегідей белгілі өлшемдер сақталмайды.

Өлең- шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен буыны белгілі белгілі тәртіпке бағынған мағыналы сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, эллегия, баллада, сонет, т.б.

Эпитет (грек. «қосымша») – заттың немесе құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын, бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, айқындаушы сөз. Мысалы қазақ поэзиясында «алтын» сөзі эпитет ретінде көп қоданылады. Оның мағынасы да сан алуан:

  • Түсті (алтын күз)
  • Әдемілікті- (алтын қасықтай) – бұл эпитет –теңеу.
  • Құтты мекенді- (алтын бесік-туған жер)
  • Атақ-дәрежені (алтын жаға)
  • Қазына-байлықты (алтын сандық)
  • Жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам).
  • Эпитет көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады.

Теңеу, эпитет- затты,нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап,бағалайды. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

3-тапсырма

(Ұ) Салыстырайық. Мұғалім тақтаға Венн диаграммасын сызады.

М. Дулатовтың «Күз» мәтіні мен Т.Жароковтың «Ауыл күзі» шығармаларын салыстырады, ортақ қасиеттерін анықтайды.

Саралау: тапсырма барлық оқушыға ұсынылады, сондықтан барлығы қатысып отыруын қадағалап отыру ұсынылады. Уақыт болған жағдайда топта орындатуға болады. Оқушылардың әр жауабына кері байланыс беріп отырыңыз.

4-тапсырма

(Ө,ЖЖ,Т) Кестені толтырайық. Әр топ А4 қағазында берілген кестені толтырады. Өлеңнің шумақтарын топтарға бөліп беріп, сол шумақтар бойынша кестені толтыртуға болады. Мысалы: 1 мен 4 топ: 1-2 шумақ; 2 мен 5 топ: 3-4 шумақ; 3 топ: 5-6 шумақ. Толтырып біткен соң, «Галлереяны шарлау арқылы» бірін-бірі тексеріп, дескриптор бойынша бағалайды.

Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркесі

эпитет

теңеу

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Келіспеушілік те туындауы мүмкін, бастысы оқушының әр пікірі құнды екенін есте сақтаңыздар.

(ҚБ) дескрипторлар:

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды;
  • Мәтіннен көркемдеуіш сөздерді анықтады;
  • Эпитет немесе теңеу екенін дұрыс белгіледі;

5-тапсырма

(Ө) Берілген сызбаға сай, күзге қатысты көркем бейнелі сөздерді қолданып, жеке дәптерлерінде өлең құрастырады. Сөздер мен сөз тіркестерін беріңіз. Бұл тапсырма оқушылардың жазылым және айтылым дағдыларын жетілдіреді. Тапсырма арқылы оқушы өз ойын көркем бейнелі сөздер арқылы жеткізуді үйренеді.

Үлгі:

......................... күркіреп,

......................... сіркіреп.

......................... албырап,

......................... дамылдап.

Дескрипторлар:

  • өлең тақырыбына сай;
  • өлең ұйқастары сақталаған;
  • көркем сөздерді қолданған;
  • өлеңді мәнерлеп оқып берді;

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап,бағалайды. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. Барлық баланы бағалау үшін мұғалім дәптерлердегі өлеңдерді оқып, кері байланыс беріпшығуға болады.

Слайд №4.

Үнтаспа немесе оқулықтың 81 бет.

Слайд №5.

Қосымша 1. https://kk.wikipedia.org/wiki

Анықтамалар жазылған парақтар, «Бағдаршам» түсіне сәйкес келетін қағаздар.

Слайд № 6. Маркер, бор

Слайд №7.

Слайд №8.

Қосымша 2. А4 қағазындағы кестелер. Бағалауға арналған стикерлер.

Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорытындылау. «Термометр» әдісі.

Цифрлік шкалада өздерінің эмоциялары мен материалдың қызықты болуы бағаланады. Презентацияға қарап өздерінің цифраларын атайды.

Слайд №9.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1,2,4 - тапсырмалар «Тапсырма бойынша саралау» жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

3- тапсырма «Уақыт бойынша саралау» жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қосымша уақыт беріледі, мұғалім қолдау көрсетеді

«Шапалақ бұрқасыны», «Бағдаршам» әдісі арқылы, мұғалімнің бағалауы, ҚБ арқылы жүзеге асады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу