Түрлі дереккөздерден ақпарат алу. 3 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы) Күні: Сынып: 1-сынып | Мектеп: Қарағанды қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: батаның нұсқасын бейне жазба нұсқасымен салыстырып, батаның жанрын анықтайды . Көптеген оқушылар: батаны жатқа біледі Кейбір оқушылар: батаның түрлерін атай алады. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз Пәнге тән лексика мен терминология: Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер | |||||
Құндылықтарды дарыту | Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, тапсырма орындау барысында жауапкершілікпен қарау. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі пәні | |||||
АКТ қолдану дағдылары | https://www.youtube.com/watch?v=k7wmRZDLeKY сайтынан батаны тыңдайды | |||||
Бастапқы білім | Батаның мазмұнын түсінеді, жанрын анықтайды | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 3 минут | Ширату. «Ырғақты әуен» ойыны. Әр топтың парталарының бір бұрышына алдын ала батаның сөздері жабыстырылады. Одан кейін әуен ойнатылып, сол әуеннің ырғағымен балалар партаны айналып жүреді. Әуен тоқтағанда балалар да тоқтайды. Қағаз жабыстырылған партаның қасына тоқтаған бала сөздерді оқып, оның не екенін анықтайды. Бұл ойын 2-3 рет қайталанады. Мыс:(Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің. Ықыласпен қол жайсаң, Ақ тілекті төгейін. Денсаулығың мықты болсын, Абыройың зор болсын. Қайда барсаң алдыңнан, Жарқыраған жол болсын.) Сабақ мақсаты: батаның нұсқасын бейне жазба нұсқасымен салыстырып, батаның жанрын анықтайды . | 4 слайд Бата сөздері жазылған қағаздар | ||||
Сабақтың ортасы 5минут 5 минут 8 мин 7 мин 7 мин | Тыңдайық. 1.Аудиоүнтаспадан бата тыңдайды. https://www.youtube.com/watch?v=k7wmRZDLeKY 2. «Ой қозғау» әдісі арқылы бата жанрын анықтау үшін төмендегідей сұрақтар қойылады. Аудиоүнтаспадан не естідік? (Бата) Оның бата екенін қайдан білдіңдер? Батада қанадай сөз жиі кездеседі? Сендер қандай бата білесіңдер? Оқушыларға осындай жетекші сұрақтарды қойылады. Ол сұрақтарға жауап бере отырып, бата жанрын сұрақтар қою, есту арқылы анықтайды. Қ.б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша жауаптарын «Өте жақсы» «Жақсы» сөздерімен мадақталады. Оқиық. (Ө),(ЖЖ). Несіпбек Айтұлының «Алтын сөз» өлеңі оқылады.
ҚБ: 2 жұлдыз, 1 тілек. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат. Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе. (МТ). Бата – жақсы тілек білдіру. Ол –ұлттық дәстүр. Батаны көбіне құрметті ақсақалдар, атақты адамдар береді. Тілек ретінде балалар да жаттап алады. Анықтайық. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Бұл тапсырма дереккөздерден ақпарат алуға негізделеді. Оқушылар мұғалімнің ұсынған журналдар мен кітапшаларын таңдайды.
ҚБ. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!»сөздерімен мадақтаймын. Құрастырайық. (Т). «Елші» әдісі. Батаны қандай бала алады? Бата алатындай үш оқиға ойластыр.
ҚБ: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім. | https://www.youtube.com/watch?v=k7wmRZDLeKY 1-қосымша 5 слайд Несіпбек Айтұлының «Алтын сөз» өлеңі. 2-қосымша 6 слайд 7 слайд | ||||
Сабақтың соңы
5 минут | Рефлексия: «Бес саусақ» Бас бармақ – бүгігі сабақ ұнады Балан үйрек – басқаларға көрсеткен көмегім Ортан терек – менің көңіл күйім Шылдыр шүмек – Не істедім? Неге жеттім? Кішкене бөбек – Менің тілегім | 8 слайд | ||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
1–тапсырма: Ресурс (дереккөз) арқылы саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда жоғары ойлау деңгейлі оқушылар анағұлым күрделі сөздерді пайдалана отырып, дереккөздермен жұмыс істей алады. 2-тапсырма «Диалог және қолдау көрсету» саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда сұрақ құрастыруда қиналатын оқушылар үшін қосымша жетелеуіш сұрақтар беріліп (оқыған немесе тыңдағандары бойынша), сөзбен қолдау көрсету маңызды болып табылады. 3-тапсырма Диалог және қолдау көрсету тәсілі Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында сұрақ қойып қолдау көрсетеіледі. 4-тапсырма «Тапсырма тәсілі» арқылы күрделілігіне қарай алға іргерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдалануға болады. | Дескриптор: өлеңді оқиды бата түрлерін анықтайды батаның нұсқасын аудожазба нұсқасымен салыстырады батаның жанрын анықтайды .
| АКТ пайдаланған кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтауды қадағалау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?